Жануар физол


 Сыртқы тыныс. Тыныс механизмі



Pdf көрінісі
бет107/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   504
7.2. Сыртқы тыныс. Тыныс механизмі 

Сүт  қоректі  жануарлар  өкпесіне  альвеолалық  құрылым  тəн,  ол  көптеген 

өкпе  көпіршіктерінен  тұрады.  Өкпеде  альвеолалармен  қатар  ауа  жолдары  - 

бронхылар  мен  бронхиолалар  болады,  бірақ  онда  ет  талшықтары 

кездеспейді.  Демек,  өкпе  енжар  ағза,  ол  өз  бетімен  керіліп,  сола  алмайды. 

Осымен  байланысты  эволюциялық  даму  процесі  кезінде  өкпені  белсенді 



желдету тетігі қалыптасқан. 

Тыныс  алу  механизмі  алма-кезек  ауысып  отыратын  дем  алу  жəне  дем 



шығару  кезеңдерінен  тұрады.  Тыныс  алудың  мұндай  түрі  тыныс  жүйесінде 

жоғары  ылғалдық  сақтау  мұқтаждығынан  туған,  себебі  ауаның  құрғақтығы 

газ алмасу процесін шектейтін фактордың бірі. Жануарлар қанына оттегі тек 

қана  альвеола  эпителийінің  ішкі  бетін  дымқылдап  тұратын  ылғалмен 

қапталғаннан  кейін  өтеді.  Осыған  байланысты  жоғары  сатыда  дамыған 

жануарларда  газ  алмасу  беткейі  сыртқы  ортамен  жанаспай,  дененің  ішінде 

орналасады. 

Өкпе  альвеолалары  көкірек  қуысы  қимылдарының  арқасында 

желдетіледі.  Дем  алу  (инспирация)  арнаулы  тыныс  алдыратын  еттердің  (көк 

ет,  сыртқы  қабырға  аралық,  шеміршек  аралық,  қабырғаны  көтеретін,  төс-

бұғана еміздікше еттері т.б.) жиырылуының арқасында көкірек қуысының ені 

52-ñóðåт

.´êïå  -ëüâåîë-ñû

 



 

136


мен  тұрқының  кеңеюінің  əсерінен  жүреді.  Аталған  еттердің  жиырылуы 

салдарынан  құрсақ  ағзалары  кейін  қарай  ығысып,  қабырғалар  көтеріледі. 

Көкірек  қимылына  сəйкес  өкпе  де  керіліп,  оның  ішіндегі  қысым 

атмосфералық  қысымнан  с.б.  1-3  мм-ге  төмендейді  де,  сыртқы  ортадан  ауа 

өкпеге  сорылады.  Тыныс  еттері  босаңсыған  кезде  көкірек  қуысы  тарылып, 

өкпедегі  ауа  сығылады  да,  дем  шығарылады.  Дем  шыққан  соң  аз  уақытқа 



тыным  (пауза)  байқалады.  Тыныс  жиілеп,  тереңдеген  кезде  дем  шығару 

(экспиация)  арнаулы  еттердің  жиырылуының  нəтижесінде  атқарылады. 

Оларға  ішкі  қабырға  аралық  еттер,  сыртқы  жəне  ортаңғы  сегізкөз  еттері, 

құрсақтың  қиғаш  жəне  тік  еттері  т.б.  жатады.  Сонымен,  көкірек  қуысы 

кеңейсе өкпе керіліп, оның көлемі үлкейеді, ал ол тарылса - өкпе сығылып,

 

көлемі  кішірейеді.  Демек,  өкпенің  көлемі  көкірек  қуысының  қимылына 



сəйкес өзгеріп отырады. 

Өкпенің  дəл  осылай  көкірек  қимылын  қайталауы  екі  түрлі  себепке 

байланысты.  Біріншіден,  өкпедегі  серпімді  ұлпа  элементтері  жəне  өкпе 

көпіршіктерінің беттік тартылысы серпімді күш тудырады. Ол керілген өкпе 

ұлпасын  солдыруға  тырысатын  фактор.  Екіншіден,  өкпе  көкірек 

қабырғасымен тікелей жанаспайды, олардың арасында плевраның беткейлік 

(париетталдық) 

жəне 


астарлық 

(висцералдық) 

жапырақшаларымен 

көмкерілген плеврааралық қуыс болады. Ол төл туғаннан соң бірінші тыныс 

алумен байланысты пайда болады. Құрсақта төл өкпесі семіп жатады. Іштөл 

оттегіні  серік  арқылы  енесінің  организмінен  қабылдап  отырады  да,  өкпе 

əрекетке  қосылмайды.  Төл  туғаннан  соң  бірінші  тыныс  кезінде  тыныс 

алдыратын еттердің жиырылуының əсерінен қабырғалар көтеріліп, олардың 

басы  омыртқадағы  арнаулы  ойыстарға  бекиді.  Осы  кезден  бастап  көкірек 

қуысы мен онда орналасқан жүрек пен өкпенің арасында аз ғана қуыс пайда 

болады.  Онтогенез кезінде көкірек керегесі ішкі ағзалармен салыстырғанда 

жылдамырақ  дамиды  да,  бұл  қуыс  ұлғая  түседі.  Осы  қуыстағы  қысым 

атмосфералық қысымнан с.б. 6-15 мм-ге кем (53-сурет). Демек, қуыста теріс 

қысым қалыптасқан. Сол себепті атмосфералық ауа өкпеге тек ішкі жағынан 

ғана əсер етеді. 

Егер  плеврааралық    қуысқа  инúекциялық  ине  қадаса,  онда  оған 

атмосфералық  ауа  сорылады  да  (пневмоторакс),  қуыстағы  қысым 

атмосфералық  қысыммен  теңесіп,  өкпе  семіп  қалады  (ателектаз),  өкпенің 

қызметі тоқтайды. 



 

137


 

 

 



деңгейде ауытқулары өкпенің керіліп-солып отыруына жеткілікті күш. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет