белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін, безге тəн
серік бездер, гипофиз, бүйрек үсті бездер, серік (плацента), эпифиз жəне
334
құрайды. Сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Без тамыр
қимылдатқыш жəне секрециялық жүйкелермен жүйкеленеді.
Организмде əр түрлі химиялық процестерге əсер етіп, оның тіршілік
əрекеттерін өзгертіп отыратын арнаулы органдардың болатыны жайлы
болжамдарды кейбір зерттеушілер XVІІ ғасырдың басынан айта бастаған.
Бірақ, нақтылы деректер мен фактілер болмағандықтан, ондай органдардың
қызметі ұзақ уақыт белгісіз болып келді. Тіпті XІX ғасырдың орта кезінің
өзінде осы ерекше безді органдардың маңызы жайлы əр түрлі болжамдар
сақталды. Мысалы, қалқанша без көмекейді дымқылдау, мидағы қан
айналымды реттеу үшін қажет деген ұғымдар болған.
Кейінірек бұл бездердің кейбір дерттерге тікелей қатысы болатыны
анықталды. Мысалы, шырышты ісіктің (микседема) қалқанша безінің
семуіне (атрофия), Аддисон дертінің бүйрек үсті бездерінің қызметінің
бұзылуына байланысты екені дəлелденді. Осы сияқты деректер аталған безді
органдардың физиологиялық маңызының зор екенін көрсетті. 1856 жылы
Броун-Секар бүйрек үсті безін сылып тастағаннан кейін малда діріл пайда
болып, оның өліп кететінін анықтады. Организм тіршілік əрекетінің
ауытқулары басқа бездерді сылып тастағанда да байқалған.
"Ішкі секреция" деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол ішкі
секреция бездеріне дененің барлық органдарын жатқызған. Бұл тұжырымды
ол барлық органдардан алмасу өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген.
Шын мағынасында К.Бернар бұл жүйеге қалқанша, айырша (тимус), бүйрек
үсті бездерін, көк бауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.
Ішкі секрециялық құбылыс организмнің көптеген ұлпаларында орын
алады. Мысалы, өзінің тіршілік əрекеті үстінде гипоталамустың
нейросекрециялық ядролары, ас қорыту жолының эндокриндік торшалары,
əр түрлі ұлпалар физиологиялық процестерге əсер ететін өнімдер бөледі.
Организмде осындай құрылымдар бөлген гормондар, нейросекреттер жəне
ұлпалық алмасу өнімдерінің əсерімен сұйықпен (гуморальдық) реттеу тетігі
қалыптасады. Гуморальдық заттар органдар арасындағы өзара байланысты
қамтамасыз етіп, организм қызметін сыртқы орта жағдайына бейімдеуде
маңызды рөл атқарады.
Ішкі секрециялық қызметке көп жағдайда тым кең мағына беріледі.
Кейбір зерттеушілер бұл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жатпайтын
органдардағы биологиялық белсенді заттардың түзілу процесін де
жатқызады. Шынында көптеген органдар мен ұлпалар организмнің əр түрлі
тіршілік əрекетін реттеуге қатысатын биологиялық белсенді заттар (көмір
қышқыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзеді. Бірақ
аталған заттардың барлығын гормондарға жатқызуға болмайды, себебі
оларда гормондарға тəн барлық қасиеттер болмайды.
Эволюциялық даму кезінде ішкі секреция бездері жүйке жүйесінен
əлдеқайда кеш пайда болған. Мысалы, ішек қуыстыларда шашыраңқы
335
(диффузиялы) жүйке жүйесі байқалса, ішкі секреция бездеріне ұқсас
құрылымдар алғаш рет тек буылтық құрттарда кездеседі. Демек,
эндокриндік бездер филогенездік тұрғыда кешірек пайда болады. Ішкі
секрециялық қызмет жоғары маманданған арнаулы эндокриндік бездерге тəн
қасиет ретінде омыртқалы жануарларда қалыптасады. Ол алғаш рет жұмыр
ауыздылар мен балықтарда байқалады.
Сонымен, ішкі секреция филогенез тұрғысында кешірек қалыптасқан жəне
эндокриндік бездердің дамуына байланысты пайда болған процесс. Сол
себепті ішкі секреция деген түсінікті органдардың, ұлпалардың,
торшалардың алмасу өнімдерін бөлетін əрекетімен, ал гормонды - алмасу
өнімдерімен шатастыруға болмайды (16-схема). Жеке торшаларда түзіліп,
солардың өзіне ғана əсер ететін биологиялық белсенді заттарды «торшалық
гормондарң деп атайды. Ал торшаларда түзіліп, ұлпаларға жайылып,
олардың қызметіне əсер ететін биологиялық белсенді заттарды «ұлпалық
гормондарң немесе
гистогормондар дейді. Ұлпаларда зат алмасу өнімдері
ретінде бөлініп, биологиялық белсенділік көрсететін заттарды (мысалы,
көмір қышқыл газы, несернəр) парагормондар деп атайды. Ішкі секреция
бездерінен басқа органдар мен ұлпаларда түзіліп, организмдегі зат алмасу
процесі мен көптеген физиологиялық əрекеттерді реттеуге қатысатын,
химиялық құрамы жағынан əртекті биологиялық белсенді заттарды
гормоноидтар деп атайды. Олар аз уақыт қана əсер етеді де, ұлпа
белоктарымен қосылып кетеді немесе тез бұзылады. Гормоноидтар тобына
ацетилхолин, адреналинның түрленген аралық өнімдері, гистогормондар
(гастрин, гепарин, секретин т.б.), гистамин, серотонин т.б. биогенді аминдер
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: