«жансугуровские чтения»


заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете



Pdf көрінісі
бет193/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   208
Байланысты:
6-2018

заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете 
отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын,  болашаққа  сеніммен  бет  алуын  қалаймын»  -деп 
нақты  айтты[1].  Яғни,  жаңа  дәуірге  сай  ұлттық  сананы  жаңғыртудың  негізі  –    тарих  және 
мәдениет болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық сананы жаңғыртудың тағы бір шарты – 
ол  халқымыздың  құқықтық  сауаттылығын  арттыру  болып  табылады.  Бұл  жөнінде  2018 
жылдың 4 сәуірінде ҚР Конституциялық Кеңесінде өткен ашық есік күнінде Кеңес Төрағасы 
Қ.Ә.Мәми:  «Республиканың  қолданыстағы  Конституциясы  өзіне  әлемдік  конституциялық 
мұраның  жалпытанылған  құндылықтарын  сіңірді.  Соның  арқасында  Қазақстан  егемен 
мемлекет  ретінде  ғана  қалыптасып  қоймай,  халықаралық  қауымдастықтың  құрметті 
мүшесіне  айналды,  оның  пікірі  ең  жоғары  деңгейде  мойындалады.  Өткен  жылы 
конституциялық  реформамен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  қоғамдық 
сананы  ауқымды  жаңғырту  туралы  жария  етті,  оның  шарты  басты  мақсатқа  қол 
жеткізу  –  әлемнің  неғұрлым  дамыған  елдерінің  отызының  қатарына  кіру.  Қоғамдық 
сананың  құрамдас  бөлігі  құқықтық  мәдениет,  оның  бастапқы  көзі  Конституция.  Осыған 


 
159 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
байланысты,  маңызды  міндет  қоғамның  конституциялық  мәдениет  деңгейін  арттыру. 
Конституциялық  Кеңес  өзінің  шешімдерімен  және  мақсатты  түрде  жүргізілетін  құқық 
түсіндіру 
жұмыстарымен 
азаматтардың 
құқықтық 
мәдениетін 
арттыруға, 
Конституцияға және заңдарға құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді. Қазақстандық 
жас ұрпақпен тікелей диалогта құқықтық дәстүрлерді мұра ретінде сақтап қалу қажет»-
деп айтқан болатын[2]. Яғни, әрбір азаматтың құқықтық санасын арттыруда мемлекетіміздің 
негізгі Ата Заңы Конституцияның алатын орны ерекше. Осы тұрғыда басты Заң құжатының 
қабылдану  тәртібін,  оның  қалыптасу  және  даму  тарихын  түсіндіру,  насихаттау,  оған 
құрметпен  қарауға  тәрбиелеу  маңызды  міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Ал  енді  сол 
Конституциямыздың қалыптасу және даму тарихына тоқталып өтейік.  
Жалпы,  ҚР-ның Конституциясы – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі дербестігін 
айқындайтын  басты  символдардың  бірі  болып  табылады.  Конституция  –  бұл  еліміздің 
мемлекеттік  құрылысын,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  нақты  белгілеген 
басты  құжат.  Конституция  –  заңдарды  жетілдіріп,  дамытудың  негізгі  іргетасы  болып 
саналады.  Ата  Заңымыздың  басты  қайнар  көзі,  түп  тамыры  сонау  ғасырлар  қойнауындағы 
«Есім  ханның  ескі  жолы»,  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  Әз-Тәукенің  «Жеті  жарғысынан», 
яғни  дәстүрлі  құқық  бастаулары  ретінде  танылатын  негізгі  үш  дала  «Конституциясынан» 
бастау алады. Бұдан соң Алаш өкіметінің алғашқы Конституциясы дербес мемлекет құруға 
бағытталған  жобалары  –Ата  Заңымыздың  қалыптасуына,  мемлекеттік  құрылымдарды 
нығайтуға ықпал етті[3]. Негізінен, Алаш Конституциясы жобасының концептуалды арқауы 
-  ол  1917  жылғы  Алаш  партиясының  ұлттық  бағдарламасы  болып  табылады.  Атамекенде 
өмір  сүріп  отырған  сол  кездегі  қазақ  елінде  –  қазақ  мәселесі  болғандығын,  ол  күні  бүгінге 
дейін  өз  маңызын  жоғалтпағандығын  мойындауымыз  керек.  Бұның  түпкі  тамыры  –  қазақ 
мәселесінің  мынадай  4  құрамдас  бөлігінде  жатыр:  Ұлт  мәселесі,  Тіл  мәселесі,  Дін  мәселесі 
және  Жер  мәселесі.  Бұл  аталған  қазақи  иісті  ұлттық  идеялар  бағдарламаның  10  бөліктен 
тұратын  тұжырымдамаларында  қазақтардың  қайғы  қасіреттеріне  қатысты  қамтылған 
мәселелердің  (айталық,  ұлттық  автономиялы  мемлекет  құру,  өзін-өзі  билеу,  тәуелсіздік, 
бостандық,  т.б.)  өзегі[4,  12-13].  «Алаш»  партиясы  мен  Алашорда  үкіметі  бағдарламасы 
белгілі дәрежеде қазақ жұртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілді 
өмірге келген балама өркендеу жолы болатын»-дейді белгілі тарихшы М.К. Қойгелдиев.  
Сол кездегі қазақ зиялыларының ұлағатты іс-әрекеттерінің мысырға шабатынын көре 
тұра,  олардың  кеңестік  үкімет  тұсында  ұлттық  мемлекет  құру,  т.б.  идеяларын  ҚР-ның 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  қатты  бағалап,  былай  деді:  «Алаш  партиясының  жетекшілері 
ұсынған  көптеген  қағидалар  күні  бүгінге  дейін  өз  маңызын  сақтап  отыр.  Бұл  ұлттық  емес 
патриоттық  ұйым  алдына  қойған  мақсаты  қазақ  қоғамын  бірте-бірте  өзгертіп,  оны  осы 
заманғы  шындыққа  бейімдеу  еді...  Қазақ  халқы  өзінің  басты  мақсаты  –  ұлттық 
мемлекеттілігін  қайта  қалпына  келтіруге  нақтылы  мүмкіндік  алды.  Алайда,  оқиғалардың 
бейбіт  өрбуін  Ресей  қоғамындағы  тың  дағдарыс  бұзып  кетіп,  оның  өзі  большевиктер 
партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты»[4, 47-48]. Яғни, Алаш зиялыларының ой-
пікірлерінен қалыптасқан  Конституция  қазіргі  тәуелсіз  еліміздің Конституциясының  негізгі 
бастауы болып табылады.  
Ғасырлар  бойы  найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  қорғап,  иеленген  жеріміздің 
шекарасы барлық көрші мемлекеттермен айқындалды. Біздің елімізде 1927, 1937, 1978 және 
1993  жылдары  Конституция  қабылданғаны  баршаңызға  белгілі.  Алайда,  нарықтық 
экономиканы  дамытуға  бағыт  алған  мемлекетіміз  үшін  1993  жылы  қабылданған  Ата  заң, 
кеңестік  қағидалардың  шеңберінен  шыға  алмай,  әкімшілдік  ережелерді  арқау  етіп, 
мемлекеттің  демократиялық  институттарының  дамуына  тұсау  бола  бастады.  Өйткені,  Ата 
Заңда  атқарушы,  заң  шығарушы,  сот  биліктері  қамтылмаған  болатын.  Бұл  мән-жайлар 
Қазақстанның  қоғамдық  саяси  дамудың  жаңа  кезеңіне  енуіне  конституциялық  бетбұрыс 
жүргізу  керектігін  байқатты.  Осы  негіздермен,  1995  жылы  30  тамызда  жалпы  халықтың 
талқылауынан өтіп, жаңа Ата Заң қабылданды[3]. 
 


 
160 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет