Икемділік
. Эволюциялық даму кезінде қалыптасқан рефлекстер
жануарлардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік береді.
Барлық
рефлекторлық
реакциялар
биологиялық
тұрғыдан
өзінің
мақсаттылығымен, мағыналылығымен ерекшеленеді. Бірақ бұл қағидадан
жүйке орталықтарының қызметі ешқашан өзгермейді деген ұғым тумау
керек. Егер жүйке орталығымен байланысқан атқарушы органның сипаты
өзгерсе, онда жүйке орталығы да өз қызметінің мəнін өзгертеді. Демек оған
икемділік қасиет тəн. Бұл орталық жүйке жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің
құрылымдық принципі мен əрекет механизмінің негізі ортақ екенінің дəлелі.
Соңғы жылдары экспериментальдық физиология мен медицина
саласында жүйке орталықтарының икемділік қасиеті, орталық жүйке
жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің бірінің қызметін бірі толықтырып, демеп
отыратын қабілетінің болатыны жайлы көптеген нақтылы деректер
жинақталды. Мысал ретінде П.К.Анохин лабораториясының тəжірибелерін
келтіруге болады. Тəжірибеде қызметі əртүрлі екі жүйкенің қиылған ұштары
алмастырып жалғастырылған: көкеттік жүйкенің орталық бөлігі иықтық
жүйкенің ұшымен, ал иықтық жүйкенің орталық бөлігі көкеттік жүйке
ұшымен. Көкеттік жүйке аяққа бітісе өсіп болғанға дейін, осы аяқ тыныс алу
ырғағына қарай бүгіліп, жазылып отырған. Демек, аяқтың қимылы тыныс
алуды реттейтін орталықтың физиологиялық күйіне байланысты болған.
Жүйке өсіп біткен соң жоғарыда айтылған құбылыстар жойылып, аяқ өзінің
үйреншікті, қалыпты қызметін атқара бастаған. Бұл атқарушы органнан
келген импульстердің əсерімен жүйке орталығы қызметінің икемделе
өзгергенінің дəлелі.
Э.А.Астратян зерттеулеріне қарағанда жүйке орталықтарының икемділік
қызметі үлкен ми жарты шарларының реттеуші əсерінің ықпалымен
атқарылады. Егер операциядан кейін орталықтың икемділігі байқала бастаған
кезде иттің үлкен ми жарты шарларын сылып тастаса, қалыптаса бастаған
өзгерістер тиылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |