«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет189/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   208
Байланысты:
6-2018

 Ақылы балқаш, ашуы дүлей - ақылы көл-көсір, мол, ашу мінез қаһарлы зәрлі 
 Кербез қыз ақылы балқаш, ашуы дүлей. («Дархан») 
 Келтірілген  мысалдарға  назар  аударатын  болсақ,  сыртым  бүтін,  ішім  сау,  ақ  үстінен 
қара  танымау,  көзді  ашып  жұмғанша,  ақылы  Балхаш,  ашуы  дүлей    фразеологизмдерінің 
құрамында  сырты ↔ іші, ақ ↔ қара, ашу ↔жұму, ақыл ↔ ашу  деген антонимдік жұптарды 
кездестіреміз,  бірақ  тұтастай  алғанда  бұл  тұрақты  тіркестер  бір  ғана  мағынаға  ие.  Ал 
фразеологизм құрамындағы көрсетілген антоним жұптар салыстыру мақсатында тұрақты тіркес 
құрамына  негіз  ретінде  кірігіп  кеткен.  Сондықтан,  бір  ғана  фразеологизмнің  құрамында 
жұмсалатын  антоним  компоненттер  өз  ішінде  антонимдік  қасиетті  иеленгенімен,  оларды 
фразеологиялық  антоним  қатарына  жатқызбаймыз,  олар  бірігіп  келіп  бір  ғана  мағынаның 
орнына жұмсалады.  
Негізінен, 
фразеологиялық 
антонимдер 
қарама-қарсы 
алынған 
екі 
жұп 
фразеологизмдерден жасалу керек. Ақын шығармаларында мұндай антоним фразеологизмдер де 
бар (аз ұшырасады): 
Даусын  қырымдатқанда  отырғандардың  ішек-сілесін  қатырады.  Қажен  тазтар 
сылқылдап көзінен жас ағызады. ( «Мынау не дейді?»)                       
Қожанәсір тұрған қаланың барлығы қара танымайды екен де, әліпті таяқ тәрізді деп 
білетін көзі ашық зиялы адам жалғыз Қожа болыпты ( «Мынау не дейді?» )   
Аз күнде жер жастанам. 
О дүниеден үміт жоқ, 
Безіп құдай, патшадан. 
Бұ дүниеден үміт жоқ  
                                («Тапанша») 


 
157 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
 Келтірілген бірінші сөйлемде  ішек-сілесі қату  ↔ көзінен жас ағызу, қара танымау ↔ 
көзі  ашық,  о  дүние  ↔    бұ  дүние  жұптары  бір  сөйлемде  қарама-қарсы  қолданылған 
фразеологизмдер. Күлу – жылау, оқыған – сауатсыз деген антонимдік мәнді білдіреді.  
Кейде  автор  қолданысында  лексикалық  бірлік  пен  фразеологизмнің  антоним  болуы  да 
ұшырасады. Мысалы: 
Николайдың  неше  сайлауында би болып келген Сандыбай да енді «шен құмарлықты»  
тастап,  үлкен,    жұрт  ауызына    қарайтын  ақсақал  болды  («Әңгімелер»)  –    сөйлемде 
фразеологизмге лексикалық бірлік антоним болып тұр. Мысалдағы шен құмар тұрақты тіркесі 
– мансапқор, атаққұмар мағынасында беріліп ақсақал сөзімен контекстік антонимдік жұп құрап 
тұр.  Жеке  алғанда  бұл  екі  жұп  қарсы  мәнге  ие    емес.    Ал  контексте  атаққа  құмар,  өркөкірек 
адамның ақылды, ақылшы қартқа айналуы қарсы қойылған.  
Халқыңның өзің білесің де, ісіне күйесің де,  
Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп,  
Әйтеуір  сол  халықты  сүйесің  де  -  өлең  жолдарындағы  кею  сөзі  мен  мәз  болу 
фразеологизмі антоним. Яғни, «ренжу» мағынасы мен «қуану» мағынасының қарама-қарсылығы 
осылай берілген.  
Кейде мұндай ерекшелік прозалық шығармаларынан да көрініс табады. Мысалы: Көрген 
күндері  анау....  Өмірі  ішсе    тамаққа,  кисе  киімге  жарымайтындар  байдың  борышына, 
атқамінердің  жеміне  жеткізе алмай  таусылып жүргені(«Әңгімелер»).  Бұл мысалда бір  ғана 
ішсе  тамаққа, кисе киімге жарымайтындар (кедейлер) фразеологизмі бай, атқамінер сөздеріне 
қарсы мәнде берілген. 
Бір  жағы-өңшең  ақ  білек,  бір  жағы-өңшең  қүс  білек  –  автордың  ерекше  ұйқас  үшін 
жасаған авторлық антонимдік фразеологизмі. Мұндағы ақ білек фразеологизмі «қара жұмыстан 
қашатын  мырза-шора»  деген  мәнде  айтылса,  керісінше  күс  білек  «бейнетке  жақын,  еңбекқор 
кедейлер» туралы айтылған.  
Ілияста  лексикалық,  фразеологиялық  антонимдік  жұптармен  қатар  контекстік 
антонимдер  де  ұшырасады.  Тілімізде  жеке  алғанда  қарама-қарсы  мәнге  ие  болмайтын,  ал 
контекс  ауқымында  қарсы  мағынада  жұмсалатын  жұптарды  тілшілер  контекстік  немесе 
стильдік антонимдер деп атап жүр. 
Мысалы, мына бір өлең шумақтарына назар аударайық: 
Ықшылбай надан емес, «совработник», 
Аңдысқа ұсақ, өсек, тіпті жетік, 
Досқа бал, дұшпанға тас мінезі бар; 
Қояды «қап» дегенді бірдеңе етіп.              («Ықшылбай») 
Мұндағы, надан емес -  «совработник»  бірін-бірі жоққа шығарып тұрған қайшы мәнді 
сөздер,  дос  -  дұшпан    лексикалық  антонимдер,  бал  (мінез)  -  тас  (мінез)    контекстік 
антонимдер.  Қалайша  контекстік  антоним  деген  сауал  туындауы  мүмкін.  Түсіндірейік:  жеке 
алғанда бал сөзіне у, ашты т.б.сөздері антоним болуы тиіс, ал мұнда сөз мінездің балдай тәтті 
немесе  тастай  қатты,  яғни  жағымды-жағымсыз  болуына  орай  автордың  қолданысында 
контекс ішінде қарама-қарсы мәнге ие болып тұр. 
Қорыта  келе,  Ілияс  Жансүгіров    фразеологиялық  антонимдерді  өз  ыңғайына  орай 
контексте  шебер  қолдана  білген.  Сондай-ақ,  ақын  жалпы  халық  тіліндегі  фразеологизмдердің 
кейбірінің компоненттерін ұйқас ыңғайына қарай өзгертіп те қолданған.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет