32
процестерін – зат алмасу, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.с.с. не
күшейтеді, не əлсіретеді. Демек, тіршілік ортасының əсерлеріне организм
өзінің физиологиялық функцияларын өзгерту негізінде бейімделеді.
Бейімделу процесінің арқасында организмде ортаның экологиялық
жағдайларына, ауа райының ауытқуларына, оттегінің, судың, жарықтың
тапшылығына, азық түрлерінің өзгерістеріне, т.б. жағдайларға төзімділік
қасиеті қалыптасады.
Сыртқы əсерлерге организм біртұтас жүйе ретінде жауап қайтарғанымен,
оның əр түрлі органдарының қызмет əрекеттері əр дəрежеде өзгереді.
Тіршілік ортасының қолайсыз əсерінен организмнің əлсіз торшалары
жойылып, күштілері өніп-өсіп, олардың тіршілік əрекеттері өзгереді де,
қолайсыз жағдайға төзімділігі артады. Орталық жүйке жүйесінің күрделі
қызметінің арқасында əр түрлі жануардың жалпы құрылысы мен
органдарының қызметі тіршілік ортасының жағдайларына бейімделіп,
организм мен қоршаған орта арасында үйлесімдік қалыптасады. Бұл -
тіршілікті сақтаудың негізгі шарты.
Организм бір тіршілік аймағынан экологиялық жағдайлары өзгеше екінші
аймаққа ауысса, оның көптеген физиологиялық процестерінде өзгерістер
туындап, жаңа жағдайға бейімделу процесі жүреді. Егер өзгерген тіршілік
ортасының жағдайларына организм бейімделе алмаса, оның негізгі
физиологиялық процестері əлсірей бастайды да, тіршілік əрекеті тоқтайды.
Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз əсерлерін азайту, организмнің
физиологиялық процестерінің қалыпты жағдайда дамуына мүмкіндік
туғызу, малдың саулығын сақтаудың, оның өнімділігін арттырудың негізгі
шарттарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: