Ключевые слова: традиция, новаторство, тюркский, дух, литота, гипербола, мотив,
Тhe Article is devoted to the example of ancient Turkic poetry, which tells about the past life of
our literature, about today's poetry and how this tradition is reflected in today's poetry.. The study is
based on the features of the ancient poetic" cog " dimension in the poems of Medetbek.
Key words: tradition, innovation, Turkic, morale, litota, hyperbole, motif
Әдебиеттегі дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық мәселесі – бүгінде кең қанат жайып
әрі терең зерттеуді қажет ететін ауқымды дүние. Ұлттық дәстүрдегі озық үлгінің жетіліп
отырумен қатар, өзі де іштей түлеп, байып отыратын қасиетке ие. «Өлең – ақынның ішкі
дүниесінің сыртқы ортадағы жалпы көріністен, ақиқат шындықтың әсерінен туған «алуан-алуан
нәзік түйсіктері, күйініш- сүйініші» және өзіндік сезімі. Поэзиядағы, әсіресе, лирикадағы
«басты қаһарман - ақынның өзі» [1].
Әдебиетіміздің өткен өмірінен сыр шертетін көне түркілік және жыраулық поэзияның
бүгінгі поэзиямыздағы үлгісі, дәстүр жалғастығы бүгінгі поэзиямызда қалай көрініс табуда деген
келелі мәселе қозғалағанда алдымен Т. Медетбек сынды ақындардың поэзиясы ойға оралып,
зерттеуімізге арқау болуы заңды. Себебі көне түркілік поэзиядағыдай ақындар өлеңдерінің әр
жолын халықтың мақсаты мен арманынан, мұңы мен сырынан бір сәт бөліп қарай алмайсың.
Көптеген әдебиетші ғалымдардың қаламынан құнарлы пікірлердің тууының себебі де осында
болар. Көне заман әдебиетінде ел азаттығы жолында, адамдық ардың тазалығы үшін күрескен
бабаларымыздың өршіл рух пен қаһарманды қайратқа толы қайсар жырлары бүгінгі әдебиеттің
өткенді жаңғыртуы.
Қазақ топырағы сонау сақтар заманы мен түркі ұлысынан күні бүгінге дейін талай
жаугершілікті бастан өткергені анық. Сол аласапыран заман түркілердің бойында батырлықтың
отын тұтатқандықтан, жігер қайратын жанығандықтан отты жырлар туып, ұрпаққа мұра болып
қалған. «Қаһармандықты паш еткен поэзияның қатпар-қатпар қырларында заманының кейінгіге
айтар сыры мен сан ғасырдың сүрлеуінен өткен құпия жасырылған. Соның бірі қазіргі қазақ
поэзиясының дәстүрлі арналарының бірі көне түркілік поэзия қаһармандық рухтағы өлеңдерге
бай» [2].
Өршіл рухта жазылған ерлік, батырлық турасындағы Күлтегін, Тоныкөк жазбалары
сөзіміздің дәлелі бола алады. Себебі ондай жырлардан отансүйгіштік сезімнің лебі еседі,
жауыздықпен шайқасуға шақыру арқылы жақсылыққа жол ашу ниеті көзделеді. Демек, соғыс
99
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
тақырыбын адамгершілік мұрат тарапынан түсіндіру үшін патриоттық сезім мен адал ниеттің
түрлі қасиеттері негізіне қараймыз. Адамгершілік қасиеттің ең биік көрінісі-халық алдындағы
азаматтық парыз, отан үшін жасалған ерлік іс. Осы тұрғыдан келгенде адамның рухани болмысы
сын сағаттағы әрекетінен танылмақ.
Алып ерлерін айырдым
Мойнын оның қайырдым.
Алтын-күмістерін теңдедім
Қосыны кісі өтпестей көп еді.
Көркем сөз өнерінде қаһармандық рухтың өлеңге қосылу тарихына үңіле қарасақ,
халықтың бар арман-тілегі болашаққа деген сенімі, қуаныш-шаттығы мен қайғы–қасіреті,
жеңістері мен жеңілісі ең алдымен, ақын жүрегіне жиылып, ақын жырынан орын тепкендігі
көрінеді. Туған жерін жауынгерлік жырларымен, ерлікке толы ісімен, қарумен қорғаған
жыраулардан бастап, халық тағдырын өз тағдырынан жоғары қоятын ақындар қазақ арасында
жеткілікті.
Қазіргі қазақ поэзиясында қаһармандық рухты оятумен қатар, заманының зары мен
мұңын «көк түріктер сарынымен» жеткізіп жүрген талант иесі Темірхан Медетбек. Көне
кітаптарды көп ақтарып, ескі жыр үлгісін жаңғырта жазатын ақын өлеңдерінде негізінен
байырғы поэтикалық «көг» өлшемін қолданады. «Бұл өлшем бойынша жырдың алғашқы үш
жолы ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып отырады»,[3]-
дейді, профессор С.Негимов. Көне түркі поэзиясынан жыраулар шығармашылығына, Абай
поэзиясына жалғасқан мұндай үлгіні қайта түлеткен ақын өзіндік ізденістермен оқырман
қауымды елең еткізді. Қазағым, елім деп намыс жыртып, қайрат көрсететін азаматтардың өршіл
рухын жігерлендіре түсу мақсатында жазылған өлеңдердің тақырыбы да сан алуан. Көптен бері
ұмыт болған көг өлшемінде жыр жаза отырып Т. Медетбек тарихи тақырыпты ғана қозғамайды,
бүгінгі күннің келелі мәселелерін көне үлгіге сала отырып, кең тыныста толғайды. Өзінің
өлеңіндегі ой менен жыр өрнегі жайында шындықты алдыға жайып салады:
«Біреулер-өлеңнің-
Ұйқасын кірпіштей қалап,
Сылағын қаймақтай жалап,
Мұнтаздай етіп,
Майлап жатыр.
Менің өлеңім
Өмірдің өзіндей боп
Талқаны шығып,
Ішек-қарыны ақтарылып
Жайрап жатыр» - дейді ақын. Өлең жазудағы басты мақсатты жыр ұйқасының
үйлесімділігінен емес, ондағы ойдың айқындығынан іздейді. Сыртқы сымбаты сүйсіндірер жыр
жолдарын соңғы уақыттағы өлеңдерінде көп қолданбай, «жайрап жатқан жаһанның
жоқтаушысы» болып, ақын көк түріктердің көне сарынымен жыр толғайды.
Т.Медетбек көне түркі өлеңі үлгісінде ғана жазып қоймай, ескі жазудың өзін өлеңіне өзек
етеді. Ақынның «Әріптері де қару-жарақтай» аталатын жырында көне жазбалардағы көк
түріктер әліпбиіне сипаттама береді. Ақын түркілердің өр бейнесін жыр мазмұнынан да бөлек,
әліпбиінің өзінен көруге ұмтылады. Әрбір әріптің астарынан асқақ рухты іздейді, алып елдің
айбарын тапқысы келеді. Жазуды көріп, көз алдына қаруды елестеткен ақын өлеңі қиял
көкжиегіндегі құр сағымды жырламайды, ұрпақтарына тарихтан тәлім алдырып қаһармандықты
сабақ етуді көздейді. Әріптердің бірі шашағы бар үшкір найзаға теңелсе ендігі бірі көбе сөгетін
қозы жауырынды ұшқыр жебеге баланады. Жебе атылған тұста емен бұтағын иіп жасаған
адырнасы да ұмыт қалмайды. Қалқанның шеңберіне де ұқсайтын, бүркіттің шеңгелінен де
аумайтын әріптер бар екендігін де ойға салады. Тудың бар салмағын көтеретін сырық секілді,
асауларды ұстауға арналған құрық сияқты да әріптердің де кездесетіндігін ақын жоққа
шығармайды. Ал өлеңнің соңғы шумағында әріптерден бейнеден гөрі мінез-құлықты танытатын
қимыл-қозғалыстарды ұқсастықты іздейді. «Тұлпардың тұяғындай тебініп тұр», «қылыш секілді
100
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |