Жануар физол



Pdf көрінісі
бет351/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

14.7. Əрекет потенциалы 

 

Жүйке-ет  ұлпалары  түрлі  тітіркендіргіштер  əсерінен  қозу  жағдайына 



келеді.  Қозудың  негізгі  белгілерінің  бірі  -  торша  мембранасының  электрлік 

күйінің  өзгеруі  болып  табылады.  Тітіркендіру  əсерімен  мембрана  заряды 

нольге  дейін  күрт  төмендейді  де,  содан  кейін  кері  белгімен  қайта  пайда 

болады.  Осыдан  торша  мембранасы  зарядының  белгісі  өзгереді  де 



(ревресия),  мембрананың  ішкі  беті  оң,  ал  сыртқы  беті  -  теріс  зарядқа  ие 

болады.  Ұлпа  тыныштық  күйіне  оралғаннан  соң  мембрананың  бұрынғы 

заряды қалпына келеді. Жүйке жəне ет торшаларының қозуы кезінде пайда 

болатын  мембраналық  потенциалдың  шапшаң  тербелісін  (спайк)  əрекет 



потенциалы деп атайды. Потенциалдың осылай тербелісі 1–5 мс. созылады. 

Жүйке  мен  бұлшық  ет  талшықтарында  əрекет  потенциалдарының  деңгейі 

115–120 мВ шамасында болады. 

 



 

465


 

162-  сурет.  Тыныштық  (А)  жəне  əрекет  (Б)  потенциалдары,  олардың 

пайда болу механизмі (В): 

мВ  –  милливольттар,  Ек  -қозу  табалдырығы,  ТП-  тыныштық  потенциалы, 

ƏП- əрекет потенциалы: 1-үйексіздену; 2-реверсия: 3-қайта үйектену; 4-іздік 

үйексіздену;  5-іздік  гиперүйектену;  а-мембрана;  б-цитоплазма.  Тік  нұсқама 

Nа  жəне  К  иондарының  ықпалды  алмасуын  бейнелейді;  дөңгелекті  нұсқама 

натрий жəне калий иондарының ырықсыз тасымалдануы.  

 

Əрекет  потенциалы  0,5–0,8  мс  созылатын  потенциал  шыңы  жəне  іздік 



потенциалдан  тұрады  (162-сурет).  Əрекет  потенциалының  шыңы  қозу 

процесі  кезінде  туындайды,  ол  өрлеу  жəне  төмендеу  сатыларынан  тұрады. 

Шыңның  өрлеу  сатысында  алдымен  мембрананың  қалыпты  үйектенуі 

жойылады, сондықтан оны үйексіздену деп атайды. Осыдан кейін потенциал 

белгісі  өзгереді  -  реверсия  байқалады.  Шыңның  төмендеу  сатысында 

мембрана заряды тыныштық кездегі деңгейге оралады, оны қайта үйектену 



(реполяризация)  деп  атайды.  Қайта  үйектену  жағдайында  іздік  үйексіздену 

жəне  іздік  гиперүйектену  құбылыстары  байқалады.  Іздік  потенциалдар 

қозудан  кейін  басталатын  қалыптастыру  процестерінің  дамуымен 

байланысты. 

Қазіргі мембраналық теория əрекет потенциалының пайда болуын былай 

түсіндіреді.  Табалдырықты  жəне  одан  күшті  тітіркендіргіштер  əсерінен 

торша  мембранасында  үйексіздену  процесі  жүреді.  Үйексіздену  белгілі 

шекке жеткен кезде бір сəтте көптеген натрий арналары ашылады да, торша 

мембранасының  натрий  иондарына  өтімділігі  тыныштық  жағдайымен 

салыстырғанда  500  есе  артады.  Осының  нəтижесінде  натрий  иондары  легі 

торша аралық сұйықтан торша ішіне өтеді. Оң зарядтың азаюы салдарынан 

торша  аралық  сұйықтағы  аниондар  əсерімен  (көбінесе  хлор  иондары) 

мембрана беткейі теріс зарядталады. Бірақ мембрананың натрий иондарына 

өтімділігі  қысқа  мерзімге  ғана  (0,5–1,5  мс)  өседі  де,  одан  əрі  натрий 

арналары жабылып, бұл иондардың өту қарқыны төмендейді.  

Натрий  арнасы  «қақпаларың  тез  ашылатын  жəне  баяу  жабылатын 

болып  жіктеледі  деген  болжам  бар.  Мембрананың  натрий  иондарына 

өтімділігінің  өсуі  жандандырушы  арналар  «қақпаларыныңң  ашылуымен 

байланысты.  Соңынан  мембрананың  натрий  иондарына  өтімділігінің 

төмендеуі  баяу  жабылатын  «қақпалардыңң  жабылуымен  байланысты.  Бұл 

құбылысты  натрий  тасымалдаушы  механизмнің  бəсеңдеуі  деп  атайды. 

Осының нəтижесінде  натрий  иондарының  торшаға өтуі  күрт  төмендейді  де, 

мембрананың  калий  иондарына  өтімділігі  10–15  есе  артады.  Бұл  иондар 

торшадан  жылдам  шығады  да,  торша  мембранасының  бастапқы  үйектену 

сипаты  қалпына  келеді,  мембрана  сырт  жағынан  оң,  іш  жағынан  -  теріс 

зарядқа ие болады. 

 



 

466


Калийлік  арналарда  тек  жандандырушы  «қақпақшаларң  ғана  болады 

деген болжам бар. Тыныштық жағдайында бұл «қақпақшалардыңң бір бөлігі 

ғана  ашық  болады.  Əрекет  потенциалы  шыңының  өрлеу  сатысында, 

мембрана  кері  зарядталғанда,  ашық  «қақпақшаларң  саны  өседі  де, 

мембрананың  калий  иондарына  өтімділігі  артады.  Тыныштық  потенциалы 

қалпына  келгеннен  соң  калийлік  арналар  «қақпақшаларыныңң  бір  бөлігі 

жабылып,  мембрананың  калий  иондарына  өтімділігі  бастапқы  деңгейіне 

оралады. 

Сонымен, əрекет потенциалы торша мембранасы арқылы иондар легінің 

өтуімен  байланысты  қалыптасады.  Натрий  иондарының  торша  ішіне  өтуі 

мембрананы кері зарядтап, торшадан калийдің шығуы бастапқы тыныштық 

потенциалын қалпына келтіреді. 

Бірыңғай  салалы  ет  талшықтарында  əрекет  потенциалын  тудыруда 

натрий жəне калий иондарымен бірге кальций иондары да қатысады. 

Əлсіз,  табалдырықтан  төмен  тітіркендіргіштер  əсерінен  мембрананың 

натрий  иондарына  өтімділігі  аз  ғана  артады  да,  үйексіздену  қажетті  шекке 

жетпей  қалады.  Үйексізденудің  бұл  түрін  шектелген,  таралмайтын 

потенциал  деп  атайды.  Ол  ұлпаның  басқа  бөлігіне  таралмайды,  туындаған 

жерінің  маңында  өшіп  қалады.  Əлсіз  тітіркендіргіштер  əсері  қайталанса, 

олар  жинақтала  келіп,  үйексізденуді  шектік  деңгейге  жеткізіп,  əрекет 

потенциалын тудыруы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет