475
В
167-сурет, Көлденең жолақ ет талшықтарының микроскопиялық
құрылымы:
А – еттің көлденең қиындысы; Б – еттің бойлама қиындысы; В – ет
талшығының құрылымы: 1 – талшықтар, 2 – сыртқы етқабық (перимизий), 3
– ядро, 4 – көлденең жолақтар, 5 – қабықсыз талшықтар, 6 –
миофибриллалар, 7 – жүйке ұлпасы, 8 – сарколемма, 9 – ішкі етқабық
(эндомизий).
олардың ортаңғы жуандаған бөлігі М мембранасын түзеді. Актин
жіпшелері өз ұштарымен миозин жіпшелерінің арасына кірігіп жатады.
Актин жəне
миозин жіпшелері өзара миозиннен шығатын көптеген
көлденең
көпіршелер арқылы жалғасады. Бұл көпіршелерде басқа заттармен қатар
АТФ-аза ферменті болады. Əрбір жуан жіпшені (миозин) алты жіңішке
жіпше (актин) қоршап тұрады. Миофибрилланың А - дискасының ұзындығы
өзгермейді, ал И - дисканың ұзындығы ет талшығының жиырылу сатысына
қарай өзгеріп отырады. Миофибрилланың актин жіпшелері кірікпеген А -
диск ауданын Н - аймағы деп атайды.
476
168-сурет. Миофибрилла құрылымы: 1– изотроптық жəне анизотроптық
дискалар; 2,3 – актин жəне миозин протофибриллаларының босаңсыған (2)
жəне жиырылған (3) ет талшықтарында орналасу жағдайы.
Ет талшықтарының жиырылуын Z мембраналарымен шектелген
фукционалдық құрылым -
саркомер қамтамасыз етеді. Саркомердің екі
шетінде жарты изотроптық дискалар, ал орта шенінде - бүтін анизотроптық
диск орналасады. Жылы қанды жануарлар етінде саркомердің ұзындығы 2
мкм шамасында болады. Саркомерлер электрондық микросуретте анық
байқалады.
Ет талшықтарында жазық эндоплазмалық тор, немесе саркоплазмалық
ретикулум, біртұтас түтікшелер мен цистерналар құрайды (169-сурет).
Кейбір түтікшелер миофибриллаларды бойлай орналасып, Н аймағында
анастомоздар құрады да, миофибриллаларды қоршап жатқан қуыстармен
477
жалғасады. Қуыстар жұбы сарколеммадан басталып, ет талшықтарын
көлденең қиып өтетін түтікшелермен (Т-арналармен) жанасып жатады. Т -
арна мен оның екі бүйірінде симметриялы (тепе-тең) орналасқан қуыстар
жиынтығын үштаған деп атайды. Амфибияда үштаған Z жолағы деңгейінде,
ал сүт қоректілерде А - дискалар шекарасында орналасады. Саркоплазмалық
тор элементтері қозу процесінің ет талшықтарының ішінде таралуын,
талшықтардың жиырылып, босаңсуын қамтамасыз етуде маңызды рөл
атқарады.
169-сурет. Бұлшық еттегі саркоплазмалық тор элементтері:
І – миофибриллалар; 2 – үштармақ (триада); 3 – саркоплазмалық тор; 4 –
негіздік мембрана.
Ет талшықтарының жиырылуын актин жəне миозин белоктары
қамтамасыз етеді. Бұл белоктар суда ерімейді, бірақ тұзды ерітінділермен
шайылады. Сонымен қатар жиырылтқыш белоктарға жіңішке жіпшелерде
болатын тропомиозин мен тропонин кешені (Т,І,С суббірліктері) жатады.
Ет талшықтарының құрамында аталған белоктармен қатар миоглобин,
гликолиздік ферменттер жəне басқа ерігіш белоктар кездеседі (42-табл).
Достарыңызбен бөлісу: