Жануар физол


Гипофиздің  аралық  (ортаңғы)  бөлігі



Pdf көрінісі
бет262/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Гипофиздің  аралық  (ортаңғы)  бөлігі  сүт  қоректі  жануарларда  көп 

қабатты  эпителийден  құралған  жіңішке  табақша  тəрізді  құрылым.  Ол 

алдыңғы  бөліктен  гипофиз  саңлауы  арқылы,  ал  артқы  бөліктен  -  дəнекер 

ұлпа талшықтарының жұқа қабатымен бөлінген. 

Ортаңғы бөлік эпителийі глюкопротеид сипатты колоидты секрет бөледі. 

Ол торшалар арасымен гипофиз саңлауына өтеді. 

Гипофиздің  бұл  бөлігінің  гормоны  интермедин,  немесе  меланофорлық 

гормон  деп  аталады.  Интермедин  табиғаты  жағынан  пептидтерге  жатады, 

пигмент  алмасуын  реттейді.  Бұл  гормонның  жылы  қанды  жануарлар  үшін 

физиологиялық  маңызы  əлі  анықталмаған,  себебі  оларда  бояғыштар 

(пигменттер)  басқа  факторлардың  əсерімен  түзіледі.  Кейбір  болжамдарға 

сəйкес  интермедин  көз  таяқшалары  мен  сауытшаларының  қызметін 

жандандырып, көздің қараңғылыққа үйренуін жақсартады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет