Лекция. Көшбасшылар туралы жалпы түсінік Соңғы жүз жылда ғалымдар мен ақындар «көшбасшылыққа» жүздеген



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі237,16 Kb.
#21423
түріЛекция
  1   2   3   4


1 лекция. Көшбасшылар туралы жалпы түсінік 

     Соңғы жүз жылда ғалымдар мен ақындар «көшбасшылыққа» жүздеген 

анықтама ұсынды. Бір америкалық ғалым көшбасшылықтың үш жүз елуден 

артық анықтамасын шығарды (2). Яғни бүгінгі күні көшбасшылықтың 

бірыңғай ғылыми түсінігі жоқ. Р.Л.Кричевский аталған жағдайға екіұшті 

қарайды (3, б.6). Ол бір жағынан сыни қарап, «көшбасшылық туралы 

түсінікте қарама-қайшылықтың болуын, теориялық және эмпирикалық 

жасақтамалардың жеткіліксіздігін» аталған феноменнің анық және айқын 

еместігін түсіндіреді. Р.Л.Кричевский басқа қырынан қарап, «талқыланып 

отырған құбылыстың қиындығын, оның аспектілерін зерттеудің және 

шынайы қызмет ету формаларының көп жоспарлы екенін түсіну» негізінде 

жатқанын белгіледі. Сонымен қатар барлық көшбасшылықтың анықтамасы 

оның маңызды белгілерін көрсететінін атап өту қажет. Оның тарапынан 

көшбасшылықтың тұлғаның тиімділігін тудыратын сипат, бағындыруға 

жеткізетін өнер, сендіру формасы, билікке қатынас, рольдік 

дифференциация, құрылымды тудыратын процес, әрекет немесе мінез-құлық, 

топтық өзара әрекет нәтижесі, ықпалды жүзеге асыру, әлеуметтік перцепция 

процесі ретіндегі анықтамалар берілген (3, б. 10-14). Қазіргі уақытта 

көшбасшылық саласы бойынша жасалған негізгі әлемдік жасақтамалардың 

көп бөлігі шетелдік әдебиеттерде ұсынылған. Қазіргі таңдағы ғаламдану 

үрдісі білім беруге ықпалын тигізуде. Әлемдегі болып жатқан өзгерістер 

мұғалімдерден өзгерісті енгізу бойынша әрекеттің нақты алгоритмінің 

болуын, көшбасшылықтың басқару дағдыларын дамытуын, топты құра 

білуін, әріптестері арасында қарым-қатынас жасай алуын, топтық өзара 

әрекетті ынталандыруды арттыруын және оқыту мен оқуда жоғары нәтижеге 

жету үшін әріптестерінің жауапты болуын талап етуде. Зияткерлік 

бәсекелестік жағдайында қазіргі таңдағы мұғалімге қойылатын міндетті 

талаптардың бірі-үздіксіз өзін жетілдіру, педагогикалық ізденіс пен 

шығармашылық болып табылады. Мұғалімнің кәсіби табыстылығы көбінесе 

оның өзінің және оқушыларының шеберліктері мен қажеттіліктерінің 

деңгейіне, ойлау тәсілі мен көшбасшылығының дамуына байланысты. 

«Сыныптағы мұғалім – бұл формальды емес басшы, оны оқушылары 

көшбасшы деп мойындауы мен мойындамауына оның кәсіби табыстылығы 

ғана емес, сонымен бірге оқушыларының сенімінің деңгейіне, басқаларға 

ықпал ету мүмкіндігіне, оның репутациясына және іскерлік имиджіне 

байланысты»  

       Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара 

алуқабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір 

мәнерде ұстауынамәжбүр ету арқылы олардың мінезқылықтарына әсер ету 

үшін басқарушыныңқолданатын құралы.  

       Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – 

бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, 

өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен 

қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, 




оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады. Көшбасшылықты 

әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен әлеуметтік қатысу

әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады .    

       Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. 



Басшы –бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап 

беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері 

орындаған жұмысты реттеп қабылдап отырады.  

  Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр 

қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет