192
Қарын жынының ішекке өту жылдамдығы əр түрлі жағдайларға
байланысты. Мысалы, жұмыс кезінде жынның ішекке өту жылдамдығы
баяулайды. Бұл процесс қабылданған азықтың құрамына, температурасына,
қоюлығына жəне ішектің толу дəрежесіне байланысты өзгереді. Белоктар мен
майларға қарағанда көмірсулы азықтар жəне жақсы ұнтақталған ботқа
тəріздес қарын жыны ішекке тезірек өтеді. Ал азықтың жақсы ұнтақталуы
ауыз қуысы органдарының, əсіресе тістің қызметіне байланысты. Осы
тұрғыдан мал дəрігерлерінің тісті мезгіл-мезгіл тексеріп отырғаны жөн. Тіс
ауруға шалдықса азықты шайнау процесі нашарлап, қабылданған жем-шөп
қажетті дəрежеде ұнтақталмайды да, қарында көбірек аялдап, түрлі дертке
шалдықтырады.
Сұйықтар қарында көп аялдамай 2-4 минуттан кейін ішекке өте бастайды
да, 15-42 минутта толық өтіп болады. Егер сұйық көп мөлшерде қабылданса,
ол қарын құрышына дейін барады. Азықпен араласқан сұйық (мəселен, мал
азық жеп тұрып су ішсе) қарынның үлкен иіні бойында жиналады да,
сұйықтың аз ғана бөлігі жынның терең қабатына сіңеді. Жылқылар су ішкен
кезде қарынның тонусы жоғарылап, кардиа мен пилорус тесіктері
жақындайды да, су кіші иін бойымен ішекке өте бастайды. Сұйықтар басқа
азыққа қарағанда ішекке үлкен-үлкен үлеспен тез өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: