Талдау
Тапсырма: «Әнші» өлеңінің әр бөліміне ат қойыңыздар.
Үлгі:
Нәтижесі: Өлеңді бөлімге бөлу үшін оқушы өлеңді түсініп оқиды,
яғни мазмұнын толық түсінеді.
Тапсырма : І.Жансүгіровтің «Әнші» өлеңіне сатылай кешенді
талдау жұмысын жасау [3]
1. Авторы - І.Жансүгіров
1. Тақырыбы: Өнер
2. Жанр түрі – поэзия.
3. Идеясы: Өнер адамының халыққа, туған елге қызмет етуі.
4. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 4
шумақты.
5.Тармақ – өлеңнің әр жолы. Өлең 63 тармақты.
6. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
7. Буын саны–сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына
байланысты. 11 буынды.
8.Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп,
оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер
үндестігі.
Қара өлең ұйқасы /а-а-б-а/
6.Әдебиет теориясы бойынша
Эпитет: ми дала, меңіреу шөл, күміс көл
Теңеу: үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп.
8. Метафора: бұлбұлмын,тұлпармын, тауықпын, майдамын
Градация: ән салсаң, өзімдей сал аңыратып, нөсерлетіп,
тамылжытып, бәсеңдетіп т.б.
7. Шығарманың маңызы, ерекшелігі «Інжу-маржан» - Әсет әні.
Құбылмалы қайырымдар, қайталанып келетін ішкі жүйелі әуендер.
Ән кәсіби әндердің классикалық үлгісіне жатады.
Нәтижесі: Талдау жұмысын орындау арқылы оқушы әдебиет
теориясы бойынша І.Жансүгіров тілінің көркемдік ерекшелігін
таниды, меңгереді.
Бөлімдері
Бөлімінің аты
I бөлім
Арынды Әсет
II бөлім
III бөлім
IV бөлім
Жинақтау
І.Жансүгіровтің «Әнші» өлеңінің логикалық моделін құрастыру.
3.Абай өлеңдерімен, басқа да ақын-жазушылармен үндестігі: Абай
«Құлақтан кіріп, бойды алар», Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
4. Әсет кім? Әнші, композитор, айтыскер ақын, Біржан сал,Ақан
сері әндерін орындаушы. «Інжу-маржан» әнінің авторы.
5.Әннің, әншінің ән салу сипаты: аңыратып, күңірентіп,
жорғалатып,
боздатып,
дауылдатып,
бұрқақтатып,
шаңқылдатып, жүрдектетіп т.б.
Бағалау
«Өнер көзі- халықта» тақырыбына эссе жазу.
Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы
оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және
рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық
қабілеттерін дамыту.
77
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік
сана – сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады. Сыни тұрғыдан ойлау
дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білім
беріледі, жеті модуль де қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін
таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір
деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады.
Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта
қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.
Оқушының білім жолы мен іс-әрекет бағдарламасы оқу стратегиясы деп аталады. Оқу
стратегияларын үйрену ақпараттық деңгей иерархиясын ашу біліктілігі ғана емес (дәлел,
пікір, пайымдау), мәтін мағынасының иерархиясы (негізгі ой, тақырып, тақырыпшалар,
шағын тақырып және т.б.), және әрине, түсіну процесі (рефлексивтік ақпарат), яғни оқу
барысындағы түсіну рәсімі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін дамытуға
аналитикалық, интерпретациялық және сыни оқу өнерін меңгеру көмектеседі. Мәтіннің
мағынасын түсініп оқу қабілетін меңгеру әр уақытта кітап бойынша өнімді оқуға мүмкіндік
береді.
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру.
Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның
рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады. Оқушы бойында
рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.
Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі -
рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға
айналдырудың маңызы зор:
-өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен
танымды қалыптастыру;
-өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
-өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін
нәтиже шығару;
-өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
-рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім
қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін
ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды. Білім беру мен
тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына
сөздерін еске алған жөн. «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің
өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің
көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты
негіз салуы керек» [4,56] -деген екен.
Сонымен, бүкіл әлемде жүріп жатқан білім жүйесі реформасының басты мағынасы-
оқытудың мазмұнын жоспарлауды (кешегі күннің идеясы) білім игеру үдерісінің
нәтижелерін құрастырумен алмастыру. Бұл ұстаным оқу, оқыту үдерісіне келесідей
өзгерістер әкеледі:
- басты назар мұғалімнен оқушыға ауысады.
- білім жүйесі «оқытудан /үйретуден» (оқытушыны басты тұлға деп танитын
ұғым) - негізгі субъект ретінде оқушыны қарастыратын «оқуға/ үйренуге» ауысады.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы»
дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге
үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен,
әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім
сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-
ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше
бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте
естен шығармағанымыз жөн..
78
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |