115
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
туынды /қазіргі Ленингорск/ айналасындағы табиғаттың көркі, ішкі- сыртқы сипаты мен
сол өндіріс орныны игеріп жатқан жас қазақ жұмысшыларының бейнелері көркем
суреттелген.
Коллективтендіру тақырыбына мистицизм мен мифографияға жататын тағы да бір ірі
туындысы – 1922 жылы жазылған «Жаңа туған» поэмасы. Басқа шығармаларымен
салыстарғанда, бұл туындысында реалистік бейнелеулер мен образдық ой-толғамдар бояуы
қалыңдау шыққан. Поэманың кіріспесінде қазақ даласындағы болып жатқан ұлы өзгерістерді
айта орыра, көпшілік қауымның коллективтік еңбекке қалай кіріскенін баяндайды.
Алғашында жеті үйден құралған артель болса, кейін адам саны көбейіп, колхоз дәрежесіне
көтерілді. Міне, осы тұста колхоздандыру кезінде асыра сілтеу, шолақ, саяси шикі
белсенділердің өрескел қылықтары, соңында қалың жұртты аштыққа апарған кезеңді ақын
бүкпесіз, ашық жариялайды.Ілияс Жансүгіровтің аталмыш тақырыпқа арналған «Мәйек»,
«Кеңес» атты поэмалары жазылған. Бұл циклдағы ой мен науқандық кезеңдегі актуалды
саналатын тақырыптарды мейлінше ашық, батыл айту пафосы мистицизм мен мифография
айқын көрініп тұр.
Ілиястың поэзиясының ауқымы қаншама мол, шалқар болса, оған айтылар ой-пікір де
осал болмаса керек-ті.
Поэманың басты кейіпкері – Мұқан байдың дүниесін тәркіленген сәттегі ішкі
психологиялық қиналысы бейнеленген. Мұқанның малының алынуын, жинаған дүние-
мүліктің жалшы-жақыбайға үлестірілуін, зират басына апарып көмген тайтұяқ алтыны мен
жамбысы ортаға салынып, шаңырағының ойраны шыққанын ақын фольклордағы жоқтау
өлеңінің формасы арқылы шебер көрсете білген. Дүние-мүлік пен елден айырылып, жер
аударылған Мұқан мен әйелі Ұлжан бөтен ел мен жұрқа бара жатыр, олардың сауық-сайран
дәурені біткен, поезд бұларға адам жұтатын айдаһар болып елестейді. Ақынның мұндағы
меңзейтіні – ескі элементтердің жаңа заманның жаңалығын қабыл ала, алмайтыны, олардың
ғұмыры бітіп, құрыдымға кеткенін көрсету.
Қазақстан тарихындағы саяси-әлеуметтік науқан – қазақ жеріндегі ірі байлықтардың
мал-мүлікін тәлкілеу, өздерін жер аудару науқаны 1928 жылы басталды. Оған қызу ат
салысқан творчествалық одақтар үгіт-насихаттық жұмыстарды жан-жақты жандандырып, өз
тараптарынан үлесін қосып жатты. Әдебиет саласындағы өкілдер қалың қауымға үгіт-
насихат жүргізу мақсатында өлең, әңгіме, очерк, дастандар мен деректі шығармалар жазып,
көзге түсті. Ілияс бұл науқандық шараға арнап «Кәмпеске» деген шағын поэма жазды.
Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейінгі тұста жарық көрген (1960 жылдар мен 1986-
1998 жылдары) таңдамалы шығармаларына қазақ әдебиетттану ғылымының аса көрнекті
ғылыми-зерттеушісі академик Мұхаметжан Қаратаев, Әбділда Тәжібаев, Мырзабек
Дүйсенов, Тұрсынхан Әдірахманова, Рымғали Нұрғалиев, Бақыт Сарбалаев және тағы басқа
ілиястанушылар өз тарапынан ақын поэзиясынның сан-салалы құпиялары мен ашылмаған
қыр-сырын дәйекті зерттеу еңбектері мен монографиялар жазып, сол арқылы дүйім жұртты
бір серпілтті. Осы игі қадам арқасында әдебиет жиырма жылға тарта поэзия нәрімен
сусындатқан Ілияс ақынның кейбір танылмай, көрінбей жатқан асыл көмбелері, тіс жарар
таза бұлақ кәусары баяу жылжып, қазақ әдебиеттану ғылымының алтын қорына қосылды.
Бүгін Ілияс Жансүгіровтің күйлі, сыршыл сан ғасырлық, «Сұлу сөзбен алтын сарай
салдыртқан» өлмес поэзиясы қазақ жұртының қымбат қазынасы, осы арқылы оның өр
тұлғасы алаш елінің құлай сүйген адал да қадір тұтар сүйікті перзентіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: