Жануар физол


 Ет талшықтарының құрылымы



Pdf көрінісі
бет357/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   504
15.1. Ет талшықтарының құрылымы 

 


 

474


Қаңқа еттері əрқайсысының құрамында 20–60 ет талшықтары бар жеке-

жеке  ет  шоғырларынан  құралады.  Əрбір  ет  шоғыры  сырт жағынан дəнекер 

ұлпалы  сыртқы  етқабық  -  перимизиуммен,  ал  əр  талшық  ішкі  етқабық  - 

эндомизиуммен  қапталады.  Жануарлар бұлшық  етінде  талшықтар  саны  көп 

шамада (жүзден жүз мыңға дейін) ауытқып отырады. Əрбір ет талшығының 

диаметрі 10–100 мкм, ал ұзындығы 12–16 см шамасында болады. 

Ет  талшықтары  көп  ядролы  симпластық  құрылым  жəне  онда  жеке 

торшалар  анық  шектелмейді.  Əрбір  талшық  сырт  жағынан  торшаның  нағыз 

қабығымен  -  сарколеммамен  қапталған,  оның  ішінде  саркоплазма,  еттің 



жиырылғыш  жіпшелері  -  миофибриллалар  жəне  торша  қосындылары  - 

саркосомалар  мен  митохондриялар  орналасады.  Митохондрияларда 

тотықпалы  фосфорлау  процесі  жүреді  де,  ет  талшықтарына  қажет  қуат 

бөлінеді.  

Миофибриллалар ет талшығының бір ұшынан екінші ұшына дейін созыла 

орналасады. Олардың диаметрі 0,5–2 мкм шамасында болады (167-сурет). Өз 

кезегінде  миофибриллалар  жіңішке  жəне  жуан  белок  жіпшелерінен  - 



протофибриллалардан (филаменттерден) құралған. Əрбір миофибрилланың 

құрамында  2–2,5  мың  протофибриллалар  болады.  Жіңішке  -  актин 



жіпшелерінің  диаметрі  5–8  нм,  ұзындығы  1–1,2  мкм,  ал  жуан  -  миозин 

жіпшілерінің  диаметрі  10–15  нм,  ұзындығы  1,5  мкм.  Микроскоппен 

қарағанда  миофибриллалардың  ұзына  бойында  алма  кезек  орналасқан 



күңгірт - анизотроптық, жəне ашық - изотроптық жолақтар көрінеді (168-

сурет),  сондықтан  оны  көлденең  жолақты  ет  талшықтары  деп  атайды. 

Талшықтың күңгірт учаскесі - А дискасы сəулені қосжақты шағылыстырады, 

ал  изотроптық  учаскелерге  -  И  дискасына,  мұндай  қасиеттер  тəн  емес. 

Миофибриллалардың  ашық  учаскелері  орта  тұсында  тығыз  жолақпен  -  Z 

мембранасымен  бөлінген.  Осы  мембрана  миофибриллаларды  жеке 

сегменттерге  -  саркомерлерге  бөледі  жəне  оған  актин  жіпшелері  бекиді. 

Миофибриллалардың  күңгірт  учаскелерінде  миозин  протофибриллалары 

орналасады да, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет