Ахметбек Әлпекұлы –
Моңғолия
мемлекетіне
еңбек
сіңірген
өнер
қайраткері, Моңғолия композиторлар одағының мүшесі, Моңғолия қазақтарының «Сыбызғы
домбыраға арналған күйлері» кітабы редакторы. 1958-1962 жылдар аралығында Мәскеуде
Чайковский атындағы консерватория қасындағы музыкалық училищені композитор және
хормейстр мамандығымен бітіріп, театрда оркестр дирижері, хормейстр болып жұмыс
істеді. Ленинградтағы Римский-Корсаков атындағы консерваторияның Хормейстр және
Опера дирижері класында оқып, профессор Рабинович, Тилзе, Михайлов сияқты атақты
дирижерлерден дәріс алып, соңынан 1967-1972 жылдарды Қазақ ССР-ның Құрманғазы
атындағы корсерваториясында оқып, оны оркестр дирижері және теориялық пәндердің
оқытушысы деген мамандықпен бітірді. 1991 жылы Қазақстанға Талдықорған
облысы, Талдықорған қаласына қоныстанып, Талдықорған облысының М. Төлебаев
атындағы филармонияның оркестрін ашуға ат салысып, оркестр дирижерын 7 жыл, І.
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 1992-жылдан 9 жыл аға
оқытушы, Жетісу халық аспаптар оркестрінің жетекшісі әрі дирижері, және Қ. Байсейітов
атындағы училищесінде ұстаздық қызметтерін атқарды. «Тәуелсіз Қазақстан» хор,
«Қаракерей Қабанбай» ерлер ансамблі, «Тәуелсіз Қазақстан» оркестрға арналған поэмасы,
«Жерұйық» оркестрға арналған шығармасы, «Туған жер» қыздар ансамблі, «Туған жерін
сағынбайтын жан бар ма?» жеке әні, «Қыздар гүлге құмар ма?», «Айбала» жеке әндері,
«Университет композиторларының ән-күй шығармаларының жинағы» кітабы, Көбес
Ақылбайұлының 30-дай ән – күйлеріне клавир жасап, баспаға дайындады.
Музыкалық шығармалары Сырғалы толқыны Адуучин, Фантазия Дөрвөд Рапсодиясы,
Мерекелік увертюра Баярын удиртгал, Жерұйық. Музыкалық драмалары Ғ. Мүсірепов
«Ақансері-Ақтоқты» музыкасы, Қ. Сіләм «Гүлжан» музыкасы, Д. Гомбосүрэн «Хуурын
эгшиг» музыкасы, Д.Мягмар «Эрдэмтний яриа» музыкасы. Қазақ оркестріне арнап түсірген
классикалық жанр композиторларының шығармалары Дамдинсүрэн «Жұмбақ төбелер»
операсының жаңа нұсқасы, Хасбаатар «Симфониялық поэма», Чулуун «Уран хас» балетінің
увертюрасы, Чойдог «Найрамдлын удиртгал», Моцарт «Фигароның үйленуі» операсының
увертюрасы, Шуберт «Музыкальный момент», Бетховен «Эккессозі», Бетховен ІV-
симфониясының финалы, Брамс «Венгер биі». шығармалары жарыққа шыққан.
Осылайша, мәдениет пен өнеріміз тарихи сындарға төтеп беріп, қиын-қыспақ
кезеңдерден, асу-асу белдерден асты. Ұлттық тіл, салт-сана, әдет-ғұрып, мәдениет пен
өнердің қаймағы бұзылмай бүгінгі күнге жетті [3].