(эзофаготомия), ит жеген тамақ қарынға жетпей, өңеш тесігінен түсіп
қалады. Осыған қарамай 5-8 минуттан кейін қарыннан сөл бөліне бастайды.
Қарын сөлі тек азық жегенде ғана емес, азықтандыру процесімен
қабаттасатын түрлі шартты белгілердің (тамақ иісі, ыдыс сылдыры, күтуші
адамның көрінуі т.б.) əсерінен де бөлінеді. Бұл процесс үлкен ми жарты
шарларындағы ас қорыту орталығынының реттеуімен жүреді. Демек, сөл
бөлуде шартсыз рефлекстерге шартты рефлекстер қосарланады. Осы себепті
сөл бөлудің бірінші кезеңін күрделі рефлекстік кезең деп атайды. Түрлі
шартты белгілер əсерінен бөлінген сөлді И.П.Павлов «Тəбеттік сөлң деген.
Бұл ас қорыту процесін жақсартатын фактордың бірі.
Сөл бөлудің күрделі рефлекстік кезеңі екі сағаттан кейін тоқтайды. Бірақ
арнаулы тəжірибелер қалыпты жағдайда сөл бөлу процесі азық сипатына
қарай 8-10 сағатқа дейін созылатынын көрсетті. И.П.Павлов əдісімен
оқшауланған қарын қалтасы жасалып, əрі негізгі қарынына көбек орнатылған
иттің қарнына тесік арқылы тамақ салып қойса, 30 минуттан кейін қарын
қалтасынан сөл бөліне бастайды. Бұл сөл бөлудің екінші – нейро-
гуморальдық кезеңі болатынын дəлелдейді.
Сөл бөлудің екінші кезеңі механикалық жəне химиялық тітіркендіргіштер
(ас қорыту өнімдері - қарапайым пептидтер, түрлі сығынды заттар, гистамин,
гастрин т.б. гормондардың) əсерлерінен туындайды. Химиялық заттар қарын
бездеріне тікелей ықпал етпейді, олар сөл бөлуді жүйке жүйесі арқылы
жүргізеді. Егер қарынды атропинмен шайса (атропин кезеген жүйке ұштарын
уақытша істен шығарады), сөл бөлудің екінші кезеңі тоқтап қалады. Осы
себепті сөл бөлудің екінші кезеңі жүйкелі-гуморальдық кезең деп аталады.
И.П.Павлов тəжірибелері ыдырау өнімдері мен сығынды заттар қарынның
пилорус аймағында қанға сіңіп, фундальдық бездердің қызметін
күшейтетінін дəлелдеген.
Қарын сөлінің бөлінуін гастрин, энтерогастрин жəне гистамин күшейтеді.
Гастрин - қышқыл сөл бөлінуін арттыратын полипептид. Ол қарынның
пилорус аймағында бұйығы прогастрин түрінде түзіледі де, тұз
қышқылының əсерімен белсенді гастринге айналады. Гастрин фундальдық
бездердің қызметін тікелей жандандырады. Ол симпатикалық жəне
парасимпатикалық жүйкелерді қиып тастағаннан кейін де, тіпті қарын
қабырғасындағы жүйке түйіндерін сылып тастағанның өзінде сөл бөлуді
жандандырады.
81-
ñóðåт.
«Æ-ë¹-í
т
-ì-ºт-íäûðó»
т¸æiðèáåñi
187
Энтерогастрин - ұлтабар ұшы (12 елі ішек) мен ащы ішектің алдыңғы
бөліктерінде түзіледі. Оның əсері гастринге ұқсас.
Гистамин - гистидин амин қышқылының туындысы. Ол көмкерме
торшалардың қызметін жандандырып, пепсиногеннің бөлінуін тежейді.
Парасимпатикалық жүйке ұштарында бөлінетін ацетилхолин медиаторы
гистаминнің түзілуін күшейтеді.
Қарын мен ішек қабырғасында сөл бөлу процесін баяулатып, тежейтін де
биологиялық белсенді заттар бөлінеді. Гастрон - қарынның пилорус
аймағында түзіліп, фундальдық бездердің жұмысын тежейді. Энтерогастрон
ұлтабар ұшында тұз қышқылының, майдың, май қышқылдарының,
моносахаридтердің əсерімен түзіледі. Бұл екі гормон да полипептидтерге
жатады.
Қарынның қимылдары. Қарын қабырғасының жынды араластыруға,
ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін
əрекеттерінің жиынтығын қарын қимылы деп атайды. Ол қарын
қабырғасының талшықтары үш бағытта орналасқан етті қабығының
жиырылуымен байланысты.
Ашқарын жағдайында қарын қабырғасының етті қабаты ширығу
жағдайында болады. Аштық ұзаққа созылған жағдайда əрбір 60-90 минут
сайын 20-40 минут бойына қарын оқтын-оқтын жиырылып отырады
(«Аштық
əрекетң). Осы жиырылулар гуморальдық факторлармен
қабаттасып аштық түйсігін күшейтеді жəне азық берілгенге дейін мезгіл-
мезгіл қайталанып отырады. Азық беру үстінде жəне азықтандырғаннан соң
қарын босаңсиды да, 20-40 минуттан кейін (азықтың сипатына қарай) оның
жиырылуы, əсіресе қарын кіреберісінде (антральдық бөлікте) күшейеді.
Қарын қабырғасының етті қабығының жеке-жеке қабаттарының əрекетіне
байланысты
қарында
бірнеше
жиырылу
түрлері
байқалады.
Перистальтикалық жиырылу бір фазалы төменгі амплитудалы, минутына 3-
4 рет қайталанатын жиырылу. Ол етті қабықтың сақинаша қабатының
əрекетінен туындайды. Əрбір жиырылу толқыны 5-20 секундқа созылады.
Ширықпа жиырылу етті қабықтың бойлама жəне қиғаш қабаттарының
толқын тəрізді жиырылуларынан туындайды. Ширықпа жиырылу
толқындары күштірек, ұзағырақ, минутына 2-4 рет жиілікпен қайталанады
да, əрбір толқын 15-30 секундқа созылады. Аталған жиырылу толқындары
қарын қуысындағы қысымды жоғарылатып, жынның қарын сөлімен
араласуына жағдай туғызады. Жынның терең орналасқан ортаңғы бөліктері
араласпай, тығыз күйінде жатады.
Систолалық жиырылу қарын кіреберісінен басталып, 60 секундқа дейін
созылады. Ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да,
жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.
Қарынның
жиырылуы
баллонографиялық,
рентгенографиялық,
электромиографиялық əдістермен зерттеледі (82-сурет).
188
Қарын қимылының реттелуі. Қарынның бірыңғай салалы еттерінің
қызметі
қабырғалық
(интрамуральдық)
жəне
қабырғадан
тыс
(экстамуральдық) тетіктермен реттеледі. Қабырғалық реттеу тетігін Ауэрбах
(етті қабық) жəне Мейснер (кілегей асты қабық) өрімдері қамтамасыз етеді.
Осы құрылымдар қарын қабырғасы автоматизмінің негізі болып табылады.
Экстамуральдық реттеу тетігін парасимпатикалық жəне симпатикалық
жүйкелер қалыптастырады. Қарын мен ұлтабар ұшынан орталыққа (сопақша
жəне ортаңғы миға) қозу импульстері кезеген жүйке мен құрсақтық
симпатикалық жүйке арқылы беріледі. Қарынға орталықтан қозу толқыны
кезеген жүйке арқылы берілсе, қарын қимылы күшейеді, симпатикалық
жүйке арқылы берілсе –бəсеңдейді.
Қарын қимылы гуморальдық жолмен де реттеледі. Гастрин, гистамин,
холин, ацетилхолин, калий иондары оны күшейтсе, энтерогастрин,
адреналин, норадреналин, кальций иондары - əлсіретеді.
Жынның
Достарыңызбен бөлісу: |