Жануар физол


 Зат алмасуды зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет193/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   504
9.2. Зат алмасуды зерттеу əдістері 

 

    Зат  алмасу  процесін  зерттеу  мақсатында  ағзаларды  оқшаулау,  тамыр 



көбектеу  (ангиостомия),  биопсия  сияқты  жалпы  физиологиялық  əдістермен 

қатар, əртүрлі арнаулы тəсілдер де қолданылады (105-сурет). 



 

 

Организмде  белоктардың  алмасуын  тексеру  үшін  баланстық  тəжірибелер 



жүргізеді. Ол үшін организм қабылдаған азот мөлшерін организмнен зəр мен 

нəжіс арқылы бөлінген азот мөлшерімен салыстырып, «азоттық баланстың 

анықтайды.  Организм  қабылдаған  азот  мөлшері  мен  нəжіс  құрамында 

бөлінген  азот  мөлшерінің  айырмасына  қарап  денеге  сіңген  белок  мөлшерін 

есептеп шығаруға болады. Белок құрамында орта есеппен 16 пайыз (немесе 

100  г  белокта  6  г)  азот  болады.  Осыдан  организм  қабылдаған  жəне  бөлген 



105-ñóðåт.

  Á-óûð  ºûçìåтií  çåðттåó 

¸äiñтåði: 

-  -    á-óûð  ºûçìåтií  -íãèîñтîìèÿ 

т

¸ñiëiìåí  çåðттåó  (1-  º-ºï-ëûº  âåí-; 



2- á-óûð -ðтåðèÿñû; 3- á-óûð âåí-ñû; 

4--ðтºû  ºóûñ  âåí-  5-т-ìûðë-ð¹- 

áåêiтiëåтií  ê¼áåêтåð);  Á  -  á-óûðäû 

îºø-óë-óäû»  Ýêê--Ï-âëîâ  ½ñûí¹-í 

æîëû. 

1-º½ðñ-º 



âåí-ñûíû» 

æ-ìá-ñтûº  á¼ëiãi;  2-  º-ºï-ëûº  âåí-; 

3-á-óûð¹-  á-ð-тûí  âåí-íû  áó¹-í 

æiï;  4-  î»  æ-º  æ¾ðåêøåãå  á-ð-тûí 

т

-ìûð;  í½ñº-ì-ë-ð  -  º-ííû»  æûëæó 




 

260


азот  айырмасын  6,25  коэффициентіне  көбейту  арқылы  денеде  жинақталған 

белок  мөлшерін  анықтайды.  Денеде  бұзылған  белоктың  мөлшерін  зəр  мен 

тер құрамында бөлінген азот мөлшерін 6,25 коэффицентіне көбейту арқылы 

біледі. Дегенмен, бұл əдіс зат алмасу процесінің сапалық жағын көрсетпейді, 

жеке  ағзалар  мен  ұлпалардағы  күрделі  құбылыстар  жайлы  мағлұмат  бере 

алмайды, ол тек зат алмасудың қарқынын ғана көрсетеді. 

Жеке ағзалар мен ұлпадағы зат алмасу процесін зерттеу үшін органдарды 

оқшаулау,  тамыр  көбектеу,  тамыр  сүңгілеу  (катетерлеу)  əдістері  кеңінен 

қолданылады. 

Қазіргі  кезде  зат  алмасу  процесін  зерттеу  мақсатында  таңбаланған 

атомдар  да  кеңінен  қолданылады.  Бұл  əдіс  бойынша  алмасу  жолы 

зерттелетін  заттар  арнаулы  өңдеуден  өткізіледі  де,  олардың  құрамындағы 

жеке элементтердің массасы мен радиоактивтік қасиеттері өзгеріп, изотоптар 

пайда  болады.  Осы  тəсілмен  құрамына  қалыпты  азот,  көміртегі,  фосфор, 

күкірт орнына олардың радиоактивті изотоптары енген (мысалы, массасы 35-

ке  тең  азот  атомы  (N

35

),  немесе  массасы  14-ке  тең  көміртегі  атомы  (C



14

), 


массасы 35-ке тең күкірт атомы (S

35

), массасы 32-ге тең фосфор атомы (Р



32

)) 


т.б.  амин  қышқылдары  мен  басқа  да  органикалық  жəне  минералды 

қосылыстар алынады. Бұл заттардың ағзалар мен ұлпаларға таралуына қарап, 

олардың  зат  алмасудағы  рөлін  анықтайды.  Аталған  радиоактивті 

изотоптарды  бақылау  үшін  ұлпаларды  радиометриялық,  немесе  масс-



спектрометриялық  тексерулерден  (атомдар  мен  молекулаларды  массасына 

сəйкес жіктеу) өткізеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет