14-ТАРАУ.
ҚОЗҒЫШ ҰЛПАЛАРДЫ³ ЖАЛПЫ ҚАСИЕТТЕРІ
14.1. Қозу физиологиясының негізгі түсініктері. Қозу белгілері.
Эволюциялық даму кезеңінде түрлі ұлпалар терең жіктеліп, жеке
органдар белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осының нəтижесінде
биологияның негізгі талабының бірі - организм мен сыртқы ортаның
біртұтастығын сақтау заңдылығы жүзеге асады. Сыртқы орта жағдайлары
үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан бұл зандылықты сақтау үшін организм
қоршаған орта жағдайларына бейімделуге мəжбүр болады. Мұндай
бейімделу процестері тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттері мен
əрекеттерінің өзгеруі нəтижесінде жүзеге асады. Өз ретінде организмде
жүретін құбылыстар негізінде қозу жəне тежелу процестері жатады. Бұл екі
физиологиялық процестің ұлпалар мен органдардағы ара қатынасынан бүкіл
организмнің тіршілік əрекеті қалыптасады.
Филогенездік даму үстінде тірі құрылымдардың қоршаған орта
жағдайларына бейімделуінің нəтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар -
жүйке, ет жəне без ұлпалары пайда болады. Бұл қозғыш ұлпалар үш түрлі
физиологиялық күйде болуы мүмкін: физиологиялық тыныштық, қозу жəне
тежелу жағдайларында. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу
өрбіген сандық өзгерістер əсерінен күрт, шапшаң өтіп отырады (151-сурет).
151 - сурет. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық күйлері:
А — физиологиялық тыныштық; Б — қозу; В — тежелу.
449
Достарыңызбен бөлісу: |