Жануар физол


 Буаздық  мерзімі (күнмен есептегенде)



Pdf көрінісі
бет308/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

38. Буаздық  мерзімі (күнмен есептегенде) 

 

Жануарлар 



 

Орта 


есеппен 

 

Ауытқуы 



 

Жануарлар 

 

Орта 


есеппен 

 

Ауытқуы 



 

Бие 


Мəші 

Сиыр 


Іңген 

Қой,ешкі 

Мегежін 

Піл 


340 

380 


285 

365 


150 

114 


660 

307-412 


360-390 

240-310 


335-395 

140-160 


110-140 

Бұғы 


Ит 

Түлкі 


Мысық 

Қаракүзен 

Бұлғын 

Қоян 


 

225 


62 

51 


58 

42 


30 


195-243 

59-65 


51-54 

55-60 


37-80 

250-300 


28-33 

Буаздық  мерзіміне  климат  жағдайлары,  қоректену  деңгейі  əсер  етеді. 

Сапасыз  азықтандырған  жағдайында  буаздық  ұзарады.  Еркек  төл  ұрғашы 

төлге қарағанда ұзағырақ  көтеріледі. 



 

12.11. Мал организміне буаздықтың əсері 

 

Буаздық  кезеңінде  ұрғашы  мал  организмінде  көптеген  функционалдық 



өзгерістер байқалады. Ең алдымен ішкі секреция бездерінің қызметі өзгереді, 

олардың 


өзара 

байланыстарында 

ерекшіліктер 

туындайды. 

Фолликулалардың дамуы үстінде аналық  безден бөлінген эстроген гормоны 

жатыр  еттерінің  өсуін  күшейтіп  (гиперплазия),  оның  кілегей  қабығында 

торшалардың  көбейе  өсуін  (пролиферация)  туындатады.  Ал  сары  денеден 

бөлінген прогрестерон гормонының əсерімен ұрық жатырға бекиді (нидация, 



имплантация).  Бұл  гормон  жатыр  етінің  окситоцинге  сезімталдығын 

төмендетіп,  жатыр  қимылын  баяулатады,  аналық  безде  фолликулалардың 

жетілу  процесін,  овуляцияны  тежейді.  Буаздық  кезеңінде  жолдас  та  көп 

мөлшерде  эстроген  жəне  прогестерон  гормондарын  бөледі.  Сонымен  қатар 

тақ тұяқты жануарларда көбею процесін нейрогуморальдық реттеуде түліктік 

ерекшеліктер де байқалады. Мысалы, биелерде буаздықтың алғашқы айында 

гипофиздің гонадотроптық гормондар бөлу қабілеті күшейіп, сары дене онша 



 

408


көп  белсенділік  көрсетпейді.  Осымен  байланысты  биелерде  буаздықтың 

алғашқы айларында аналық безде фолликулалар жетіліп, овуляция процесі де 

байқалуы  мүмкін.  Сонымен  қатар  қанда  фолликулаларда  түзілетін 

эстрогендер концентрациясы өседі де, жатырға ішіндегі бластоциста ерекше 

əсер  етеді.  Осыдан  жатырдың  кілегей  қабығында  эндометриялық  ойыс  деп 

аталатын  арнаулы  құрылым  пайда  болып,  ол  уақытша  эндокриндік  без 

қызметін атқарады. Бұл құрылым торшалары гонадотропин түзіп, оны қанға 

бөледі  де,  қосымша  фолликулалардың  өсіп-дамуына  ықпал  етеді.  Олар 

жарылған  соң  орындарында  пайда  болған  сары  денелер  көп  мөлшерде 

прогестерон  гормонын  бөледі.  Бұл  ұрықтың  жатырға  бекуіне  мүмкіндік 

туғызады.  Прогестеронның  əсерімен  эндометриялық  ойыстар  бұзылып, 

жатыр  гонадотропинінің  бөлінуі  тиылады.  Буаздықтың  3–3,5  айлық 

кезеңінен  бастап  прогестерон  мен  эстрогендердің  ара  қатынасын  жолдас 

реттей бастайды. 

Буаздықтың  алғашқы  жартысында  ас  қорыту  ағазаларының  қызметі 

күшейіп,  азық  жақсы  қорытылады,  оның  сіңімділігі  артып,  малдың  қоңы 

жақсарады.  Бірақ  буаздықтың  екінші  жартысында  мал  арықтай  бастайды. 

Буаздық кезінде бауырда гликоген көп жинақталып, қан құрамында бейтарап 

майлардың,  липидтер  мен  холестериннің  концентрациясы  жоғарылайды. 

Буаздықпен  байланысты  қанның  жалпы  мөлшері  көбейіп,  бірақ  оның 

морфологиялық  құрамы  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшырамайды,  қанның 

ұйығыштығы  артып,  эритроциттердің  тұну  жылдамдығы  шапшандайды, 

гемоглобин  деңгейі  көп  ауытқымайды,  қанда  кальций  мен  фосфор  мөлшері 

төмендеп,  калий  деңгейі  жоғарылайды.  Іштөлдің  мұқтаждығын  қамтамасыз 

ету  үшін  жүректің  жұмысы  күшейеді,  тыныс  жиілейді,  бүйрек  қызметі 

артып,  зəр  мен  нəжіс  бөлу  жиілейді.  Желінде  де  күрделі  өзгерістер 

байқалады (келесі тарауды қараңыз). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет