Жануар физол



Pdf көрінісі
бет225/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

113-сурет. Тұйық айналымды респирациялық аппарат схемасы: 

1-

 



камера;  2  -  сорап;  3  -  су  мен  газдарды  сіңіргіш;  4  -  қақпақша;  5-  оттегі 

беретін қондырғы.  

 

 



 

306


Респирациялық камераларда жануарлардың газ алмасуын тəулік бойына 

немесе одан да ұзақ уақыт зерттеуге болады. Респирациялық камералар не 

тұйық  жүйелі,  не  таза  ауа  мен  оттегі  үздіксіз  келіп  отыратын  (ағынды) 

принциппен жасалады. 

Респирациялық камера қос қабырғалы металл жəшік. Қабырғалар арасы 

сумен  толтырылады.  Ішкі  жəшікке  малды  орналастырады.  Одан  сорылған 

ауа  көмір  қышқыл  газды  сіңіру  үшін  сілті  ертіндісінен  жəне  ылғалдықтан 

айыру  үшін  хлорлы  кальций  ертіндісінен  өткізіледі.  Камераға  арнаулы 

резервуардан  оттегі  беріліп  отырады.  Газ  өлшегіштің  жəрдемімен  мал 

сіңірген оттегі мен ол бөлген көмір қышқыл газдың мөлшері есептеледі. 

Ағынды  респирациялық  аппараттар  Петтенкофер  мен  Фойт  принципі 

бойынша  жасалады.  Мұндай  аппараттар  атмосфералық  ауамен  еркін 

жалғасады.  Арнаулы  сораппен  камерадан  сорылған  ауа  газ  есептегіш  пен 

газ  талдағыш  (анализатор)  арқылы  өтеді  де,  оның  құрамындағы  су  мен 

көмір қышқыл газының мөлшері зерттеледі. Сонымен қатар басқа қондырғы 

көмегімен  камераға  өткен  ауаның  мөлшері,  оның  газдық  құрамы 

анықталады. 

Қысқа  мерзімді  зерттеулерді  арнаулы  тыныс  қапқырының  көмегімен 

жүргізеді (114-сурет). Мал тынысты қапқырдағы арнаулы қақпақша арқылы 

алады  да,  деммен  шыққан  ауа  басқа  қақпақша  арқылы  ауа  өткізбейтін 

Дуглас  қапшығына  жиналады  (115-сурет).  Тəжірибе  10–15  минутқа 

созылады.  Тəжірибе  аяқталған  соң  қапшықтағы  ауаны  жақсылап 

араластырып,  оның  құрамындағы  оттегі  мен  көмір  қышқыл  газының 

пайыздық  мөлшерін  анықтау  мақсатында  ауаға  талдау  жасайды  да, 

қапшықтағы  ауаны  газ  сағаты  арқылы  өткізіп,  тəжірибе  кезінде  өкпе 

арқылы  өткен  ауаның  мөлшерін  есептейді.  Газдың  құрамы  Холден 

аппаратында  анықталады  (116-сурет).  Аппараттағы  пирогаллол  ертіндісі 

оттегіні, ал сілті - көмір қышқыл газын сіңіреді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



114-сурет. Тыныс қапқырлары 

 

 




 

307


 

 

 



115-сурет. Дуглас қапшығы:                        

1- қапшық; 2- қапқыр; 3- үш тармақ шүмек; 4- қысқышты бүйір тармақ. 

 

Осылай  организмдегі  газ  алмасуды  зерттеп,  оның  энергия  шығынын 



анықтауға болады. Бір ескерер жайт, газдардың калориялық коэф фициенті 

организмде тотық қан органикалық заттардың табиғатына байланысты өзге 

ріп  отырады.  Мысалы,  белок    тотыққанда  организм  сіңірген  оттегінің  əр 

литріне  4,8  ккал  энергия,  май  тотыққанда  -  4,7  ккал,  ал  көмірсулар 

тотыққанда  -  5,05  ккал  энергия  бөлінеді.  Демек,  организмнің  энергия 

шығынын анықтау үшін денеде тотыққан заттың табиғатын білу керек. Оны 

тыныс коэффициенті (ТК) арқылы анықтайды. 

 

116-ñóðåт.

 

Õîëäåí   -ïï-ð-тû:



 

1- ¼ëøåãiø áþðåтê-; 2- áið æîëäû 

ø¾ìåê;  3-  ø¾ìåê;  4,  5-  ñi»iðãiø 

ûäûñт-ð  (т¾тiêтåð);  6-  ñûí-ï 

º½éûë¹-í, 

ºûñûì 


т

óäûð-тûí 

т

¾тiê; 7, 8- ¾ø т-ðì-º ø¾ìåê 



 


 

308


 

Тыныс коэффициенті деп организмнен бөлінген көмір қышқыл газының 

ол сіңірген оттегіге көлемдік қатынасын (VСО

2

: :VО


2

) айтады. Организмде 

көмірсулар  тотыққанда  тыныс  коэффициенті  1-ге,  белок  тотықса-  0,8-ге, 

май тотықса- 0,7-ге  тең

 

болады. 


Көмірсулар  тотыққанда  организм  қанша  оттегі  сіңірсе,   сонша  мөлшерде 

көмір  қышқыл  газын  бөледі,  сондықтан  тыныс  коэффициенті  1-ге  тең, 

болады. Оны мына формуламен көрсетуге болады:     С

6

Н



12

О

6



= 6 СО

2

+ 6 О



,

   



демек,  ТК=1 

Майлардың  құрамында  молекулалық  оттегі  аз  болады,  сол  себепті 

организм  сіңірген  оттегі  тек  көміртегі  молекуласын  ғана  емес,  сонымен 

қатар  сутегіні  тотықтыру  үшін  де  жұмсалады.  Сондықтан  қабылданған 

оттегінің мөлшері организмнен бөлінген көмір қышқыл газдың мөлшерінен 

артық болады. Мысалы,  

2 С

51

Н



98

О

6



 +145 О

2

 = 102 СО



2

 + 98 Н


2

О 

немесе ТК = 102 СО



2

 : 145 О


2

 = 0,7 


Белок  тотыққан  кезде  тыныс  коэффициентін  анықтау  жолы  күрделірек, 

себебі бұл процесте ыдырау өнімі ретінде тек су мен көмір қықыл газы ғана 

бөлініп  қоймай,  бойына  біршама  энергия  сақтайтын  кейбір  аралық  өнімдер 

(несепнəр  т.б.)  түзіледі.  Бұл  жағдайда  тыныс  коэффициентін  арнаулы 

тəсілмен есептейді. Ол үшін 29- таблицадағы деректерді пайдалану керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет