141
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
пікірлер мен құпиялы сыр-толғамдардың өзгенің ой-санасына әсерлі де нанымды жеткізуде
ұтымды жол таба білгендігімен өзгешеленеді. Ол жол автордың юморлық баяндау арқылы
шеберлік танытуы. Жалпы “юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өмірдегі кісі күлерлік
құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әшейін жеңіл-
желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады” [2, 133 б.]
– деп, академик З. Қабдолов тұжырымдағандай, қаламгер әлеуметтік мәні терең мәселені
көтеріп, философиялық түйіндеулер жасауда юмор мен сатираны кәдесіне жаратады.
Өмірдегі адам мінезіндегі негізсіздікті шығарма тақырыбына арқау ете отырып, оны шағын
проза аясына сыйдырып, көркемдей біледі. Автор оқырманға өзі суреттеп отырған өмір
шындығы мен кейіпкер келбетін жинақтап, барынша типтендіріп ұсынуға қадам жасағанын
аңғарамыз және бұл жолда жекелеген бейнелеуші амал-тәсілдердің өзіне жалпылық сипат
дарытады. Көркем шығармадағы детальдар өмір шындығы мен кейіпкер бейнесін қатар
ашылуына қызмет етеді.
«Күлипан ешкінің шыбышындай қара бұйра қыз. Бәке Күлипанды бала қылып
еркелетеді. Келіншек қылып жұмсайды. Қойшы қойдан келген соң ұзақ таңға Күлипанын
еркелетіп шығады. Күлипан түске дейін тұрмайды. Еркелік бар, еріншектік те бар Күліште», -
деп автор әңгіме басын жеңіл юмормен бастайды. Момын, жуастығы сондай, таңертеңгі мәзірін
ішу үшін жас келіншегінің ұйқысын қимай, «топатай шелекке ұйытқан айранын шала–шарпы
ішіп, уқалаған насыбайын шонтайға салып, жуан таяқты тақымына қысып, өгізге мінеді».
Өгізбен аяңдап қойына жеткен Бәкең аспанға қарағаннда аэропланға көзі түседі. Өзіне тән
ақкөңілдігі мен аңқаулығына басып, иен далада ішкі эмоцияға беріліп өзімен-өзі сөйлеседі: «-
Астапралда! Астапралда! Бұл қай құс? Астапралда! Айырбұлаң! Ой жасаған-ай! Айырбұлаң
деген осы екен-ау», - деп таңырқайды. Аэроплан Қордайдың аспанын баса-көктеп сырылдап
сырғанайды. Бәкең бәрін ұмытады. Қойды да, қасқырды да, астындағы өгізді де, тіпті басқаға
көн жүрегі жібімейтін Күлипанын да ұмыт қалады. Көңіл шіркіннен жүйрік, жылдам не бар,
аэроплан бір демде көз алдында оның қиялына айналып сала берді. «Ой, алдай! Темір ме екен,
ағаш па екен? Ішінде адам бар сияқты ма? Орыс қой, қазақ айырбұлаңда ұшпаққа қайда? Әлде
комиссар ма екен? Әлде Союзқосшыға жазылсам, байдан шығып қалаға барсам, оқу оқысам,
үстелге шығып сөйлесем, мен де комиссар болар ма едім-ау! Мені де осылай айырбұлаңмен
Ташкент пен екі ортаға тасымалдар еді-ау.Мен де осындай болып Қордайдағы қойшының
төбесінен ұшып өтер едім, дүние-ай!» - деп ой-қиялын шарықтатады.
Жазушы қойшының ой-арманын бейнелей отыра, өзіне жарасымды мінез-құлық
штрихтарын оның ішкі психологиясымен астастыра береді. Қойшының күнделікті көріп
жүрген шаруасын жеңілдетуге аэропланның ролін де әңгіме желісіне енгізіп, оны қойшының
қиялы етіп көрсетеді. Мәселен, аэропланды бірде жүйрік ат десе, бірде онымен әуедегі
қазды, қарға-құзғынды қуар ма еді, бүркіттей түйіліп қасқырға қанды тұмсығы тиген кезде,
қақ төбесінен түсіп, қара тұмсықтан салып жіберсе ғой дегізеді. Тіпті қиялдай келе, оны шөп
жемесе, шөлдемесе,
арқасы кетпейтін болса, қойға көлік қылып та алады.
Кейіпкер бейнесін оның жан-дүниесіндегі құбылыс сәттерін іс-әрекеттерімен
қатарластыра, астастыра суреттейді. Автор оның өмір жолынан елес бере отырып, оқиға желісін
тартымды әңгімелейді. Ана тілдің қуатын арттырып, ойды анық та нәзік жеткізудегі ерекше
сипаттар әсіресе жазушының диалогтік қолданыстарында нағыз шеберліктің белгісі ретінде
айқын көрінеді. Керекті жерінде уытты әзілдерді туындата біліп, мүмкіндігінше кейіпкердің
шама-шарқы төңірегінен алыс алыс кетпейтін әңгіме желісінде тартыс мүлде жоқ десе де
болғандай. Ұлттық мінезге тән қасиеттер мен қылықтарды әдемі юмормен, керекті жерінде
сатираны араластыра отырып, уытты ойлар мазмұндатып, қарапайым сөйлеу тілін пайдалануы
өте ұтымды шыққан.
Жеңіл әзіл-оспағы бар осы ішкі толғаныс қойшының психологиясын әбден ашып тұр.
Заман, өмір, қоғам туралы ойлауға оның санасы әлі жетпеген. Жалшылық тұрмыс әбден етінен
өтіп, сүйегіне жеткен Бәкеңдер қазақ ауылында әлі де бар. Осы жағы жетпей жатады демесек,
әңгіме-сюжеттік желісі, композициялық құрылысы жағынан тәп-тәуір шыққан туынды. Жазушы
әңгімеде ұтқыр да тапқыр салыстырулар жасайды. Мысалы, төбе басындағы аэропланға қарап