Қоян
өсімдікпен
қоректенетін
жануар.
Клетчатка
бүйенде
микроорганизімдердің əрекетімен ғана ыдырайды, бірақ оның ыдырау
өнімдері организмге сіңіп үлгермейді. Шала қорытылған клетчатка бүйеннен
жұмсақтау, ақшыл, ірі құмалақ түрінде кəдімгі нəжіс құмалақтарымен бірге
бөлінеді. Осы клетчаткалы құмалақты қоян жерге түсірмей, тікелей артқы
тесігінен қайта жұтып отырады. Қайта жұтылған құмалақ қабылданған
азықпен араласпай, қарын құрышында жиналады. Бұл құмалақтардың
микроорганизмдерден құралған ерекше қабығы болады. Сол микробтар
бөлген ферменттердің əсерімен құмалақ бірнеше сағаттың ішінде
микробиологиялық өңдеуден өтіп, ашу процесіне ұшырайды. Бірте-бірте
олар қарын сөліне бөгіп, микроорганизмдер тіршілігі тоқтайды да,
микробиологиялық ашу процесі кезінде босаған ұшпалы май қышқылдары
мен сүт қышқылын организм сіңіріп алады.
Қояндарда қарын сөлі толассыз бөлінеді, себебі қарын еш уақыт бос
болмайды. Тəулігіне 75-150 мл мөлшерде сөл бөлінеді. Қарын
түбінің бездерінен бөлінген сөлдің сутектік көрсеткіші 0,7- 1,2 ге тең, оның
құрамында пепсиноген мен 0,2-0,35 пайыз тұз қышқылы болады. Қарынның
аралас сөлінің сутектік көрсеткіші 2,2-2,5 шамасында сақталады.
Қалыпты азықтандыру жағдайында 4-6 сағат ішінде азық қарында
қорытылып, ішекке өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |