«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет125/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   208
 
 
 
 
қайқайып»,  «тәкаппарланып  шалқайып»  тұрған  әріптер  турасындағы  жыр  жолдары  сөзімізді 
айғақтай  түседі.  Бес  қаруын  сайланып,  ел  қорғауға  әрқашан  дайын  тұратын  жаужүрек 
баһадүрлердің қаруы мен жазуын сипаттау арқылы оның қаһармандығын жанама түрде жырға 
қосады.  
Қазақ халқында батырлар қаруы  қасиетті  саналып, қастер  тұтылған. Шайқастарға кірмес 
бұрын  оларға  мадақ  айтылып,  серттесіп  отырған.  Ата-баба  аруағынан  кейінгі  орында  қаруға 
сыйынатын батырларымыз да болған. әр қаруға «ақберен», «наркескен» деп жекелей атта қойған. 
Ерлердің  қару-жарақтары  сандықта  сақталып,  атадан  балаға  мұра  ретінде  қалған.  Сол  себептен 
болар,  ер  қаруы  ешқашан  қадірсіз  іске  жұмсалмаған.  Бұлай  істеуге  ертедегі  «қаруда  батырдың 
жаны болады» деген сенімнің де әсері болса керек. Темірхан ақынның «әріптері де қару-жарақтай» 
өлеңі батырлар жарағын қадір тұтқан қазақтың көне дәстүрін қайта жаңғыртқан жыр. 
 «Қылышымды 
Қылдай жұқарғанша сермедім. 
Найзамды  
Тебендей  жіңішкергенше  сілтедім,»  -  дейді.  Жорыққа  шыққан  батырдың  астында 
сәйгүлік аты мен жанында жарақ-қаруы  қатар жүріп, жеңіске жетуде үлкен рөл атқарғандығы 
белгілі.  Көне  түркілердің  қаһармандық  рухын  қайта  тірілтуді  мақсат  еткен  ақын  жыр 
толғаныстарында  эпостағы  секілді  әсірелеулерді  көп  қолданады.  Ол  қылыштан  қылдай, 
найзадан  тебендей  қалғанша  шайқас  құрған  батырдың  «ержүректігін»  әдебиеттегі  ертегілік-
литоталық  тәсілмен  жеткізген.  Демек,  Т.Медетбекті  өзге  ақындардан  ерекшелейтін 
айырмашылықтың  өзі  осы  тарихи  негіздегі  туындыларды  жаңаша  көзқараста  талғап 
жырлауында  жатыр.  «Еңкейгенге  еңкейдім,  Шалқайғанға  шалқайдым»  дейді  ақын  «Қуат 
жырында». Бұл да жауырыны жерге тиіп көрмеген, жаудан беті қайтпаған, Тәңірден өзгеден аяқ 
тартпаған  түркі  баласының  ақиқат  сөзі.  Күлтегін  Тоныкөк  жырларында  жауға  деген  өктемдік 
нышаны жыр жолдарынан айқын байқаладыӨлеңнің бірінші жақтан айтылуының өзі-ақ «мен» 
деп кеуде қаққан, қаһарынан жау қорыққан бабаларымыздың айбарының асқандығын көрсетеді. 
Мұндай жырлардың көбіне өткен шақта болып келуі тарихи даму заңдылығына сай жазылған. 
Бүгінгі күнде «мен осындай асқақ елмін» деп жырлау шындыққа жанаспас еді. Ал неліктен ақын 
мұндай жазу стилі мен бағытын таңдап алды дегенде, ең алдымен, қиын шақта халқын рухани 
биіктерге жетелеу идеясын ұстанған болар деген пікірге келеміз. Бір кездерде ел ретінде жоғары 
деңгейде  дамыған  түркі  жұртының  аспандаған  даңқын  жырлау  арқылы  ұрпағын  сол  деңгейге 
жетуге шақырып, тарихтан сабақ алуға үндейді. Халықтың күрескер бейнесін ашып көрсеткен 
өлең жолдарынан қаһарман елдің қаһарын сезінеміз:                        
Атанды асықтай аттым. 
Қарсы келгенді     
Қазықтай қақтым.   
Алшайып жүрдім. 
Талтайып тұрдым. 
Темірхан Медетбектің «Табытты қайық, кебінді желкен еттім» деуі айдауына жүргізбек 
болған  жауларын  мұқатқандығы.  Қайық  не  желкен  етіп  тәлкектемек  түгілі  атын  ауызға  алуға 
тіксінетін табыт пен кебін жайында бұлайша  асқақ  сөйлеу  «Кұлтегін» жырының жалғасындай 
естіледі. Келесі бір өлеңінде ақын гиперболаны кеңінен қолданады. Жырдың соңында кездесетін 
«Өткен  заман-ай»  деген  жалғыз  тармақтан  өлеңде  мазмұндалған  жайттың  ерте  кезеңде 
болғандығын  тұжырымдаймыз.    «Мадақ  жыры»  өлеңі  қарсы  келген  жауды  шыдатпаған 
жауынгер халыққа арнап айтылған мадақ. Балпаңдап басқанда қара жердің қайысып кетуі мен 
алшаңдап  аттағанда  тастың  шыдас  бермей  майысуы  әсірелеп  көрсетудің  айқын  көрінісі.  Көш 
түзеген керуендер салмағынан жоталар жаншылып, суатқа құлаған жылқылар әсерінен көлдер 
суалып, тартылып жатады. Түркілер жауының оған құл болуға зар болып жатуын оқудың өзі бір 
ғанибет.  «Сіңбірігім-қаймақ,  сілкейім  бал  боп  ақты»  деп  ақын  әсірелеудің  бояуын  қалыңдата 
түседі.  Тіптен  «қақырығына  дейін  алтын»,  «түкірігіне  дейін  күміс».  Бабаларымыз  асыраған 
құстың текпіні де қатты, арлан қасқырды бір сілтегеннен қалдырмайды. Атылған жебе де алты 
қырдан асады. Қара тасты балшықтай илеген, жауының жерін тулақ етіп сүйреген батырлардың 


 
101 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
мейманасы тасыған кезеңін осы өлеңнен сезінеміз. Өткен өмірге мадақ айтқан өнегелі өлеңнің 
мақсаты  асырып  айтып,  мақтануды  көздемейді,  әсірелеп  жеткізу  арқылы  ұрпағының  жадына 
қайта жаңғыртады. Жатқа жерін билеткізбей, елінің тізгінін өзгеге ұстатқызбай, тәуелсіз ғұмыр 
кешкен бабалар рухына бас иіп, батырлығын үлгі етеді.  
Омыртқамды 
Күтірлетіп үзді,  
Қабырғаларымды  
Біртіндеп үзді.                               
Бірақ  ештеңе  айтпадым,  -деген  жолдары  арқылы  шыдамдылық,  төзімділік,  батылдық 
сынды қасиеттерді келер ұрпақ бойына рухани нәр етіп құяды. Адамгешіліктің асыл қасиеттерін 
негізінде қазіргі таңдағы адамзат баласына аса қажет рухани толығуды насихаттайды. Осындай 
оқиғаларға  ұқсас тармақтар  «Шапқыншылық»  аталатын өлеңінде кездеседі. Аңдаусыз жатқан 
елді  шапқан  жаудың  омыртқаларын  бор  секілді  үгеді,  қабырғаларын  «қураған  қамыстай 
күтірлетіп қаусатады». Батырлар жырында кездесетін өктем сарынды өнеге тұтқан Т. Медетбек 
өлеңдерінде  өткен  тарихтағы  жаудан  көрген  қорлығы  мен  қазіргі  қоғамның  адами 
құндылықтарға жасаған зорлығын жыр еткен өлең-толғауларында жүректі дір еткізер мұң мен 
сыр  бар.  Себебі,  ақын  жырлары  ақиқатқа  құрылған  аумалы-төкпелі  өмірдің  шынайы  кейпін 
ашып  көрсеткен.  Қазақ  жерінде  әрдайым  жеңіс  туы  желбірей  бермегені  баршамызға  тарих 
беттерінен  аян. Батырларымыздың жауынан тауы шағылған тұстары да жетерлік. Мәселен,          
Бесіктегі баланы 
Найзаларына шаншып ап, 
Шырылдатып 
Отқа лақтырды. 
Ошағымды жапырып құлатты. 
Күлімді жындай шашты. 
Т. Медетбектің қазіргі кезең тұрғысынан қалам тербеген өлеңдерінде де түркілік сарын 
айқын  сезіледі.  Ақынның  стильдік  ерекшелігінің  өзі  осы  сарынға  негізделген.  Ақынның 
өлеңдерін  оқығанда  бүгінгінің  Күлтегіні  қоғам  өмірінде  болып  жатқан  келеңсіздікті  күңірене 
жырлағандай  сезіліп,  Тоныкөктің  толымды  ойлары  жүрекке  жол  салар  сыр  ұқтырғандай  күй 
кешесің.  Ол  тәуелсіздікті  тақырып  етсін,  қазақ  тілінің  қазіргі  күйі  сынды  өзекті  мәселелерді 
толғасын бәріне де көне түркілік өлең үлгісін қолданады.  
Жаңа заманның өтпелі қиын кезеңін өлеңге қосу кезінде Т. Медетбек таңдап алған көне 
үлгіні жаңғырта жырлау әдісі еш қиыншылық тудырмай,  «тілімді сындыра алмай жатырмын», 
«бірде сөгіліп, бірде өріліп тұрмын», не болмаса, «жоқшылықтан өз сүйегін өзі кеміріп жатыр»  
сынды  еш  күрделілігі  жоқ  тармақтарға  қарапайым  өлшемді  қолданып,  ойын  ортаға  көненің 
тілімен тастап, бабалар рухына мұң шаға сөйлеген ақын ойы кесек. 
Т. Медетбек поэзиясының көші жыраулардың жауһар жырларының да соқпағына түсті. 
Мұның  себебін  қазақ  хандығы  дәуіріндегі    жыраулық    толғаулардың    тың  белестерді 
бағындырып, өзгеше бір көркемдік пен  шеберліктің биігінен мен мұндалап, өр тебінімен көзге 
түскендігімен  түсіндіруге болады.  Қай жыраудың  шығармаларын алсақ та осындай қасиетке 
ие.  Себебі  бұл  қасиетті  «қазақ  топырағында  түзілген  форма».    Ақын  мұны    да  назардан  тыс 
қалдырмады.  
 «Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып әдемі әңгіме шығару – ақындық  дарыған адамның 
ғана қолынан келеді»  [4]. Қазақ   әдебиеттану  ғылымының  атасы  атанған  Ахаңның  айтқан бұл 
пікірі біздің бүгінгі тақырыбымыздың беталысын айқындамақ. 
             


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет