12.14. Үй құстарының көбею ерекшеліктері
Қалыпты жағдайда мекиендерде тек сол жақ аналық без бен сол
жұмыртқалық жол дамиды. Эмбриональдық даму кезеңінде оң жақ без бен
жұмыртқалық жол да қалыптасады, бірақ олар жетілмей қалады.
Аналық без əр түрлі даму сатысындағы фолликулалар жиынтығы болып
табылады да, сырт жағынан жүзім шоғырына ұқсайды. Мысалы, тауықтың
аналық безінде 500-ден 3500-ге фолликулалар кездеседі.
Аналық без екі қабат қабықпен (эпителийлік жəне дəнекер ұлпалық)
қапталады. Фолликулалар дəнекер ұлпалық тұлғада орналасады да,
эпителийлік торшалармен қоршалған ооциттерден тұрады. Жыныстық
жетілу кезінде жəне жұмыртқалар алдында аналық безде сарыуыз пайда
болады. Фолликулалық эпителий əр түрлі химиялық құрамды липопротеид
массасын түзеді, осымен байланысты жұмыртқаның сарыуызында ақшыл
жəне сары қабаттар пайда болады. Жетілген сарыуыз пішіні жағынан
шарға ұқсас. Оның сəл қысыңқы беткейінде диаметрі 1–2 мм шамасында ақ
дақ - ұрық табақшасы (шын мəнісіндегі аналық торша) орналасады.
Аналық безде жетілу үстіндегі сарыуыз екі қабықпен қапталады. Оның
ішкісі - сарыуыздық қабық. Ол сарыуызды толық қоршай орналасқан, өте
жұқа, бір қабат торшалардан тұратын құрылым. Екінші сыртқы қабық - көп
қабатты, тығызырақ құрылым. Ол ерекше байлам арқылы аналық без
ұлпасын сарыуызбен байланыстырады. Қабықтың сырт жағында жетілген
сарыуыз үзіліп түскенде пайда болатын сопақша бозғылт түсті жолақ
түрінде тыртық - стигма болады. Сарыуыз жетілгеннен соң фолликула
қабығы стигма тұсында үзіледі де, сарыуыз жұмыртқалық жолдың шанағына
413
түседі. Сарыуыз толығымен 14 күн ішінде пайда болады. Аналық бездің
фолликулалық қабығы сарыуыз бөлінгеннен соң солады да, соңынан
толығымен сорылып кетеді. Құстарға тəн ерекшеліктің бірі - жарылған
фолликулалар орнында сары дененің пайда болмауы.
Құстың жұмыртқалық жолы шажырқайға ілініп тұрған түтікше түрінде
болады. Ол шанақ, белоктық бөлік, мойнақ, жатыр жəне қынап бөлімдеріне
бөлінеді. Оның алдыңғы бөлігі аналық бездің астында шанақ бейнесінде
ашылады да, арт жағы саңғуырға (клоакоға) жалғасады (143-сурет).
Жыныстық жетілуден соң жұмыртқалық жол кеңиді. Оның жалпы массасы
тауықтарда 50 г, ұзындығы 15–60 см, ал диаметрі 6 см шамасында.
Жұмыртқалық жол қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат құрсақ
қуысының сірлі (перитонеальдық) қабығының жалғасы болып табылады.
Ортаңғы қабат бойлама жəне көлденең бағытта орналасқан ет
талшықтарынан түзілген. Ішкі қабат негізінен кілегей қабықтың эпителийлік
торшаларынан құралған. Эпителийлік торшалардың астында өзектері
жұмыртқалық жол қуысына ашылатын көптеген түтікше жəне альвеолалы
бездер орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |