14.6. Тыныштық потенциалы
Торша мембранасының ішкі жəне сыртқы бетінің арасында əркез электр
потенциалдарының айырмасы болады: мембрананың сыртқы беті оң, ал ішкі
беті - теріс зарядталған. Физиологиялық тыныштық жағдайындағы торша
мембранасының сыртқы жəне ішкі бетінің арасындағы зарядтар айырмасын
тыныштық потенциалы деп атайды. Қазіргі кездегі көзқарастарға сəйкес
тыныштық потенциалдары да, əрекет потенциалдары да табиғаты жағынан
мембраналық потенциал болып табылады.
Тыныштық
потенциалын
микроманипулятор
көмегімен
кварц
шынысынан дайындалған іші электролитке толған өте жіңішке
микроэлектродты жүйке немесе ет торшаларының ішіне өткізіп, екінші
электродты торша беткейіне жанастыра отырып өлшеуге болады (161-сурет).
Əртекті торшаларда тыныштық потенциалының деңгейі əр түрлі. Торша
функционалдық тұрғыдан неғұрлым мықты маманданса, оның тыныштық
потенциалы соғұрлым жоғары болады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |