33
Организм торшаларының функциясы осмос қысымының салыстырмалы
тұрақтылығына байланысты. Өз кезегінде осмостық қысымның деңгейі су
мен онда еріген электролиттердің мөлшеріне тəуелді. Осмостық қысымның
жоғарылауы немесе төмендеуі, торша құрамы мен функциясының өзгеруіне
əкеп соғады. Сондықтан организмдегі артық су мен электролиттер сыртқа
бүйрек, өкпе, тері, тер бездері арқылы шығарылады да, осмостық қысымның
деңгейі реттеліп отырады.
Гомеостаз организмнің қалыпты жағдайын сипаттайтын əр түрлі тұрақты
көрсеткіштермен, мысалы, дене температурасы, қанның осмостық қысымы,
химиялық құрамы, ондағы сутегі иондарының концентрациясы (рН) т.б.
бейнеленеді. Гомеостаз көптеген ұлпалар мен органдардың тұрақты
қызметінің арқасында ғана сақталады.
Жоғары сатыдағы организмге тəн қасиеттің бірі - гомеокинез, немесе
өмірге қажет функциялардың тұрақтылығы. Мысалы, қимыл əрекеті мен
энергия бөлу арқылы организм сыртқы орта өзгерістеріне бейімделіп
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: