Жануар физол



Pdf көрінісі
бет142/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   504
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілекей  түссіз,  иіссіз,  оңай  көпіретін,  əлсіз  сілтілік  реакциялы, 

тығыздығы 1,002-1,012-ге тең тұтқыр сұйық. Оның құрамында 99-99,4 пайыз 

су жəне 0,6-1,0 пайыз құрғақ зат болады. 

Сілекейдің  сусыз  бөлігінің  құрамында  түрлі  органикалық  заттар  - 

белоктар,  муцин,  ферменттер  жəне  бейорганикалық  тұздар  болады. 

Сілекейде  натрий,  калий,  хлор,  кальций,  фосфор  т.б.  элементтер  белгілі  бір 

тұрақты мөлшерде кездеседі. Сілекей құрамына кейбір зат алмасу өнімдері - 

көмір  қышқылы,  несепнəр,  аммиак  т.б.  кіреді.  Амилаза  (птиалин)  жəне 

глюкозидаза  (мальтаза)  ферментерінің  болуына  байланысты  сілекей 

көмірсуларды ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, 

ал мальтаза оны глюкозаға ыдыратады. 

Сілекей  организмде  маңызды  рөл  атқарады.  Ол  ауызға  түскен  азықты 

ылғалдап,  оны  шайнауды  оңайлатады,  азықтың  дəмін  анықтауға  мүмкіндік 

береді,  сілекей  құрамындағы  муцин  шайналған  азық  ұнтағын  жабыстырып, 

оны  жентектейді,  жұту  процесін  жеңілдетеді.  Сілекей  денедегі  су  мен 

тұздардың  алмасуына  катысып,  қышқыл-сілтілік  тепе-теңдікті  сақтауға 

мүмкіндік  береді,  қарындағы  қышқылдарды  бейтараптайды.  Кейбір 

жануарларда  (иттерде)  сілекей  дене  қызуын  реттеуге  қатысады.  Құрамында 

бактерия  денелерінің  қабығын  ерітетін  лизоцим  ферментінің  болуына 

байланысты оның бактерицидтік қасиеті де болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет