296
диссимиляциясы кезінде пайда болатын пирожүзім қышқылының ыдырауын
жандандыратын пируватдекарбоксилазаның құрамына кіреді. Пирожүзім
қышқылының карбоксилсізденуі кезінде анаэробтық жағдайда тірі жүйе
үшін энергия көзі болып табылатын лимон қышқылы түзіледі. Осы себепті
тиамин тапшылығы кезінде торшалардың тіршілік əрекеті бұзылады. Тиамин
ацетилхолинді ыдырататын холинэстраза ферментінің əсерін бөгейді.
Тиаминді өсімдіктер синтездей алады, ал жануарлар мен адамдарда ондай
қабілет жоқ. Сондықтан жылқы, шошқа, қоян азық құрамында бұл
дəрмендəріні қабылдап отыруы керек. Күйіс малы тиаминге мұқтаж
болмайды, себебі мес қарын микроорганизмдері оларды жеткілікті мөлшерде
синтездейді. Жылқы мен шошқаның тиаминге тəуліктік сұранысы
массасының əрбір 100 кг
шаққанда тиісінше 3-5 жəне 2-4 мг.
В
2
дəрмендəрісі (рибофлавин) кейбір сары түсті ферменттердің құрамына
кіретін флавин тектес заттарға жатады. Ол өсімдік құрамында, жануарлар
мен микроорганизмдер денесінде кең тараған. Рибофлавин балғын азықтар
мен капуста құрамында, ашытқыларда, бауырда, жұмыртқада, бүйректе,
сүтте көп болады. Ол зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады, түрлі
ферменттер, əсіресе тыныс ферменттерін синтездеу үшін қажет.
Организмде рибофлавин жетіспесе көмірсулар алмасуы бұзылып,
бауырда
гликогеннің
түзілуі
баяулайды,
сүт
жəне
пирожүзім
қышқылдарының тотығуы нашарлайды. Бұл дəрмендəрі белоктың алмасу
процесін дұрыс жүргізу үшін де қажет. Ол жетіспесе белок пен амин
қышқылдарының пайдаланылу деңгейі төмендейді, көптеген амин
қышқылдары еш өзгеріссіз несеп арқылы бөлінеді. Рибофлавин көру
органдарының, жыныс бездерінің, жүйке жүйесінің қалыпты қызметі жəне
ұрықтың құрсақта дұрыс дамуы үшін қажет. Ол гемоглобинді синтездеу
процесін реттеуге де қатысады. Рибофлавиннің жетіспеуінен организм
гипохромдық анемияға, жүйке жүйесінің ауруларына шалдығады, əсіресе
оның нəрлендіру қызметі бұзылады.
Рибофлавин тапшылығына шошқа мен құстар сезімтал. Ол жетіспеген
жағдайда балапандардың өсуі баяулап (109-сурет), іші өтеді де, олар сал
ауруға шалдығып, өле бастайды, ал сақа құстардың жұмыртқалау қабілеті
төмендейді. Шошқалардың өсіп-жетілуі, дамуы баяулап, көзі ағарады,
əлжуаздық
байқалады.
Күйіс
малында
рибофлавинге
мұқтаждық
байқалмайды, тек емізулі төлдер ғана оған мұқтаж болады. Ол жетіспесе
бұзаулардың тəбеті төмендеп, іші өтіп, жүні түсіп, аузынан сілекей
сорғалайды.
Организмнің қалыпты тіршілігі үшін азықтың құрғақ затының əр кг-на
тауық пен үйрек балапандары - 3 мг, күрке тауық пен үйрек - 4 мг, торайлар -
0,5-5,3 мг, мегежіндер - 2,1-3,2 мг рибофлавин қабылдау керек.