Жануар физол


Өкпенің тіршіліктік жəне жалпы сиымдылығы



Pdf көрінісі
бет110/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Өкпенің тіршіліктік жəне жалпы сиымдылығы. Өкпе - қуыс ағза. Ол 

белгілі  мөлшерде  ғана  ауа  сыйғыза  алады.  Мысалы,  адам  тыныштық 

жағдайда 500 мл ауа жұтып, дəл осы мөлшерде дем шығарады. Ал жылқыда 

бұл көрсеткіш 5-6 л жетеді. Бұл  тыныстық ауа (54-сурет). 

 

 

Өкпенің



 

жалпы

 

сиымдылығ

ы

 

 

 



 

 

 



34 л 

 

 



 

 

Өкпенің



 

тіршіліктік

 

сиымдылығ

ы

 

 

 



 

 

24 л 

 

 

 



 

 

 

 

Қалдық

 ауа 

10 л 

 

 



 

Қосымша

 

ауа

 

12 л 

 

Тыныс



 

ауасы

 

5 л 

 

 



Қордағы

 

ауа

 

7 л 

 

 



 

 

 



 

Тыныстық

 

көлем

 

17 л 

 

 



 

 

 



 

Қалдық

 

көлем

 

17 л 

 

Терең демалу 

 

 



 

Қалыпты  

  дем алу 

 

 



 

 

 



 

 

      



   Терең  

дем  

шығару 

 

54-сурет. Жылқы өкпесінің сиымдылығын бейнелейтін көрсеткіштер; оң 

жақта тыныстың графикалық бейнесі 

 

Адам терең дем алса тыныстық ауаға қосымша 1,5 л, ал жылқы -10-12 л 



ауа  жұта  алады.  Ауаның  бұл  мөлшерін  қосымша  ауа  деп  атайды.  Адам 

қалыпты дем шығарған соң тағы да 1,5 л шамасында ауа бөле алады (жылқы 

10-12  л).  Бұл  -  қордағы  ауа.  Аталған  тыныстық,  қосымша  жəне  қордағы 

ауалардың  қосындысын  өкпенің  тіршіліктік  сиымдылығы  (ӨТС)  деп 

атайды.  Адамда  ол  3,5-4  л,  ал  жылқыда  26-30  л  шамасында.  Терең  дем 



 

139


шығарғандағы ауаның мөлшері шамамен өкпенің тіршіліктік сиымдылығын 

көрсетеді. 

Өкпенің  тіршіліктік  сиымдылығы  малдың  жасына,  өнімділігіне,  тұқым 

ерекшеліктеріне  жəне  басқа  факторларға  байланысты  өзгереді.  Ол  арнаулы 

құрал - спирометр көмегімен анықталады.  

Ең терең дем шығарған соң да өкпеде шамамен 1 л (жылқыда 10 л) ауа 

қалады. Ауаның бұл бөлімін қалдық ауа деп атайды. Қордағы жəне қалдық 

ауа  қосындысы  альвеолалық  ауа  түзеді.  Өкпенің  тіршіліктік  сиымдылығы 

мен  қалдық  ауаның  қосындысын  өкпенің  жалпы  сиымдылығы  (ӨЖС)  деп 

атайды. 



Өкпе  желдеткіші.  Өкпенің  белгілі  бір  уақыт  ішінде  ауа  алмастыру 

қабілетін  өкпе  желдеткіші деп  атайды.  Өкпе  желдеткішін  əлбетте  1  минут 

мөлшерінде  анықтайды.  Демек,  бір  минут  ішінде  өкпе  арқылы  өткен  ауа 

мөлшерін  өкпе  желдеткішінің  минуттық  көлемі  дейді.  Ең  терең  дем 

шығарғанның  өзінде  өкпе  толық  солмайды,  ондағы  барлық  ауа  сығылып 

шықпайды,  өкпеде  қордағы  ауа  қалады.  Қалыпты  жағдайда  сиыр  4-5  л  ауа 

жұтады.  Оның  30  пайызы  тыныс  жолдарында  қалып,  альвеолаларға  тек  70 

пайызы  немесе  2,8-3,5  л  ауа  жетеді.  Осы  тыныстық  ауаның  альвеолалық 

ауаға  қатынасын  өкпе  желдеткішінің  коэффициенті  деп  атайды.  Егер 

альвеолаларда 20 л шамасында ауа болатынын ескерсек, əрбір тыныс кезінде 

өкпедегі ауаның 1/6 ғана желдетіледі. 

Өкпе  желдеткішінің  минуттық  көлемі  өзгермелі  шама.  Ол  тыныс 

жиілігіне, өкпенің тіршіліктік сиымдылығына, мал атқаратын жұмыс түріне, 

рацион сипатына, сыртқы орта температурасына, т. б. факторларға тəуелді. 

Мысалы, тыныштық жағдайда жылқыларда өкпенің минуттық сиымдылығы 

40-50 л тең, ал баяу қимыл кезінде ол 100-200 л, ауыр жұмыс кезінде - 400-

500  л  жетеді.  Ауа  температурасы  19

0

-тан  28



0

-қа  дейін  жоғарыласа,  өкпенің 

минуттық  сиымдылығы  45  литрден  105  л  дейін  өседі.  Дəл  осындай 

өзгерістер сауын сиырларда да байқалады (18-таблица). 

Таблицадан  сиырларда  өкпе  тынысының  ауа  температурасымен  қатар 

малдың  өнімділігіне  байланысты  өзгеретінін  көреміз.  Сиырларда  өкпенің 

минуттық 

көлемі 


зат 

алмасу 


процестерінің 

қарқынына  байланысты  тəулік  бойына  ырғақты  өзгеріп  отырады. 

Мысалы,  торпақ  бұқаларда  ертеңгісін  ол  29,14  л,  түсте-  40,54  л 

кешке -36,55 л-ге тең.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет