«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет23/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208
Байланысты:
6-2018

Ключевые  слова:  психическое  состояние,  речевая  агрессия,  характер,  речевая 
единица. 
 
In  the  article  deals  with  the  mental  state  of  a  person.  In  the  poem  “Kulager”  by                   
I.  Zhansugurov  speech  aggression,  mental  state  of  “anger”,  “offense”  of  the  author  and  the 
characters are expressed in speech units. 
Key words:  psychological condition, aggression, character, rehearsal of one. 
 
Психологиялық  ахуал  адамды  толығымен  тануға  мүмкіндік  береді.  Адамды  бір 
көргеннен немесе  сол  сәтте  сөйлеген  сөзінен  танып  білу  мүмкін  емес.  Оның  мінез-құлқын, 


 
17 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
іс-әрекетін, жекелеген қасиеттерін белгілі бір күйге түскенде ғана оңай тануға болады. Сол 
секілді  көркем  шығарма  кейіпкерлерінің  бейнесін  ашуда  да    автор  психикалық  ахуалға 
көбірек мән береді. 
Әр  автор  кейіпкерінің  ішкі  жан  әлемін  ашуда  әртүрлі  көркемдік  тәсілдерге  жүгіне 
отырып,  қайталанбас  кейіпкерді  дүниеге  әкелетіні    белгілі.  Олардың  бәрі  де  өзінше 
қайталанбас, ерекше психологиялық стиль қалыптастыратыны да анық. 
Г.Штейнталь:  «Тіл  білімінің  негізгі  пәні  болып  табылатын  тіл  (язык)  адамның  ішкі 
психикалық және рухани іс-әрекеттерін, психикалық жай-күйлерін қарастыра отырып, оның 
сыртқы ортада көрініс беруіне ықпал етеді», – деген тұжырым жасайды. 
Адамның психикалық жай-күйі оның өмір сүруі барысында пайда болған құбылыстар 
жөнінде  хабар  береді.  Мысалы:  саналы  әрекет  (сүйсіну,  қызығушылық,  ойлану,  күдіктену 
т.б.), еріктік көріністері (белсенділік, енжарлық, шешім қабылдаушылық немесе бір шешімге 
келе  алмаушылық)  және  эмоционалдық  күй  (көңіл-күй,  қасірет,  стресс,  аффект  және  т.б.). 
Яғни  адамның  психикалық  жай-күйі  дегеніміз  –  оның  белгілі  бір  уақыт  ішінде  жасаған 
психикалық  әрекетінің  толық  сипаты  және  ол  өзіндік  басқару  мен  бағыттау  үдерістері 
арқылы  құрылған  психикалық  бағыт  жүйесінің  жоғары  және  төменгі  деңгейлерімен  тығыз 
байланысты болатын күрделі құрылым. Психикалық жай-күй, сонымен қатар, тұлғаның жеке 
тәжірибесі,  оның  жүзеге  асырылуын  да  белгілейді  және  мидың  қызметтік  қалпына 
негізделеді [1, 8].  
Қ.Жарықбаев 
пен 
О.Саңғылбаевтың 
психологиялық 
сөздігінде 
адамның 
психологиялық  ахуалына:  «Психикалық  ахуал  –  психикалық  процестің  динамикалық 
көрінісі,  оның  нақты  жағдайда  қалыптасқан  көрінісі.  Психикалық  ахуал  жеке  адам  мен 
ұжымның бір сәттегі эмоциялық, танымдық және мінез-құлықтық көріністерінің жалпылама 
сипатын білдіреді. Психологиялық ахуал эмоцияның даму сатыларынан тұрады, индивидтің 
түрлі  психикалық  қасиеттерінің  (жеңілтектік,  ұстамсыздық,  ашушаңдық  сияқты)  көрінісін 
білдіреді.  Психикалық  ахуалға  сезімнің  (көңіл  күй,  аффект,  үрей,  эйфория  және  т.б.), 
ықыластың (толғаныс, ессіздік), еріктің (батылдык, жинақылық, тартыншақтық), ойланудың 
(күмәндану),  қиялдың  негізгі  түрлері  жатады.  Төтенше  жағдайдағы  адамның  психикалық 
ахуалы стресс ретінде қабылданып зерттеледі» деген анықтама берілген [2, 47]. 
Гегель  жеке  тұлға  мен  қоғам  өміріндегі  атқаратын  функцияларына  байланысты 
эмоциялар мен сезімдердің арасындағы айырмашылықты көрсетуге ұмтылыс жасайды. Оның 
пікірінше, «ішкі сезімдер» екі түрлі бола алады. Біріншіден, кез келген ерекше күйде немесе 
қатынаста  болып,  жеке  (ашу,  кек,  қызғаныш, ұят,  өкініш),  екіншіден,  құқыққа,  әдептілікке, 
дінге керемет ақиқатқа жататындар. 
Қазақ  топырағында  адамның  психологиялық  ерекшеліктері,  олардың  адам  өмірінде 
алатын  орны  жайында  А.Құнанбайұлы  (Қара  сөздері,  өлеңдері),  Ш.Құдайбердіұлы  («Үш 
анық», 
«Мұсылмандық 
шарты»), 
М.Жұмабаев 
(«Педагогика»), 
Ж.Аймауытов 
(«Психология»)  т.б.  сынды  ақын-жазушылардың  еңбектерінен  көре  аламыз.  Мәселен, 
Абайдың  шығармаларындағы  басты  тақырыптарының  бірі  адам,  адамның  моральдық 
бейнесі, сыртқы портреті, іс-әрекеті, психикасы, т.б. болып табылады [1, 11]. 
 Ілияс  Жансүгіровтің  «Құлагер»  поэмасы  –  психологиялқ  жай-күйге  толы  шығарма. 
Поэмада    психологиялық  іс-әрекетті,  сезімді  бейнелейтін  оқиғалар  «Ас»,  «Егес»,  «Бай-бай, 
Құлагерім!»,  «Аттың азалы әні» атты тарауларда ат жарысымен, Құлагердің мерт болуымен, 
сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуімен суреттелген. Сондай-ақ шығармада 
ашу, ыза, реніш секілді психологиялық ахуалдар шебер сипатталған. 
Психологияда  ашуға  мынандай  анықтама  беріледі:  «Ашу  (қаһар)  –  субъектіде  өте 
маңызды  қажеттіліктің  күшті  кедергіге  ұшырап,  орындалу  мүмкіндігінің  кенеттен 
жойылуына  байланысты  пайда  болып,  дүлей  көрініс  беретін  ұнамсыз  эмоциялық  күй»  [2, 
25]. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былай делінген: «Ашу – ыза, реніш, кейіс; бұлқан-
талқан күй»[3, 76].  
Автор  «Құлагер»  поэмасындағы  «ашу-ыза»,  «реніш»    психикалық  жай-күйін,  сол 
кезеңдегі халыққа деген ренішін дисфемизмдер мен дөрекі сөздер арқылы көрсеткен. Қазақ 


 
18 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет