Жануар физол


 Функционалдық жүйе жайлы ілім



Pdf көрінісі
бет460/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   504
 

20.14. Функционалдық жүйе жайлы ілім  

Функционалдық  жүйе  -  өзінің  үйлесімді  қызметінің  нəтижесінде  белгілі 

бір  мақсатты  əрекеттің  туындауын  қамтамасыз  ететін,  өздігінен  реттеліп 




 

619


отыратын  органдардың жылжымалы бірлестігі.  Бұл ұғымды  И.П.Павловтың 

рефлекторлық  теориясы  негізінде  көрнекті  физиолог  Н.К.Анохин  ұсынған. 

Функционалдық  жүйе  туралы  ілім  рефлекторлық  теорияны  əрі  қарай 

дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. 

Бұл  ілімді  рефлекторлық  теорияның  жоғары,  жаңа  мазмұнды  деңгейі  деуге 

болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің əртүрлі күрделіктегі, 

белгілі  мақсатқа  бағытталған  іс-əрекеттік  реакцияларының,  мінез-

қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді. 

П.К.Анохин  пікіріне  сəйкес  функционалдық  жүйе  қызметінде  ең  негізгі 

шешуші фактор - əрекет нəтижесі. Организмнің мақсатты, баста көзделген 

нəтижеге  колы  жеткенде  ғана  оның  мұқтаждығы  қамтамасыз  етіліп, 

қанағаттану  түйсігі  пайда  болады.  Тек  осыдан  кейін  ғана  қалыптасқан 

функционалдық жүйе таратылады, мақсатты іс-əрекет тоқтайды. Атқарылған 

əрекет  нəтижесі  бастапқы  мақсатқа  сəйкес  келмесе,  организмді 

қанағаттандырмаса,  онда функционалдық  жүйе  басқаша  құрылып,  мақсатты 

нəтижеге  бағытталған  іс-əрекет  əрі  қарай  жалғасады.  Осымен  байланысты 

функционалдық жүйе құрамалары екі топқа бөлінеді. 1 - тұрақты бөлімдер 

тобы.  Бұл  функционалдық  жүйенің  тиянақты,  өзгермейтін  бөлігі,  оның 

морфологиялық жəне функционалдық негізін құрайтын элементтер (мысалы, 

тыныс  алу  органдары  -  тыныстық  функционалдық  жүйенің,  ас  қорыту 

органдары  -  ас  қорыту  функционалдық  жүйесінің  тұрақты  бөлімдері  т.с.с.) 

болып  табылады.  2  -  өзгермелі  бөлімдер  тобы.  Оларды  нақтылы  жағдайда 

мақсатты  нəтижеге  қол  жеткізуге  бағытталған  іс-əрекеттерді  қамтамасыз 

етуге қажетті, функционалдық жүйе құрамына уақытша қосылған элементтер 

құрайды  (мысалы,  ас  қорыту  процесі  қажетті  деңгейде  жүру  үшін 

функционалдық  жүйе  құрамына  қан  айналым,  тыныс  алу  органдары 

қамтылады).  Бұл  бөлімді  құрайтын  топ  мақсатты  нəтиже  алынғаннан  кейін 

жəне организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып 

отырады. 

Əрбір  функционалдық  жүйе  құрамына  мына  бөлімдер  міндетті  түрде 

енеді. 1. Афференттік жинақтау (синтез). 2. Шешім қабылдау. 

3. Əрекет бағдарламасы жəне əрекет нəтижесінің акцепторы. 4. Іс-əрекет. 

5.  Əрекет  нəтижесі  жəне  оның  көрсеткіштері.  6.  Əрекет  параметрлерін  кері 

афферентациялау (236-сурет). 

Кез  келген  іс-əрекет  афференттік  синтезден,  мақсатты  биологиялық 

мұқтаждықты анықтаудан басталады. Афференттік синтезді іске асыру үшін 

бірнеше  компонент  керек.  1  -  əрекет  түрткісі  (əсер),  2  -  əсер 



афферентациясы  (орта  жағдайы),  3  -  домнинантты  мотив  жəне  оның 

əсерлік  деңгейін  анықтайтын  эмоция,  биологиялық  мұқтаждық,  4  -  ұзақ 



мерзімдік ес механизмі. Аталған компоненттер үш түрлі нейродинамикалық 

механизмнің  -  бағдарлау-зерттеу  реакциясының,  қозудың  нейрондарға 



тоғысуының  жəне  қыртыс-қыртыс  асты  реверберация,  арқасында  өзара 


 

620


əрекеттеседі.  Осының  нəтижесінде  нақтылы  жағдайға  сəйкес  келетін  іс-

əрекет  анықталып,  əр  түрлі  əрекет  жолының  ең  қолайлысы,  ең  тиімдісі 

таңдалып, шешім қабылданады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет