«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет79/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
Сондай-ақ,  дәлелдемелер  бастапқы  және  туындайтын  болып  бөлінеді.  Бастапқы 
дәлелдемелерге  ақпарат  дереккөздері  (құжаттар,  төлқұжат,  жүргізуші  куәлігі)  жатады. 
Бастапқы ақпаратты қамтымайтын дереккөздерге құжаттардың көшірмесі т.б. жатады [2]. 
Дәлелдеу  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  iстердi  заңды,  негiзді  және  әдiл 
қарау  үшiн  маңызы  бар  мән-жайларды  анықтау  мақсатында  дәлелдемелердi  жинаудан, 
тексеруден  және  бағалаудан  тұрады.  Енді  осы  элементтердің  әрқайсысына  анықтама  беріп 
өтейік.  
1) Дәлелдемелерді жинау – осы ӘҚБтК-де көзделген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы 
әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  iстер  бойынша  іс  жүргізу  процесінде  жүргізіледі. 
Нәрселер  мен  құжаттар  оларды  бағалағаннан  кейін  iске  тігіледі,  бұл  жөнінде  әкімшілік 
құқық  бұзушылықтар  туралы  хаттамада  тиісті  жазба  жасалады  немесе  бөлек  хаттама 
жасалады. 
2) Дәлелдемелерді тексеру – әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша барлық 
жиналған  дәлелдемелер  мұқият,  жан-жақты  және  объективтi  тексеруге  жатады.  Тексеру 
алынған  дәлелдемелердi  талдауды,  оны  басқа  дәлелдемелермен  салыстыруды,  қосымша 
дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды. 
3)  Дәлелдемелердi  бағалау  –  бұл  дәлелдемелерді  талдау  мен  синтездеуден  тұратын 
және жеке дәлелдемелердің тиесілігі, жол беруге болатындығы, анықтығы мен маңызы және 
қабылданған шешімді негіздеу үшін олардың жиынтығының жеткіліктілігі туралы түйінмен 
аяқталатын  логикалық  ойлау  қызметі.  Әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  іс  бойынша  iс 
жүргiзудi  жүзеге  асыратын  судья,  орган  (лауазымды  адам)  дәлелдемелердi  заң  мен  ар-
намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты, толық және 
объективтi қарауға  негiзделген  өзiнiң  iшкi  сенiмi  бойынша  бағалайды.  Ешбiр  дәлелдеменiң 
алдын ала белгiленген күшi болмайды. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  дәлелдемелер  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  істер 
бойынша  іс  жүргізуде  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасаған  тұлғаның  кінәлілігін  немесе 
кінәсіздігін  анықтауда  маңызды  рөл  атқарады.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2017  жылы  31 
қаңтарда  жариялаған  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік» 
атты  Жолдауында  әкімшілік  және  қылмыстық  заңнаманы  ізгілендірудің,  сондай-ақ, 
әкімшілік  айыппұлдардың  әділетті  және  құқық  бұзу  деңгейіне  сәйкес  болуға  тиіс  екендігін 
нақты айтқан болатын[3]. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс 
жүргізу барысында судья немесе орган дәлелдемелерді ішкі сенімі бойынша бағалай отырып, 
әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  істі  толық  шешуі  қажет.  Бұл  өз  кезегінде  адамның 
әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасағанын  не  жасамағанын  нақты  анықтауға  және  Елбасы 
тапсырмасына сәйкес әкімшілік заңнаманы ізгілендіруге мүмкіндік береді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  ҚР-ның  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексі  //  «Әділет»    ақпараттық-
құқықтық жүйесі, 2018. 
2. ҚР-ның әкімшілік құқығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2009 – 248-249 б. 
3.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  2017  жылы  31  қаңтарда  жариялаған  «Қазақстанның 
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы // «Әділет»  ақпараттық-
құқықтық жүйесі, 2018. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
65 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет