Жануар физол



Pdf көрінісі
бет285/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

Сперматогенез  төрт  кезеңде  өтеді:  көбею,  өсу,  жетілу  жəне  қалыптасу. 

Көбею сатысындағы ең жас аталық жыныс торшаларын сперматогоний деп 

атайды.  Олар  ірі  ядролы  майда  торшалар,  ирек  түтікшелер  қабырғасының 

сыртын  ала  орналасады.  Бұл  торшалар  митоздық  бөліну  нəтижесінде 

көбейіп,  бірінші  реттік  спермацит  деп  аталатын  торшалар  түзеді.  Өсу 

үстінде  олар  үлкейіп,  өзгере  (редукциялана)  бөлінуге  қажетті  жағдайлар 

тудырады да, гаплоидтық толық хромосомалар жиынтығымен сипатталатын 



екінші реттік спермациттер түзіледі. Осыдан кейін торшалар жетіліп, екі 

мəрте  бөлінеді.  Екінші  рет  бөлінгенде  əрбір  хромосома  екі  жартыға  – 



хроматидтерге  ажырайды  да,  хромсомалардың  жартылай  (диплоидтық) 

жиынтығы бар торшалар - сперматидтер түзіледі. Сперматидтер əрі қарай 

бөлінбейді.  Олар  сперматогенездің  төртінші  -  қалыптасу  кезеңіне  өтіп, 

олардың цитоплазмалық  құрылымдары күрделі өзгерістерге ұшырайды да, 

құйрық  пайда болып спермийге айналады. 

Түзілу  барысында  ирек  түтікшелер  өзегіне  алдымен  спермийдің  құйрық 

жіпшелері,  соңынан  бастары  өтеді  де,  спермий  толығымен  түтікшелерге 

түседі.  

Жетілген спермийлер мөлшері жағынан сперматогониялардан əлде қайда 

кіші  болады.  Жетілу  үстінде  олар  өз  цитоплазмасы  мен  қосалқы 

компоненттерінің  көп  бөлігін  жоғалтып,  бас  бөліктен,  дене  тұлғадан  жəне 

құйрықтан  тұратын  торшаға  айналады.  Спермий  басы  ядролық  заттардың 

шоғырланған  жері.  Спермий  денесі  мен  құйрығы  цитоплазмадан  түзіледі. 

Спермий  басының  апикальдық  ұшында  цитоплазманың  бір  бөлігі  мен 

Гольджи  аппараты  шоғырланады.  Олардан  торшаның  бас  қапшығында 

акросома қалыптасады. Бұл органоид спермий басының аналық торшаға енуі 

үшін  қажет.  Ал  құйрық  спермийге  қимылдағыштық  қасиет  береді. 

Спермийдің жалпы ұзындығы 50–70 мкм болады. 

Бір  түлік  өкілдерінде  спермийдің  жетілу  мерзімі  шамамен  бірдей,  ал  əр 

түлік малда ол əртүрлі. Мысалы, сперматогенез мерзімі бұқада 54, қошқарда 

49,  қабанда  34,  айғырда  42,  бурада  56,  қоянда  41,  төбетте  56,  қоразда  25 

күнге созылады. 

Бастапқы  аталық  жыныс  торшалары  ирек  түтікшелер  ішіндегі  сертолий 

торламасының  іркілдек  затында  орналасады.  Бұл  зат  бастапқы  жыныс 

торшалары  мен  жетіле  бастаған  спермийлерді  нəрлендіріп,  бұзылудан 

сақтайды. Жетілген спермийлер гиалуронидаза ферментін бөлу нəтижесінде 

іркілдек  затты  сұйылтып,  ирек  түтікше  өзегіне  өткеннен  соң,  сілтілік  орта 

əсерімен  қозғалғыштық  қасиетке  ие  болады.  Содан  кейін  аталық  торшалар 

тік түтікшелер, ен торыеннің шығару өзегі арқылы ен қосалқысына өтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет