жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық
қабілеттерін де дамытады.
Көрнекі психолог А.П. Карпов шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды
түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде «шығармашылық» ұғымы «жаңалық», «жаңа дүние
жасау», «жаңалық ашу» ұғымдарына жақын қолданылып жүр [1].
Әдіскер – ғалым А.А.Баллаев шығармашылыққа оқушылардың жазған өлеңі мен
прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай – ақ, жеке күнделіктері мен хаттарды
т.б. жатқызады [2].
Ғалым А.Әлімов шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық
жұмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші жақпен
баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз жандарынан
әңгіме құрастыру, т.с.с.) барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
жолдары деп көрсетеді. [3].
Демек, шығармашылық – өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде
оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау
мүмкіндігінің жесісі және оған жеткізетін әрекеті деген.
мағынаны білдіреді.
Әрине, өздігінен ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген, жинаған материалын талдай
білген оқушының әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, оның идеялық-эстетикалық мән
– мағынасын терең ойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндіктер туатыны сөзсіз. Сонымен
қатар оқушының оқырмандық, ізденімпаздық белсенділіктерін де арттырады.
Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп,
білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
«Қазақстанның болашағы – дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған.«Балалардың
бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы
дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі
заманның талабы.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға
бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде
қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді
әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға
қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы
қабілеттерін шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту
үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен мектепті дамыту
жоспарының басымдығын
Мұғалім оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және
танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді.
Блум таксономиясы – жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және
білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.
Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі
құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу
әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін,
зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз
ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім
мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу үшін жағдай жасау болып табылады.
Осыған орай, әдебиет пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми
зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы
дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге айналуда. Әдебиеттен білім