391
12.5. Ұрғашы мал жыныс ағзалары жəне олардың
қызметі
Ұрғашы малдың жыныс ағзаларына аналық жыныс безі, жұмыртқа жолы,
жатыр, қынап жəне сыртқы жыныс мүшелері жатады.
Аналық (жұмыртқалық) без – сопақша (овал) пішінді жұп құрылым.
Онда аналық жыныс торшалары - жұмыртқа-торша, барлық даму
сатыларынан өтеді жəне гормондар түзіледі. Бездің мөлшері оның
функционалдық жағдайына жəне түлік түріне байланысты өзгеріп отырады.
Ол сиырда 2–5 х 1,2 см, мегежінде 5 х 2 см, саулықта 0,5–1 х 0,3–0,5 см,
биеде 10 х 5 см. Бездің құрылысы өте күрделі. Ол дəнекер ұлпадан тұратын
тұлғадан
жəне
паренхимадан
құралады.
Паренхима
қыртысты
(фолликулалық) жəне бозғылт аймақтарға бөлінеді. Алғашқы құрылымда
фолликулалар мен сары дене, ал соңғысында қан, лимфа тамырлары мен
жүйке талшықтары шоғырланады. Бозғылт аймақ аналық безді қоректендіру
мен жүйкелендіруде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: