Жануар физол


 Жүректің систолалық жəне минуттық



Pdf көрінісі
бет69/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

5.7. Жүректің систолалық жəне минуттық 

сиымдылығы 

Жүрек  еттері  жиырылған  кезде  қолқа  мен  өкпе  артериясына  белгілі 

мөлшерде  қан  қуылады.  Қарыншалардан  систола  кезінде  өтетін  қанның 

мөлшерін  систолалық  сиымдылық  деп  атайды.  Жүректің  систолалық 

сиымдылығы  қарыншалардың  сиымдылығына,  жүрекке  оралған  вена 

қанының  мөлшеріне,  қарынша  еттерінің  жиырылу  күшіне,  жиырылу 

жиілігіне, түліктің түріне қарай өзгереді. Жылқы мен ірі қарада систолалық 

сиымдылық 500-600 мл , ал қой-ешкіде -70 мл тең. 



13. Жүректің систолалық жəне минуттық сиымдылығы 

 

Жануар-


лар 

Систолалық 

сиымдылық

, мл 


Минуттық 

сиымдылы


қ,л 

Жануар-


лар 

Систолалық 

сиымдылық, 

мл 


Минуттық 

сиымдылы


қ, л 

Ірі қара 

700 

45 


Шошқа 

60 


45 

Жылқы 


700 

23 


Ит 

20 


Қой 


70 

Тауық 



2,5 

0,4 


 

Жүректен  бір  минутта  өтетін  қанның  мөлшерін  жүректің  минуттық 



сиымдылығы  деп  атайды.  Оның  мөлшері  түлік  түріне,  малдың  жасына, 

тұқымына  қарай  өзгеріп  отырады.  Жүректің  минуттық  сиымдылығын  оның 

систолалық  сиымдылығын  соғу  жиілігіне  көбейту  арқылы  анықтайды. 

Жылқыда жүректің минуттық сиымдылығы 20-30 л болса, ірі қарада – 40-50 

л тең. 



 

93

Жүректің минуттық сиымдылығын малды жұмыспен шынықтыру арқылы 



өзгертуге  болады.  Жұмыс  кезінде  əдетте  жүректің  минуттық  сиымдылығы 

көбейеді.  Шынықпаған  организмде  ол  жүректің  соғуының  жиілігі,  ал 

шыныққан  организмде  систолалық  сиымдылықтың  артуы  арқылы  өседі. 

Жүректің  қағу  жиілігі  шексіз  өсе  алмайды,  сондықтан  бұл  механизмнің 

мүмкіндігі  онша  зор  емес.  Ал  жақсы  шыныққан  организмде  жұмыстың 

басында жүректің систолалық сиымдылығы өседі де, тек соңынан ғана оның 

қағу жиілігі артады. 

Жүректің минуттық сиымдылығын мына əдістермен зерттейді. 

 1)  Белгілі  бір  уақыт  аралығында  мал  қабылдаған  оттегінің  мөлшерін 

анықтап, 

оның 

артерия 


жəне 

вена 


қанындағы 

деңгейін


 

өлшеу  арқылы;  Мысалы,  бір  минут  ішінде  организм  400  мл  оттегі 

қабылдап, 

артерия 


қанындағы 

оттегі 


мөлшері 

вена 


қанымен 

салыстырғанда  8  көлем  пайызға  көп  болды  дейік.  Демек,  қанның 

əрбір  100  мл  8  мл  оттегін  сіңірген,  ал  оттегінің  жоғарыда  көрсетілген 

мөлшерін сіңіру үшін өкпе арқылы (100 х 400): 8 = 5000  

мл қан өту керек. Демек, бұл мысалда жүректің минуттық сиымдылығы 5 л. 

тең. 


2) Ойыс венаға белгілі мөлшерде бояу немесе радиоизотоп егіп, олардың 

артерия қанындағы таралу дəрежесін тексеру арқылы; 

3)  Вена  тамырына  салқындатылған  физиологиялық  ертінді  егіп,  оның 

таралуын зерттеу арқылы. 

Жүректің минуттық сиымдылығын оның 1 минуттағы қағу жиілігіне бөлу 

арқылы систолалық сиымдылық анықталады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет