«жансугуровские чтения»


Key words: Zhyrau, poetry, century, literature, researchers, works



Pdf көрінісі
бет164/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   208
Байланысты:
6-2018

Key words: Zhyrau, poetry, century, literature, researchers, works. 
 
Жыраулық поэзия – ХҮ-ХYIII ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге  
негізінен ауызша жетті. ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының тәл мәдениеті өркен 
жая бастады. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған 
бай  рухани  қазынадан  нәр  алды,  ежелгі  дәстүрлерді  дамыту,  тың  тақырыптар  игеру,  жаңа 
мазмұн  қалыптастыру  нәтижесінде  кемелденді.  Қоғам,  дін,  этика,  адамгершілік,  қарыз  бен 
парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан 
философиялық туындылар жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.  
Сонау  1936  жылдан  бері  уақыт  ағымы  кімді  болсын  жалтақ  тірлік  кешуге  мәжбүрледі. 
Тек  М.Мағауин  көзқарасындағы  ұлы  мінез  ғана  тұмшаланған  ескі  дағдының  іргесіне  сызат 
түсірді. Түсіріп қана қоймай «Қобыз сарыны» сынды құнды жәдігерді дүниеге әкелді. Бұл кітап 
қазақ  әдебиетінің  тарихы  беріден  басталады  деген  уәжге  біржола  нүкте  қойды.  Кейіннен  осы 
кітаптың  шынайылығына  көз  жеткізетін  антология  жарыққа    шықты.  «Алдаспан»  деген  атты 
алып, қойнауына қылыштың ұшымен, найзаның күшінен туған қанжардай өткір жыр жолдарын 
сыйдырған  бұл  кітаптың  да  тағдыры  тәлкекке  түсіп,  талай  қысқартуларды  бастан  кешірді. 
Алғаш  шыққаннан  бастап-ақ  қайсысы  май  құйды,  от  қойды-  мәселе  онда  емес,  мәселе  бар 
дауыстың  бір  әуенмен  шығуында  жер-көкті  айқай-аттан басты да кетті. Алайда,  «Алдаспан»  - 
қазақ  халқының  ежелгі  әдебиетін  біржола  негіздейтін  темірқазық  кітап  болатын,  қайткенде  де 
жарыққа  жетуге  тиіс  еді,  жетті.  Кейіннен  автордың  қажымас  қайраты  мен  жігері  «Бес  ғасыр 
жырлайды»  атты  топтаманы  халқына  тарту  етті.  Қазақ  әдебиетінің  ортақ  арнадан  оңаша  жол 
тартқан    алғашқы  қадамдарының  өзінен-ақ    кемел  өре,  көркем  келісімге  жету  заңды  құбылыс 
болса керек. Қазақ атымен аталатын дербес әдебиетін алғашқы өкілдері, өз кезінде бүкіл Дешті-
Қыпшаққа    даңқы  кеткен  Асан  қайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Марғасқа, 
Ақтамберді, Үмбетай, Бұқар жыраулар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы 
деп  табуға  тиіспіз.  Осындай    жүйелі  ойдың  жетегі  мен  шыққан  еңбектен  ХҮ-ХІХ  ғасырлар 
аралығындағы  ақын-жыраулардың  шығармашылығын  таба  аламыз.  Антологияның    шығуына 
байланысты  автор:  «Алдаспанның»  бүлінуі  өз  алдында,  осының  алдында  ғана,  «Бес  ғасыр 
жырлайды»  деген атпен үш томдық  антология әзірлегенмін, 1977 жылы  баспа жоспарына еніп 
тұрып,  өндіріске  жіберілмей  қалған  еді.  Кейін  қоймай  жүріп  шығардық.  Бір  емес,  үш  мәрте  
басылды.  Бірақ  соның  әуелгі  –  1984  жылғы    нұсқасы  да  үлкен  дауға  түсті,  қиылып,  туралып, 
кемтар  болып  жарияланды  [1,  7]  –  деп  уақыт  көзқарасынан  туған  келеңсіздіктерді    тілге  тиек 
етеді. Ал, енді осы аталған антологиялардағы  шығармалар қайдан алынды  деген заңды сауал 
туындайды. М.Мағауин жыраулар шығармашылығын жинақтауда, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ 
ғасырдың басында  жарыққа шыққан «Дала  уәлаятының  газеті». «Киргизская степная газета», 
«Таң»    сияқты  газет-журналдар,  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  орыс  ғалымдары  Г.Потонин, 
В.В.Радлов,  А.Харузин    т.б.  еңбектері  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  даласында  шыққан. 
М.Османов,  М.Бекмұхаммедов,  Ғ.Мұштах  сияқты    тұлғалардың  жинақтары  Қ.Халидұлы, 
Х.Досмұхаммедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов т.б. қазақ зиялыларының зерттеулерін 
басшылыққа  алды.  Сонымен  қатар  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  Орталық  кітапханасының 
қолжазбалар қорында жинақталған қолжазбалар пайдаланылған.  
Сонымен  жыраулар  поэзиясы  зерттеушілердің  бірі  әрі  бірігейі  М.Мағауин  зерттеу 
жұмыстарын  60-жылдың  екінші жартысынан  бастап жүргізді. Алғашында Қазақ хандығы 


 
136 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет