Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалы-химиялық процесс


Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі47,06 Kb.
#12389
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Семестрлік жұмыс охрана труда

Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру



Кәсіпорындағы ішкі бақылау Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтауға ішкі бақылауды жүргізу, жұмыс берушінің міндеті болып, еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау саласында мамандардың қатысуын, ал белгілі бір жағдайларда арнайы бөлімшені құруды талап ететін, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік факторлардың мониторингі, кәсіптік тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша белгілі бір міндеттер мен шараларды жүзеге асыруды көздейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі деп аталатын, бұл бөлімше, жұмыскерлерінің саны елуден асатын,өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда құрылуға тиіс. Бұл ретте, «өндірістік қызмет» ұғымы ҚР ЕК және ҚР-ның басқа заңнамалық актілерінде жоқ, соған байланысты жұмыс берушінің қалауы бойынша түсіндіріледі, бірақ, көптеген кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі құрылмайды. Дегенмен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген, Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында, өндірістік объектілер ұғымына, олардың өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек тұрған өндірістік бөлімшелері екенін түсіндіретін анықтама берілген. Тиісінше, өндірістік қызметті, өнімді шығаруға және дайындауға, пайдалы қазбаларды әзірлеуге, өндіруге және өңдеуге, және құрылысқа байланысты қызмет ретінде түсінуге тиіс. Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Қызмет ұйымның бірінші басшысына немесе оның өкілетті тұлғасына бағынады, өзінің дәрежесі бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. Қызметті ұйымның бірінші басшысы тағайындаған адам басқарады. Қызметтің құрылымы мен санын, ұйымда жұмыс істейтіндердің санына, сондай-ақ өндірістің қауіптілігі мен зияндылығына байланысты, жұмыс берушінің өзі белгілейді. «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналынан басқа да пайдалы мақалалар оқыңыздар: ҰЙЫМДА ҚАНДАЙ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАМА ӘЗІРЛЕНУІ ТИІС? ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША МІНДЕТТІ МЕРЗІМДІ ТҮРДЕ АТТЕСТАТТАУ: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТҮСІНДІРМЕЛЕР ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАДАН КЕЙІН КІМНЕН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖАУАП АЛУ КЕРЕК Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау  Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді. Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметін құрған кезде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1020 бұйрығымен бекітілген, Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені басшылыққа алу қажет. Үлгілік ереженің негізінде, өндірістің ерекшелігін, жұмыскерлердің санын, еңбек жағдайларын, өндірістің зияндылығын және басқа да факторларды ескере отырып, жұмыс беруші Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді, оның жұмысын, құрылымын, санын, негізгі мақсатын, ҚР Еңбек Кодексі сәйкес, мамандарының құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің қажетті саны еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты мен міндеттері бойынша жұмысты орындайтын уақыт нормативтері есебінің негізінде белгіленеді және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 604-ө-м бұйрығымен бекітліген, Ұйымдарда (кәсіпорындарда) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлер санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет