Жануар физол



Pdf көрінісі
бет459/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

235-сурет. Жоғары дəрежелі жүйкелік əрекеттің типтері. 

 

Инертті  тип  өкілдерінде  де  жүйке  процестерінің  күші  жеткілікті 

болады,  бірақ  олар  бір-бірімен  баяу  алмасады,  жүйкелік  процестерге 

 

Ñ



аÍÃÂÈÍÈÊ    

Ô

ËÅÃÌаТÈÊ    

Õ

ÎËÅÐÈÊ    

Ì

ÅËаÍÕÎËÈÊ 


 

618


тоқырау  сипаты  тəн.  Ми  қыртысы  торшаларында  пайда  болған  қозу  не 

тежелу  процесі  басқа  аймақтарға  таралмай,  сол  пайда  болған  жерінде  ұзақ 

уақыт  сақталып  қалуы  мүмкін.  Мұндай  типке  жататын  жануарлардың 

сыртқы əсерге жауабы əлсіз, баяу келеді, сондықтан олар қоршаған ортада 

байқалатын шапшаң өзгерістерге нашар бейімделеді. 

Əлсіз  типке  жататын  жануарларда  қозу  жəне  тежелу  процестері  нашар 

пайда болады. Олардың сезімталдығы жоғары болғанымен, жұмыс қабілеті, 

төзімділігі төмен, сыртқы орта жағдайларына бейімділігі нашар келеді, жиі 

ауырады, қорқақ, жасқаншақ болады. 

И.П.Павлов  ұсынған  жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызметтің  нұсқалары 

Гиппократтың адам темпераментін жіктеуімен сəйкес келеді. Дегенмен, тек 

нақтылы  бір  типке  ғана  жататын  өкілдер  сирек  кездеседі.  Негізінен 

жануарлар  əртүрлі  типтердің  жиынтығы  немесе  бір  тип  пен  екінші  типтің 

аралық  нұсқасы  болып  келеді.  Жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызметке  тəн 

типтік  ерекшеліктер  өте  ерте,  төл  туған  кезде  қалыптасқанымен,  жүйкелік 

процестер  тіршілік  барысында  жетіле,  нығая  түседі,  оның  жылжығыштық 

қасиеті үйрету кезінде, сыртқы орта жағдайына қарай өзгереді,  жақсарады. 

Жануардың жоғары дəрежелі жүйкелік қызметінің ерекшеліктері малдың 

өнімділігіне, оны шаруашылықта пайдалану мерзіміне ықпал етеді. Мысалы, 

сиырдың  сүттілігі,  сүтінің  майлылығы,  саууға  ыңғайлығы  жоғары  дəрежелі 

жүйкелік қызмет типіне байлынысты өзгеріп отыратыны анықталған. Жүйке 

қызметі  ширақ  жануарлар  сүтті  келеді.  Мұндай  сиырлар  күтіп-бағу 

жағдайларына тез көндігіп, азықты тиімді пайдаланады. Əлсіз типке жататын 

сиырлар  сүтсіз  келеді,  олар  ерте  суалып  кетеді.  Бұл  типтің  бұқаларында 

жыныстық рефлекстер нашар атқарылады, олардан ұрық алу қиынға соғады. 

Оларды  сыртқы  тежеуші  əсерлерден  қорғап,  қатал  тəртіппен  пайдаланған 

жөн. 


Ұстамсыз  типке  жататын  бұқалар  ызақор  келеді,  оларды  дұрыс 

пайдаланбағанда  жыныстық  дəрменсіздік  байқалады.  Мұндай  бұқалардан 

ұрықты кез келген уақытта алуға болады, бірақ шəует сапасы төмен, мөлшері 

аз келеді. 

Ширақ  типті  бұқалар  сыртқы  орта  жағдайына  жақсы  бейімделгенімен, 

бірыңғай  жағдайда  пайдалану  оларды  ызаландырады,  мінезіне  теріс  əсер 

етеді. 

Инертті типті бұқалар ұрық алу үстінде баяу қозады, бірақ сапалы шəует 

береді.  Оларға  төзімділік  тəн.  Дұрыс  азықтандырып  күтіп-баққан  жағдайда 

оларды шаруашылықта ұзақ уақыт тиімді пайдалануға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет