Жануар физол


 Жүрек етінің құрылымдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет54/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

5.3. Жүрек етінің құрылымдық ерекшеліктері 

 

Жүрек  еті  екі  түрлі  ет  талшықтарынан  тұрады.  Оның  бірі  жүректің 



жиырылуын қамтамасыз ететін миокардтың негізгі  талшықтары, ал екіншісі 

-  жүрекше  мен  қарынша  еттерінің  үйлесімді  жиырылуын  қамтамасыз  ететін 

бейқалып ет талшықтар. 

Миокард  құрылысы  жағынан  қаңқа  етін  құрайтын  көлденең  жолақ 

еттерге  ұқсас.  Оның  талшықтары  (миофибриллалары)  саркоплазмада 

орналасқан  актин  жəне  миозин  жіпшелерінен  (миофиламенттерден) 

құралады,  бірақ  оларда  саркоплазмалық  тор  (ретикулум)  сиректеу  болады. 

Бұл  екі  ет  талшықтарына  да  жиырылу  процесі  кезінде  саркоплазмалық 

тордан кальций ионының саркоплазмаға шығуы тəн. Миокардта бұл иондар 

саркоплазмадан  кері  бағытта  да  өте  алады.  Саркоплазмадағы  кальций 

иондары жүректің ет талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек еті 

қаңқа  еттерімен  салыстырғанда  баяуырақ  жиырылады  жəне  онда  аэробты 

процестер басымырақ. 

 

 



 

       Ядро    Ендірме  диск 



 

16-сурет. Жүрек етінің құрылым 

схемасы. 

 

Жүректе жиырылу əрекетін атқаратын талшықтардан басқа жүрекше мен 



қарыншаның  үйлесімді  жиырылуын  қамтамасыз  ететін  ерекше  өткізгіш 

талшықтар  болатынын  айтып  өттік.  Бұл  құрылымның  өзіне  тəн 

ерекшеліктері 

болады: 

көлденең 

жолақтары 

сиректеу, 

гликогені, 

саркоплазмасы  мол,  негізгі  ет  талшықтарынан  дəнекер  ұлпалы  қабықпен 

шектеледі.  Осы  бейқалып  (атиптік)  ұлпа  элементтері  жүректе  түйін  мен 

шоқтар құрып, өткізгіш жүйе түзеді. 

Бірінші - бастаушы түйін оң жүрекшенің қабырғасында, эпикард астында, 

жоғарғы  жəне  төменгі  қуыс  веналар  түйіскен  жерде  орналасқан.  Оны  синус 

(Кис-Фляк) түйіні деп атайды (17-сурет). 

Миокард  талшықтары  ерекше 

тармадалып,  бір-бірімен  еендірме 

табақша 





нексус 

арқылы 


қосылады да, біртұтас тор, немесе 

синцитий 

құрайды 


(16,17-

суреттер). 

Ендірме 

табақшалардың 

электрлік 

кедергісі  өте  төмен,  сондықтан 

бір  торшада  пайда  болған  қозу 

келесі 


торшаға 

оңай 


өтеді. 

Осының  нəтижесінде  миокардта 

біртұтастық қасиет пайда болады. 

Талшықтар   Анастомоздар 




 

79

 



 

Екінші  түйін  де  оң  жақ  жүрекшенің  қабырғасында,  эпикард  астында, 

жүрекше  мен  қарынша  арасындағы  сіңірлі  сақинаға  жақын  орналасқан.  Ол 

жүрекше-қарыншалық, немесе Ашофф-Тавар түйіні. Бұл түйіннен төмендей 

қарынша  аралық  пердеге  келіп  тірелетін  ет  шоғырын  Гис  шоғыры  деп 

атайды. Гис шоғыры екіге тарамданып, Гис сабақтарын түзеді де, қарынша 

пердесінің  бойымен  таралып,  еміздікше  еттерге  тіреледі.  Одан  əрі  əр 

қарыншада  Гис  сабақтары  тарамдалып,  Пуркинье  талшықтарына  айналады 

да, бүкіл қарынша еттеріне жайылады. Олардың жиырылуындағы үйлесімдік 

осы  өткізгіш  жүйе    арқылы  ғана  қалыптасады,  өйткені  жүрекшелер  мен 

қарыншалардың арасын тікелей байланыстыратын ет талшығы жоқ. 

Кейінгі  кезде  жүректегі  қабырғалық  (интрамуральдық)  жүйке 

түйіндерінің  құрылысы  мен  қызметіне  ерекше  көңіл  бөлініп  жүр.  Бұл 

түйіндер  ең  алғаш  рет  1838  жылы  Ремак  еңбектерінде,  кейінірек  Людвиг 

(1848),  Биддер  (1852),  Догель  (1895)  зерттеулерінде  суреттелген.  Олар 

жүрекше қабырғаларында, жүрекше аралық пердеде жəне қарынша еттерінің 

жоғарғы  бөлігіндеорналасқан.  Бұл  түйіндер  кезеген  жүйкемен  тығыз 

байланысты  жəне  қозғағыш,  не  сезімталдық  қызмет  атқарады.  Догель 

зерттеулеріне сəйкес бұл түйіндер үш түрлі торшалардан құралған: біріншісі 

–  көп  өсінділі  торшалар,  олар  миокардқа  ене  жатып,  қозғағыш  қызмет 

атқарады. Екіншісі - сезімталдық қызмет атқаратын ірі нейрондар. Үшіншісі - 

осылардың 

аралық 

қасиеттерімен 

сипатталатын 

байланыстырушы 

торшалар. Демек, жүректе бірімен-бірі синапс арқылы байланысатын жүйке 

торшаларынан құрылған ерекше жүйке аппараты болады. Бұл нейрондардың 

өсінділері  тек  миокардты  ғана  емес,  сонымен  қатар  жүрек  қан  тамырларын 

жүйкелендіреді.  Осы  аталған  жүйке  түйіндері  организмнен  оқшауланған, 

немесе жүйкелену жағдайы бұзылған жүректің жұмысын реттеуде үлкен рөл 

атқарады.  



 

17-

сурет.  Жүректің  өткізгіш 

жүйесі:  

1,2- алдыңғы жəне артқы қуыс 

веналар; 

3- 

оң 


жүрекше 

құлақшасы;  4-  Кис-Фляк  (синус) 

түйіні;  5-  Ашофф-Тавар  түйіні; 

6-  Гис  шоғыры;  7,  8-  оң  жəне 

сол 

Гис 


сабақтары; 

— 



еміздікше  еттер;  10,  11  —  оң 

жəне  сол  жүрекшелер;  12,  13  — 

оң жəне сол қарыншалар.

 

 




 

80



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет