63
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
-сараптама жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы
(сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi,
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы,
атқаратын лауазымы);
-сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы
өзiнiң ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгi;
-сарапшының (сарапшылардың)
алдына қойылған мәселелер;
-сараптама жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген
түсiндiрмелер
туралы мәлiметтер;
-объектiлер;
-пайдаланылған әдiстемелер көрсетiле отырып, зерттеулердiң мазмұны мен
нәтижелерi;
-жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың)
алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндердің негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге
тиiс.
Сарапшының айғақтары – бұл өзі ұсынған қорытындыны түсіндіру немесе нақтылау
мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында хабарлаған
мәліметтері болып табылады.
3) Маманның қорытындысы – бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адам немесе тараптар маманның алдына
қойған мәселелер бойынша жазбаша түрде ұсынған пікірі, оларға жауап қайтарылған кезде
тиісті зерттеу жүргізу талап етілмейді.
Маманның қорытындысы кіріспе, сипаттау бөліктерінен және түйіндерден тұрады.
1. Кіріспе бөлігінде: қорытындының берілген күні, орны, уақыты; арнайы зерттеу
жүргiзуді тапсырған лауазымды адам; маман туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол
болған кезде), бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi,
ғылыми атағы, атқаратын лауазымы) көрсетiлуге тиiс.
2. Сипаттау бөлігінде: маманның алдына қойылған мәселелер, қорытынды беру үшін
маманға ұсынылған объектілер, материалдар, құжаттар, зерттеу кезінде қатысқан адамдар
қамтылады.
3. Түйіндерде маманның қойылған мәселелерге жауаптары және олардың ғылыми
негіздемесі көрсетіледі.
Маманның айғақтары – бұл маманның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау
барысында арнаулы білімді талап ететін мән-жайлар туралы хабарлаған мәліметтері.
4) Заттай дәлелдемелер - құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған не оның
iздерi қалған заттар болып саналады.
Заттай дәлелдемелер, егер қажет болса, суретке түсiрiледi немесе өзге тәсiлмен
тiркеледi және iске тiгiледi, бұл жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға
немесе осы Кодексте көзделген өзге хаттамаға жазба жазылады. Жүргізуінде әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай
дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi
қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5) Құжаттар – егер ұйымдар, лауазымды адамдар және жеке тұлғалар баяндаған
немесе куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы
болса, дәлелдемелер деп танылады.
Құжаттар жазбаша да, өзге де нысанда тiркелген мәлiметтерді қамтуы мүмкiн.
Құжаттарға, оның ішінде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алдырылған
немесе ұсынылған компьютерлiк ақпаратты, фото және кино түсiрiлiмдерді, дыбыс және
бейнежазбаларды қамтитын материалдар жатқызылуы мүмкiн[1].
Дәлелдемелер тура және жанама болып бөлінеді. Тура дәлелдемеге әкімшілік құқық
бұзушылық бойынша алынған заттар, көлік құралының авариялық жағдайы және т.б.
жатады.