Жануар физол



Pdf көрінісі
бет143/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сілекей түзу. Сілекей арнаулы торшаларда жүретін күрделі биологиялық 

процестің  нəтижесінде  түзіледі.  Сілекейдің  секрециялық  процесс  негізінде 

түзілетіні  жайлы  алғашқы  болжамды  Р.Гейденгайн,  кейінірек  Б.П.Бабкин 

жасаған. Бұл процесс табиғаты жағынан экскрециялық процеске ұқсас. Бірақ 

экскреция  нəтижесінде  торша  организмге  қажетсіз  зат  алмасу  өнімдерін 

бөлсе, секреция кезінде белгілі бір мақсатта түзілген заттар бөледі. 

 

73-ñóðåт.

 

Èттi» 



øûºøûт 

áåçiíi» 


¼çåãií 

ñûðтº- 


øû¹-ðó 

îïåð-öèÿ 

ñûíä-¹û 

æ¾éåëiëiê 

(-, 

â, 


á, 

ã 

— 



îïåð-öèÿ êåçå»äåði) 


 

175


Сілекей  түзу  үш  кезеңде  өтеді:  алғашқы  өнімдерді  түзіп,  секрет 

түйіршіктерін  жасау;  торшалардан  секретті  бөлу;  торшалардың  бастапқы 

құрылымын қалпына келтіру. 

Секреттің 

алғашқы 

өнімдері 

рибосомалардың 

қатысуымен 

цитоплазманың  түйіршікті  торының  түтіктерінде  жүреді.  Олардың 

қабырғасынан  секрет  Гольджи  кешенінің  вакуоліне  өтіп,  осы  жерде  олар 

жинақталып,  секрет  түйіршіктері  пайда  болады  (74-сурет).  Одан  əрі 

түйіршіктер  біртіндеп  торшалардың  жоғарғы  бөлігіне  жинақталады.  Торша 

цитоплазмасының  түйіршіксіз  торында  белоксыз  секрет  түзіліп,  олар  да 

тамшы түрінде торшалардың жоғарғы бөлігінде жинақталады. 

Торшалардан секрет бірнеше жолмен бөлінеді. Пайда болған түйіршіктер 

немесе  вакуольдер  торшалардың  апикальдық  қабығына  жақындап, 

мембранаға  жабысады.  Соңынан  осы  жерде  тек  электрондық  микроскоппен 

ғана  көрінетін  тесік  пайда  болады.  Осы  тесік  арқылы  секрет  без 

альвеоласына  бөлінеді.  Бұл  секрет бөлудің  макромерокриндік  жолы.  Секрет 

микромерокриндік жолмен торша қабығы арқылы жеке молекулалар түрінде 

де  бөлінуі  мүмкін.  Торшаларда  секрет  түйіршіктері  көп  мөлшерде 

жинақталса, олар бір-бірімен  қосыла  келіп  тіл  тəрізді цитоплазмалық  өсінді 

түзеді  де,  ол  альвеолаға  үзіліп  шығады.  Осыдан  кейін  торша  жалпайып, 

уақытша секрет түзуді тоқтатады. Бұл секрет бөлудің апокриндік түрі. Секрет 

тым  көп  жиналып  қалса,  торшаны  бұзып  шығады.  Бұл  секрет  бөлудің 



голокриндік жолы. Ас қорыту сөлдерін бөлу кезінде осы аталған секрет бөлу 

түрлерінің барлығы да кездеседі. Секрет бөлінгеннен кейін торшаларда қайта 

қалыптасу процесі жүреді. 

 

 



 

 

 



Торшалардың  секрециялау  қызметі  организмнің  функционалдық 

жағдайына  қарай  өзгеріп  отырады.  Ашығу  кезінде  бездердің  сілекей  түзу 

қызметі  тоқтап  қалады.  Əрбір  торша  секретінің  физикалық  жəне  химиялық 

74-ñóðåт.

  Ñiëåêåé  т¾çó  ïðîöåñiíi» 

ñõåì-ñû (-): 

   1 - т¾éiðëi öèтîïë-çì-ëûº  тîð; 



Ãîëüäæè 



 

 

êåøåíiíi» 



â-êóîëüäåði;   3 - ñåêðåт т¾éiðëåði; 

т

îðø-ë-ðäû»  ñåêðåт  á¼ëó  т¾ðëåði:  



Á - ìèêðîìåðîêðèíäiê,  

 — ì-êðîìåðîêðèíäiê 

 Ã- -ïîêðèíäiê æîëä-ð 

 



 

176


қасиеттері  өзгеріп  тұрады.  Азықтандыру  аралығында  сілекей  түзу  тоқтап, 

малды  азықтандырғанда  ол  күшейеді.  Сілекейдің  сапасы  азықтың  түріне 

қарай өзгереді. Құрғақ, ұнтақталған азыққа сілекей көп, ал балғын азыққа – 

аз  бөлінеді.  Сілекей  бездерінің  қызметі  азықтың  құрамы  мен  сапасына 

бейімделе  өзгереді.  Мысалы,  итті  ұзақ  уақыт  крахмалды  азықпен 

тамақтандырса,  оның  сілекейінде  көмірсуларды  ыдырататын  ферменттер 

пайда  болады.  Азық  сипаты  мен  сілекей  сапасының  арасындағы  мұндай 

сəйкестік  рефлекспен  жəне  гуморальды  реттеу  тетіктерінің  əсерімен 

қалыптасады.  Рефлекстік  механизм  сілекей  бездері  қызметін  шапшаң 

өзгертсе,  гуморальдық  механизм  без  əрекетінің  баяу  бейімделе  өзгеруін 

қамтамасыз етеді. 

Сілекей  бөлу  процесі  торшалардан  шыққан  секреттер  бездердің 

түтікшелері  мен  альвеолаларына  жинақталғаннан  кейін  ғана  басталады  да, 

безді ұлпаның миоэпителийлік торшалары мен шығару өзектерінің бірыңғай 

салалы еттерінің қатысуымен жүреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет