Жануар физол


 Жүрек жұмысының сырт белгілері



Pdf көрінісі
бет68/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   504
5.6. Жүрек жұмысының сырт белгілері 

Жүрек  жұмысы  əр  түрлі  механикалық  жəне  дыбыстық  құбылыстармен 

бейнеленеді.  Жүрек  еттері  жиырылған  кезде  жүрек  өз  өсінде  бұрылып, 

көкірек  қабырғасына  соғылады.  Осы  құбылысты  жүрек  қағу  деп  атайды. 

Адам мен итте кеудені жүрек ұшымен қақса, малда - бүйір бетімен қағады. 

Осыдан  жүрек  қағуын  төбелік  жəне  беткейлік  деп  жіктеп,  оны  арнаулы 

құрал - кардиограф көмегімен тексереді. 

Қан  жүректен  қуылып,  тамырлармен  жылжыған  кезде  денеде  əлсіз 

тербеліс  туындайды.  Оны  арнаулы  баллистокардиография  əдісімен 

зерттейді.  Бұл  əдіс  жүрек  еттерінің  жиырылу  күші  мен  оның  əр  түрлі 

бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. 

Жүректің қағу жиілігі əртүрлі жағдайларға қарай өзгеріп отырады. Оған 

түлік  түрі,  малдың  жасы,  өнімділігі,  физиологиялық  күйі  т.б.  əсер  етеді. 

Жылқыда жүрек минутына 32-42 рет, сиырда - 60-80, қой – ешкіде - 60-80, 

шошқада    60-80,  түйеде  -  32-56,  итте  -  70-80  рет  қағады.  Мал  ұсақ  болса, 

оның жүрегі жиірек, ал ірі болса - сирегірек қағады. 

 

 



 

 

 

 

26-сурет.  Жүрек  дыбысының  пайда  болу  мезгілін  бейнелейтін  схема:    1  - 

жүрекшелер  систоласы;  2–5  -  қарыншалар  систоласының  изометриялық 

ширығуы, қанды екпінді жəне баяу қуу, изометриялық босаңсу  кезеңдері; 6 – 

жалпы тыным;   штрихтер – жүрекше мен қарынша систоласы; қара сызық – 

қақпақшалардың жабық кезі; толқынды сызықтар – жүрек дыбысының пайда 

болған кезі. 

 

Жүрек  жұмысы  кезінде  дыбыстар  пайда  болады.  Оларды  аускультация 



(тыңдау)  əдісімен  стетоскоп,  не  фонендоскоп  арқылы,  немесе  арнаулы 

аспаппен  жазып  (фонокардиография)  зерттейді.  Жүрек  дыбысын  негізгі  І 

 

 



 

92

жəне  ІІ,  қосымша  ІІІ,  ІV,  V-  үндерге  бөледі.  І-  дыбыс  төмен,  бəсең, 



созылыңқы, көмескі келеді. Ол систола кезінде пайда болады да, систолалық 

дыбыс деп аталады жəне ЭКГ-ның S кертпешімен сəйкес келеді (26- сурет). 

Бұл дыбыс жармалы қақпақшалардың жабылуының жəне қарынша еттерінің 

жиырылуының  салдарынан  пайда  болады.  Екінші  диастолалық  дыбыс  - 

күшті,  ашық,  жоғары,  келте  келеді,  соңында  күрт  үзіледі.  Ол  ЭКГ-ның  Т- 

кертпешіне сай келеді. Диастолалық дыбыс жүрекше еттері босаңсып, жарты 

айшық қақпақшалар жабылған сəтте пайда болады. 

ІІІ  дыбыс  -  əлсіз,  сирек  толқын  ретінде  қарыншаның  жылдам  толу 

сатысында  пайда  болады.  ІV  дыбыс  сирек  естіледі.  Ол  жүрекшелердің 

жиырылуы  кезінде  пайда  болады.  V  дыбыс  сирек  толқын  ретінде  ІІ  дыбыс 

естілген соң 0,3 секундтан кейін байқалады. Оның табиғаты əлі күнге дейін 

анықталған  жоқ.  Бұл  соңғы  үш  дыбыс  өте  əлсіз  болғандықтан  тек 

фонокардиография əдісімен ғана зерттеледі. 

Жүрек  қақпақшаларының      жұмысы  бұзылса,  бұл  дыбыстар  өзгеріп, 

қосымша дыбыстар - əр түрлі шулар естіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет