«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет148/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
художественном  тексте  (2004),  Абдрахманов  Д.Б.  Тіл  мен  дүниетаным  сабақтастығы 
(Ә.Кекілбаев  шығармалары  негізінде)  (2004),  Сабирова  Г.  Көркем  тілді  адамтану 
парадигмасы тұлғасынан зерттеу (2010).  
е)  Этикетке  байланысты:  Қобыланова  Д.Б.  Қазақ  сөйлеу  этикеті  (1993), 
Абдыкаримова  Д.  Типология  реплик  казахского  и  русского  диалогов  (1999),  Алимжанова 
Г.М.  Структура  речевого  этикета  казахского  и  русского  языков  (1999),  т.б.  ж) 
Терминжасамға қатысты: Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі (2000), 
Ақаев  С.  Терминнің  тілдік  және  танымдық  сипаты  (2002),  Қожаева  М.  Аударматану 
терминдерінің  когнитивті  семантикалық  құрылымы  (2007),  Айдарбек  Қ.  Қазақ 
терминологиялық  аталымының  ономасиологиялық  негіздері  (2010),  Әшімбаева  Н.  Байырғы 
қазақ қоғамындағы атақ-лауазым атауларының тілдік сипаты (2009), т.б.  
з)  Жаңа  бағыттарға  сәйкес  лингвомәдени  зерттеулер:  Күштаева  М.Г.  «Тары» 
концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны (2003), Бейсембаева С.Б. 
Невербальные  компонент  коммуникации  в  казахском  языке  (2002),  Жумагулова  Б.С. 
Способы вербализации концептов дом, долг в русском, казахском и англиском языках (2003), 
Айтова  Н.  Қазақ  тіліндегі  түртүс  атауларының  когнитивтік  семантикасы  (2005),  Уматова 
Ж.М.  Концепты  душа//жан  как  лингвокультурологический  феномен  (2005),  Сағидолда  Г. 
Поэтикалық  фразеологизмдердің  этномәдени  мазмұны  (2004),  Тұрышев  А.  М.  Жүсіп 
шығармалары лексикасының этномәдени негіздері (2005), Жартыбаев А. Орталық Қазақстан 
топонимиясының тарихи-лингвистикалық этимологиялық және этномәдени негіздері (2006), 
Тілеубердиев  Б.  Қазақ  ономастикасының  лингвоконцептологиялық  негіздері  (2006), 
Оразалиева  Э.  Қазақ  тіл  білімінің  когнитивтік  парадигмасы  (2007),  Әзімжанова  Г.  Қазақ 
көркем  проза  тілінің  прагматикалық  әлеуеті  (2007),  Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің 
теориялық  негіздері  (2007),  Есенова  Қ.  Қазіргі  қазақ  мәдениетінің  прагматикасы  (2007), 
Керимбаева  Д.  Языковая  картина  мира  казахских  народных  волшебных  сказок  (2008), 
Байғутова  А.  «Қазақ  әйелі»  концептісінің  этномәдени  сипаты  (2008),  Нұрдәулетова  Б. 
Жыраулар  поэтикасындағы  дүниенің  концептуалдық  бейнесі  (2008),  Мұратова  Г.  Абайдың 
тұлғасы:  дискурстық  талдау  мен  концептуалдық  жүйесі  (2009),  Сейітова  Ш.  Қазақ 
этнонимдерінің  тарихи-лингвомәдени  жүйесі  (2009),  Рысберген  Қ.  Қазақ  топонимиясының 
лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері (2010), Жаңабекова А. Қазақ тіліндегі «уақыт» 
ұғымының  тілдік  парадигмасы  (2010),  Жұбаева  О.  Қазақ  тілі  грам-матикасының 
категорияларының антропоөзектілігі (2010), Сүйерқұл Б. Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» 
(ХІV  ғ.)  лингвосемиотикалық  кеңістік  (2010),  Сапарбекова  Г.  Шежіреші  тілдік  тұлғасы 
(2010).  [1, 491 б]. 
Зерттеуші Ж.Манкееваның пікірінше, «этностың көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени 
өмірінен  хабардар  ететін  этнографизмдер,  тілімізде  мағынасы  ұмыт  болған  әр  түрлі 
этноатаулар олардың сырын ашуды, танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін 
бағзы  мәдениеттің  жетегінде  тіл  арқылы  анықтап,  келер  ұрпақтың  санасына  зор 
мақтанышпен  жеткізу  –  ұлт  болмысын,  ұлт  мәдениетін танытудың  бір  жолы.  Осыған  орай, 
қазақ  лексикасындағы  лингвокультуремалар  ретіндегі  этнографизмдер,  ескіліктер  т.б. 
этнодеректер 
мәдени-рухани 
байлықтың 
бір 
көзін 
құрайды. 
Қазақ 
тілі 
этнолингвистикасының  денін  тіліміздегі  мағынасы  күңгірттенген,  тіл  иесі  сөйлеу  процесі 
кезінде  ол  сөзді  қолданғанымен  де  мағынасына  терең  бойлап,  жете  түсіне  бермейтін,  я 
қолданыстан шығып, архаизмге айналған сөздер құрайды». [1, 203 б].  
Осыған  сай  нәтиже  жеткізуге  көмектесетін  тілді  зерттеудің  тиімді  саласы  – 
этнолингвистика.  Оның  ғылыми  сала  ретіндегі  мәнін  проф.  М.М.  Копыленко:  «Этностың 
тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның материалдық және рухани мәдениеттің 
тілдік  көріністері  айқындалады  және  жете  зерттеледі»,  –    деп  анықтайды  [2,  17  б].  Ол  – 
адамзат  қауымының  этностық  деңгейіндегі  балаң,  бастау  тұсындағы  тек-  тамырын,  мекен-
жайын,  өмір  тәжиірбесін,  салт-санасын,  кәсібін,  жеке  этностық  топтардың  алғашқы 
анайылық қалпындағы дүниетанымын, мифтік танымын, сакральды атауларын, киімін, ішкен 
тамағын, т.б., яғни мәдениет тілі арқылы зерттейтін тіл білімінің саласы. 


 
123 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ғылымымен алғаш айналысқан ғалымдардың бірі 
–  академик  Ә.Қайдар  этносты,  этнос  болмысын  тек  оның  тілі  арқылы  толық  түсінуге 
болатынын, этнос өміріндегі «мол деректер мен мағлұматтарды тіл ғана бойына сыйғызып», 
ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізетінін,  тіл  этностың  өзін  танып-білудің  қайнар  бұлағы  екенін 
айтады.  Этносты  танып-білуге  тұс-тұсынан  атсалысып,  өзіндік  үлесін  қосушы  қоғамдық 
ғылым  салаларының  бірі  –  мәдениеттану  (культурология)  десек,  ол  этнос  болмысының 
ауқымды  да  маңызды  саласымен  шұғылданады.  «Мәдениет»  жеке  адамның  басына  тән 
қасиеттен  басталып,  бүкіл  ұлттық  менталитетті,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  сана, 
дүниетаным, салт-дәстүр, рухани- материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі 
ұғым,-дейді  академик  Ә.Қайдар.  Ғалым:  «Ал  этнос  пен  оның  тілін  этнолингвистика 
тұрғысынан  қарастыру  деген  сөз  оның  сонау  балаң  кезінен  есейгенге  дейінгі  барлық 
болмысы  мен  өмір-тіршілігін,  дүниетанымы  мен  мәдени,  рухани  байлығын  ана  тілінде 
сақталған фактілермен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне 
асыру болып табылады», -деген пікір айтады [3, 34 б]. 
Тілдің  өз  бойында  этномәдени  мұраларды  сақтаушылық  қызметі  туралы  пікір 
жалғастығын  ғалым  Н.Уәлиевтің  мына  тұжырымынан  табамыз:  «Тіл  –  өмір  шындығы.  Сол 
шындықты уақыт қалдырған қатпарлардан аршып ала білсек, шежіредей сыр шертіп тұрады. 
Өмірде болған нәрсе тілде де із тастамай кетпейді. Сондай іздің сорабын асыл мұрамыздың 
тілінен де кездестіреміз», -дейді [4, 40 б]. 
Этностың  басып  өткен  сан  ғасырлық  даму  жолы,  оның  белгі-бейнелері  біздерге  тас 
мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазуы арқылы, мәдени ескерткіштер мен әр түрлі 
ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. 
Оның  шын  мәнісіндегі  даналығы  мен  дүниетанымы  тек  тілінде  ғана  сақталады.  Әрбір 
дәуірде  өмірге  қажет  болған  құрал-сайманның,  киер  киім  мен  ішер  тамақтың,  тұрмыстық 
заттар  мен  салт-санаға,  әдет-ғұрып,  наным-сенімге,  ойын-күлкі,  той-томалаққа  байланысты 
ұғымдардың  атаулары,  сипаты  тек  тіл  фактілері  ретінде  ғана,  яғни  жеке  сөздер  мен  сөз 
тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы бізге жетуі мүмкін. Этнос пен оның 
тілі бірге туып, біте қайнасқан тұтас дүние екендігін біз осыдан байқаймыз. 
Этномәдени лексика тіл арқылы, сөз өнері, сөз мәдениеті арқылы жүзеге асып отырады. 
Тіліміздегі этномәдени лексика ұлттық мәдениетімізді ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар, 
тілдік  құралдар  негізінде  сақталған    мұрагерлік  (кумулятивтік)  қызметі  негізге  алынатын 
рухани-мәдени және танымдық аясы кең этнолексикалық қолданыстар болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет