258
береді. Бұл қасиеттер коллоидтар түрінде кездесетін ірі молекулалы
қосылыстарға тəн. Демек, зат пен энергияның алмасуы біртұтас процестің екі
беті, бірақ түсінуге жеңілірек болу үшін оларды жеке талқылаймыз.
Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты екі процестің
жиынтығы. Олар ассимиляция жəне диссимиляция. Ассимиляция нəтижесінде
қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық
қосылыстар түзіледі, торшалардың құрылымы күрделіленеді. Бұл процесте
химиялық бос энергиялар пайдаланылады, сондықтан ассимиляция
эндоэргиялық құбылыс.
Диссимиляция нəтижесінде торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым
заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл экзоэргиялық құбылыс. Бұл
энергияны организм өзінің тіршілік əрекетін сақтау, өсіп-өну үшін жұмсайды
жəне
энергияның
басқа
түрлеріне
(механикалық,
электр, жылу
энергияларына) айналдырады. Анаболизм əр түрлі межелерден басталып, бір
мəреде - нақтылы өнім түзумен аяқталады. Катаболизм, керісінше, нақтылы
бір межеден - қосылыстан (белок, көмірсулар, майлар) басталып, əр түрлі
өнімдер түзумен аяқталады.
Зат алмасу процесі үш кезеңде өтеді. Оның алғашқы кезеңі сыртқы ортадан
қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық,
биологиялық өңдеуден өтіп, қорытылуынан басталады. Сол себепті ас
қорыту процесін зат алмасудың бастапқы кезеңі деп атайды.
Ас қорыту жолынан ыдырау өнімдерінің қан мен лимфаға сіңуімен екінші
саты басталады. Бұл кезеңде əр түрлі органикалық заттар ыдырап,
синтезделіп, көптеген аралық жəне ақырғы алмасу өнімдері пайда болады,
қоректік заттар энергия көзі, құрылымдық материалдар ретінде
пайдаланылады.
Зат алмасу процесінің соңғы, үшінші кезеңі организмде пайда болған
ыдырау өнімдерін бөліп шығару болып табылады.
Организмде қалыпты жағдайда жүретін күрделі биохимиялық процестер
жиынтығын жалпы зат алмасу деп атайды. Ол жоғарыда баяндалған
кезеңдер мен процестерден тұрады да, көптеген сыртқы жəне ішкі
факторларға байланысты өзгеріп отырады.
Организмдегі маңызды физиологиялық процестер (органикалық заттардың
түзілуі, тыныс алу, қан айналым, ет тонусы, дене жылуын сақтау т.б.) мен
тіршіліктік мəні жоғары ағзалардың мұқтаждығын салыстырмалы тыныштық
пен ашқарын жағдайында қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейін негізгі зат
алмасу дейді.
Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш шартты сақтау керек. Олар: 1)
Салыстырмалы тыныштық; 2) Қоршаған ортаның бейтарап температурасы
(мал үшін жағымды - оптимальды деңгей); 3) Ашқарын жағдайы (ас қорыту
жолында азық қалдығының болмауы). Аталған шарттардың соңғысын сақтау
259
малды зерттегенде мүмкін емес. Осы себепті малда жалпы зат алмасуды
зерттейді. Негізгі зат алмасуды тек ит пен мысықта ғана анықтауға болады.
Қоректік заттардың ас қорыту ағзаларынан сіңгеннен кейінгі күрделі
химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралық зат алмасу деп атайды. Бұл
процестің арқасында организм өзінің тіршілік əрекетін қамтамасыз ететін
жəне əр түрлі өнімдерді өндіруге қажетті заттар мен энергияны алады,
пайдаланады. Қоректік заттардың организмде түрленуін қамтамасыз ететін
химиялық өзгерістер тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның
нəтижесінде түзілген заттарды - аралық не соңғы алмасу өнімдері, немесе
метаболиттер деп атайды.
Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, су мен
минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді.
Белгілі бір өнім өндіру (сүт, ет, жұмыртқа, жүн), немесе жұмыс атқаруды
қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейін өнімдік зат алмасу деп
атайды. Мысалы, 1 кг шөпті қорыту үшін сиыр 461 кДж энергия жұмсайды.
Достарыңызбен бөлісу: