Тізбекті
жəне ауқымды жинақтау. Жүйке орталықтарының бұл
қасиетін орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Ол жеке қолданғанда əрқайсысы
қозу процесін тудырмайтын əлсіз тітіркендіргіштер əсері ырғақты
қайталанған жағдайда жүйке орталығында қозу пайда болып, қозғағыш
жүйке арқылы атқарушы органға импульс бағытталатынын байқаған (195-
сурет). Мысалы, бақа сирағына əлсіз тітіркендіргішпен əсер етсе, оған жауап
реакция байқалмайды. Ал дəл осы сираққа əлсіз тітіркендіргіштермен
бірнеше рет тіркес əсер етсе, онда жауап реакциясы туындап, бақа аяғын
бүгеді. Осы құбылысты И.М.Сеченов тізбекті жинақтау деп атаған. Бұл
құбылыстың сырын былай түсіндіруге болады. Əлсіз тітіркендіргіш əсерімен
бөлінген медиатор мөлшері қоздырушы постсинапстық потенциал тудыруға
жеткіліксіз болады. Ал белгілі бір синапсқа бірнеше əлсіз ипмульстер тіркес
келсе, онда əр импульске бөлінген медиаторлар жинақталады да, олардың
жалпы мөлшері қоздырушы постсинапстық потенциал тудыруға жеткілікті
деңгейге көтеріледі.
Жүйке орталықтарында тізбекті жинақтаумен қатар ауқымды жинақтау
құбылысы да байқалады. Егер сезімтал жүйкені əлсіз, күші табалдырықтан
төмен тітіркендіргішпен тітіркендірсе, жауап реакция болмайды. Дəл
осындай күші бар тітіркендіргіштермен бірнеше афференттік жүйкені бір
мезгілде тітіркендірсе, олардан келген импульстер жүйке орталығында
жинақталып, рефлекс туындайды.
535
Достарыңызбен бөлісу: |