Жануар физол



Pdf көрінісі
бет372/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

16-ТАРАУ.  

 

ЖҮЙКЕ (НЕРВ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

 

Жүйке  жүйесі  организмнің  жеке  мүшелері  қызметінің  арасындағы 



үйлесімдікті,  осыған  байланысты  организмнің  біртұтастығын  қамтамасыз 

ететін  маңызды  жүйе.  Осы  жүйенің  реттеуші  қызметінің  арқасында, 

организм  əрекеті  сыртқы  орта  жағдайына  сəйкес  бейімделе  өзгеріп, 

қоршаған  орта  мен  организм  арасында  өзара  байланыс,  сəйкестік 

қалыптасады. 

 

16.1. Жүйкенің құрылысы жəне жіктелуі 

 

Жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан құралған. Ал, жүйке ұлпасы өз кезегінде 

жүйке торшаларынан - нейрондардан жəне жүйкелік глиядан (нейроглиядан) 

тұрады.  Нейроглия  торшалары  нейрондар  аралығында  орналасады  да, 

оларды біріктіре, дəнекерлей отырып, тіректік, қорғағыш жəне нəрленндіру 

(трофикалық) қызметін атқарады. 

Жүйке  жүйесінің  құрылымдық  жəне  əрекеттік  (функционалдық)  негізгі 

нейрон  болып  табылады.  Нейрон  деп  жүйке  торшасы  мен  оның 

өсінділерінен  тұратын  құрылымды  айтады.  Нейронның  ядролы  тұлғасы 

жəне  одан  жан-жаққа  тарайтын  көптеген  өсінділері  болады.  Соңғылар 



денриттер  -  қысқа  өсінділер  жəне  аксон  -  ұзын  өсінді  болып  бөлінеді.  Əр 

нейронда  бірнеше  дендрит  жəне  жалғыз  нейрит  болады.  Дендриттер 

сырттан  келетін  тітіркеністерді  өз  ұштарымен  қабылдап,  нейрон  денесіне 



 

497


өткізетін өсінділер. Аксон нейрон денесінде пайда болған тітіркеністі басқа 

нейрондар дендриттеріне, немесе атқарушы органға өткізетін өсінді. Нейрон 

өсінділері  сыртынан  қабықпен  қапталып,  жүйке  талшықтарына,  ал  олар 

топтаса  келіп,  жүйкеге  (нервке)  айналады.  Жүйке  организмдегі  телефон 

кабелі іспеттес құрылым. Олардың негізгі қызметі - тітіркеністі (импульсті) 

өткізу. Тітіркеніс деп тітіркендіру нəтижесінде туған жүйкелік процесті 



айтады.  Бір  жүйке  құрамында  бірнеше  мың  немесе  миллион  талшықтар 

болады  (176-сурет).  Демек,  жүйке  жүйке  талшықтарының  будасы  болып 

табылады.  Мысалы,  тек  көру  жүйкесі  құрамында  1  млн  200  мың  жүйке 

талшықтары болатын көрінеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



  

Қызметіне  қарай  жүйке  сезімтал,  қозғалтқыш  жəне  аралас  болып  үш 

топқа  бөлінеді.  Сезімтал  жүйке  тітіркеністі  дененің  шеткі  аймақтарынан 

жүйке  жүйесінің  орталық  бөліміне  өткізеді,  сондықтан  оларды  орталыққа 



тепкіш,  немесе  афференттік  жүйкелер  деп  те  атайды.  Бұл  жүйкелер  тек 

сезімтал  жүйке  талшықтарынан  құралады.  Қозғалтқыш  жүйке  керісінше 

тітіркеністі  орталықтан  шетке,  орындаушы  мүшелерге  қарай  өткізеді. 

Оларды  орталықтан  тепкіш,  немесе  эффереттік  жүйкелер  дейді.  Бұл 

жүйкелер қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған. Ал, аралас жүйкелер 

құрамында тітіркеністі қарама-қарсы екі бағытта өткізетін орталыққа тепкіш 

жəне орталықтан тепкіш жүйке талшықтары болады. 

Құрылысы  жағынан  жүйке  паранхималық  құрылым.  Ол  екі  құрамадан  - 



стромадан (төсеміктен) жəне паренхимадан (ішкі ұлпадан) тұрады. Жүйке 

паренхимасын  оның  құрамына  енетін  жүйке  талшықтары  құрайды.  Ал, 

оларды  бір  бірімен  біріктіріп  тұратын  борпылдақ  жəне  дəнекер  ұлпа 

жүйкенің  стромасын  түзеді.  Жүйкені  сыртынан  қоршап  тұратын  дəнекер 

ұлпаны  -  эндоневрий,  ал  оларды  бір-бірімен  байланыстырып,  талшықтар 

будасын  құрайтын  дəнекер  ұлпаны  -  периневрий  жəне  осы  талшықтар 

будаларын  бір-бірімен  байланыстырып,  сыртынан  қоршай  келе  жүйкеке 

айналдыратын дəнекер ұлпаны - эпиневрий деп атайды. 

Құрылым  ерекшеліктеріне  қарай  жүйкелер  үлпекті  (миелинді)  жəне 

үлпексіз (миелинсіз) болып бөлінеді. Миелинді жүйке талшықтары жуандау, 

 

176-ñóðåт.

 

ƾéêåíi»    



ê¼ëäåíå» 

êåñiíäiñiíi» 

áåéíåñi: 

1 —  ïåðèíåâðèé;  2  —  

ýïèíåâðèé;  3  — ýíäî- 

íåâðèé; 4 — æ¾éêå 

т

-ëøûºт-ðû.



 


 

498


олардың  диаметрі  1–25  мкм  шамасында  болады  да,  миеленсіз  талшықтар 

жіңішке  (0,5–2,0  мкм)  келеді.  Миелинді  талшықтар  миелин  жəне  шван 

қабықтарымен  қапталған,  ал  миелинсіз  талшықтарда  тек  шван  қабығы 

болады. 


Миелинді  талшықтың  ортаңғы  цилиндрі  -  оқтығы  болады  да,  оның 

айналасында миелин қабығы жəне тізбектеле Шван торшалары орналасады. 

Миелин қабығы электр изоляторы рөлін жəне нəрлендіру қызметін атқарады. 

Шван қабығы біртұтас құрылым емес, оның тіркес жатқан екі торшаларының 

арасы қылталана үзіліп, Ранвье үзілімін - қылтасын құрайды. 

Орталық  цилиндр  ішінде  өте  жіңішке  (диаметрі  10–40  нм)  бойлай 

орналасқан  нейрофибриллалар  мен  микротүтікшелер  жəне  аксоплазма 

болады.  Аксоплазмада  көп  мөлшерде  митохондриялар,  микросомалар  жəне 

тасымалдаушы  филаменттер  орналасады.  Соңғы  құрылымдар  актин 

белогынан,  ал  нейрофибриллалар  мен  микротүтікшелер  -  миозиннен 

құрылған. 

Құрылысы  мен  қызметіне  қарай  миелинді  жүйке  талшықтары  үш  топқа - 

А,  В,  С,  бөлінеді.  А  тобының  талшықтары  жуан,  диаметрі  4–20  мкм 

шамасында  болады.  Бұл  топқа  қаңқа  еттерінің  қозғалтқыш  жүйке 

талшықтары  мен  жанасу,  қысым  жəне  ет  пен  буын  рецепторларынан 

басталатын орталыққа тепкіш жүйке талшықтары жатады. В тобы диаметрі 3 

мкм  шамасындағы  жіңішке  талшықтар.  Бұл  топқа  афференттік  талшықтар 

мен  вегетативтік  жүйкелер  талшығы  жатады.  С  тобының талшықтары  жұқа 

миелин  қабығымен  қапталған.  Олардың  диаметрі  2  мкм  шамасында.  Бұл 

топқа  ауырсынту  мен  температура  əсерін  өткізетін  афференттік  талшықтар 

жатады. 

Жүйке  талшықтарының  құрамалары  əртүрлі  қызмет  атқарады.  Жүйке 

импульстерінің  туындауы  мен  таралуын  орталық  цилиндрдің  плазмалық 

мембранасы  қамтамасыз  етеді.  Миелинді  қабық  электр  изоляторының  жəне 

нəр  беру  қызметін  атқарады.  Ол  қозу  толқынын  орталық  цилиндр 

мембранасының  ұзына  бойында  туындатпай,  тек  Ранвье  үзілімдерінде  ғана 

тудырып отырады. Миелин қабығының нəрлендіруші қызметі оның орталық 

цилиндрдегі  зат  алмасу  процесіне  қатысатын  физиологиялық  белсенді 

заттарды түзуімен байланысты. 

Нейрофибриллалар,  микротүтікшелер  жəне  тасымалдаушы  филаменттер 

əртүрлі 

заттарды 

(белоктарды), 

торшаның 

кейбір 

қосындыларын 

митохондрияларды  жүйке  талшықтары  бойымен  нейрон  денесінен 

рецепторларға жəне кері бағытта тасымалдау процесіне қатысады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет