«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет63/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   208
 
 
 
 
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз...» [4, 61 б.] 
Бұл 
келтірілген 
үзінділерде 
ақын 
өнер, 
ғылым, 
еңбек, 
достық, 
қастық,  әділдік,  өсек,  өтірік,  жауыздық,  рахымшылық,  талап,  ұят,  ар,  тағы  басқа 
бірнеше  нәрселердің  бетін  ашып,  не  нәрсені  адам  қасиет  біліп  үйрену,  не  нәрседен 
қашу  керектігіне  басалқылық  жасап,  даналық  ақыл  береді,  сондай-ақ  танымды  арттыруда 
маңызы  зор.  Осылар  тәрізді  өмірдің  әр  саласын  алып,  аз  сөзге  көп  мағына  сыйғызып, 
жұртшылыққа айтқан Абайдың өнегелі сөзі, үлгілі өсиеті көп. 
Афоризм  –  құрылысы  жағынан  мақал  сияқты,  бірақ  тың  жайды  айтатын  күшті  сөз. 
Абайдың аудармаларының ішінде де афоризмдер бар. Олар мақал болуға даяр тұрған сөздер: 
«Досы  жоқпен  сырлас,  досы  көппен  сыйлас,  қайғысыздан  сақ  бол,  қайғылыға  жақ  бол»; 
«Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл». Екінші мысалдағы «тұл» 
сөзіне  этимологиялық  сөздікті  қолданып  талдасақ,  көне  түркі  тілінен  шыққан  сөз,  қазіргі 
түркі  тілдерінің  көбінде  қолданылады.  Азербайжан,  түрік,  гагауз  тілдерінде  дул,  өзбек, 
қырғыз,  ұйғыр  тілінде  тұл.  Осы  тілдердің  көпшілігінде  тұл  сөзі  жесір  әйелді  білдіреді. 
Қазіргі қазақ тілінде тұл сөзі ауыспалы мағынада да қолданылады [5, 193 б.], [7, 13 б.]. 
Абай афоризмдері ақынның жеке шығармашылығы аясымен ғана тұйықталып қалған 
жоқ, әдеби тіл қорынан лайықты орын алды. Тіпті халық тілінің төл туындысына айналды, 
әдеби тілді байытуға үлес қосып, тілдік мәртебені жоғарылатты. 
Абай  афоризмдері  ұлттық  психологияның  жағымды-жағымсыз  тұсына  түйін  жасап 
қана қоймайды, ең озығын одан әрі бекіте түседі [6, 75 б.]. 
Афоризмдер  –  Абай  тілдік  тұлғасының  негізгі  стильдік  ерешелігі,  басты  көрсеткіші 
болып табылады. 
Қорыта  келе,  Абай  шығармаларындағы  афоризмдер  қазақ  дүниетанымының 
айнасындай  болып,  қазақ  ойын  жаңғыртады,  сөйтіп  қанатты  ойлары  мен  ажарлы 
афоризмдері бүкіл шығармашылық мұрасының негізгі өзегін құрап  отыр.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Федоренко Н.Т., Сокольская Я.И. Афористика. – Москва: Наука, 1990. -419 б.  
2.  Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 2009. - 212 б. 
3.  Құнанбаев АШығармаларының екі томдық жинағы: ІІ т. –Алматы: Қазақ ССР-нің 
«Ғылым» баспасы, -312 б. 
4.  Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы: І т. – Алматы: Қазақ ССР-нің 
«Ғылым» баспасы, - 316 б. 
5.  Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігі:  Қазақ  ССР-ның  «Ғылым»  баспасы, 
Алматы, 1966. -233 б. 
6.  Қ.Жұмалиев Қазақ әдебиеті  тарихының мәселелері  және Абай  поэзиясының тілі.- 
Алматы: Қаз.мем.көркем әд.баспасы, 1993. - 128 б. 
7.  Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. -128 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
49 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет