Жануар физол



Pdf көрінісі
бет369/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Бұлшық

  еттің  қажуы.  Қажу  деп  əрекет  атқарғаннан  кейін  жеке 

органдардың,  немесе  бүкіл  организмнің  жұмыс  қабілетінің  уақытша 



төмендеуін, не жойылуын айтады. Бұлшық ет ұзақ уақыт жұмыс атқарудың 

салдарынан қажиды. Бұл құбылыс еттің қуаттық қорының азаюының  белгісі, 

сондықтан  биологиялық  тұрғыдан  оның  маңызы  зор.  Қажыған  кезде  еттің 

функционалдық 

қасиеттері 

қозғыштығы,



 

лабильділігі 

жəне 

жиырылғыштығы,  төмендейді.  Қажудың  салдарынан  еттің  жиырылу  күші 



бірте-бірте əлсірей бастайды, дара жиырылу сызығы көлбеу тартып, босаңсу 

сатысы ұзарады. 

Қаңқа  еттері  бірыңғай  салалы  еттерден  шапшаңырақ  қажиды.  Ал,  қаңқа 

еттерінде алдымен ақ еттер, содан соң қызыл еттер қажиды. 

Қажудың мəні əлі толық анықталмаған. Бұл құбылысты түсіндіру үшін И. 

Шифф  титықтау  теориясын  ұсынған.  Бұл  теория  бойынша  қажу  процесі 

бұлшық  еттегі  қуат  қорының,  атап  айтқанда  гликогеннің  азаюына 

байланысты туындайды. Бірақ терең зерттеулер өте қатты қажыған бұлшық 

еттің өзінде гликогеннің ұжеткілікті мөлшерде болатынын көрсетті. 

Е.Пфлюгердің  улану  теориясына  сəйкес  жұмыс  үстінде  бұлшық  етте  сүт 

жəне фосфор қышқылдары мен басқа да алмасу өнімдері жиналып, олар зат 

алмасу  процесіне жағымсыз  əсер  етеді  де,  органның əрекетін нашарлатады. 

Фосфор қышқылы кальций иондарын байланыстырып, еттің жиырылу күшін 

əлсіретеді.  Зат  алмасу  өнімдері  бұлшық  ет  талшықтары  мембранасының 

əрекет потенциалын тарату қабілетін төмендетеді. 

Аталған  екі  теория  да  жекеленген  ет  талшықтарына  жүргізілген 

тəжірибелер нəтижесіне сүйеніп, ұсынылған. Сондықтан олар қажу процесін 

біржақты  жəне  үстіртін  түсіндіреді.  Бұл  теорияларда  қажу  кезінде 

байқалатын кейбір реакциялар осы процестің себебі ретінде қабылданған. 

Бірттас  организм  жағдайында  жүргізілген  тəжірибелер  қажу  процесі 

кезінде бұлшық етте қуат көзі - АТФ пен гликоген қорының, креатинфосфат 

деңгейінің азаятынын, оттегі тапшылығы туындайтынын көрсетті. Сонымен 

қатар  бұлшық  еттің  жиырылу  процесін  қамтамасыз  ететін  белоктарында  да 



 

493


құрылымдық өзгерістер байқалады. Атап айтқанда актомиозин құрамындағы 

сульфгидрильдік топтар азайып, АТФ-тің əрекеті бұзылады. 

Табиғи жағдайда организмнің қимыл аппаратының қажуы көп факторлы 

процесс.  Тұтас  организмде  органдарға  қоректік  заттар  мен  оттегі  толассыз 

жеткізіліп,  алмасу  өнімдері  үздіксіз  шайылып  əкетіліп  отырады.  Қажыған 

кезде  органның  жұмыс  қабілетінің  төмендеуімен  қатар,  көптеген  органдар 

мен  жүйелердің  (шеткі  жүйке-ет  аппаратының,  тыныс  алу,  қан  айналым 

жүйелерінің) қызметі бұзылып, гипоксия, гипогликемия, алмасу өнімдерінің 

əсерінен  жүйке  торшаларының  қызметі  төмендейді,  орталық  жəне 

вегетативтік  жүйке  жүйелерінің  реттеуші  қызметі  нашарлайды,  қимылдар 

үйлесімі бұзылады. 

Бұлшық  еттің  қажуының  негізінде  еттің  жиырылғыш  аппаратындағы, 

немесе  жүйке-ет  жалғамаларындағы  (синапс)  өзгерістер  жатады.  Бұл 

өзгерістер  негізінен  жекеленген  ет  талшықтарының  қажуын  тудыратын 

себептердің  -  ацетилхолин  қорының  азаюы,  АТФ  пен  КФ-тің  тапшылығы, 

сүт  қышқылының  жинақталуы,  көмірсулар  қорының  азаюы  нəтижесінде 

туындайды. Бірақ əрекет түріне қарай аталған факторлардың қажу процесін 

тудырудағы рөлі өзгеріп отыруы мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет